
Оқу құралында қазіргі заманғы ғылымдық деңгейде металдарды қысыммен өңдеу теориясының механика-математикалық негізі (кернеу мен деформация теориясы, реологиялық теңдеулер, тұтас орта механикасының негізгі теоремалары, пластикалық ағыс теориясының есептерін қою және шығару әдістемелері) баяндалған. Жаймалау және созу үдерістерінің қазіргі заманғы теориясы, геометриялық сипаттамасы және деформация ауқымының кинематикасы, пішінбіліктің металды тартып алу шарты, металдың деформациялық - кернеулік күйі, кеңею заңдылығы келтірілген. Деформация ауқымының түйісу бетіндегі кернеулерді, күшті, моментті және деформациялау қуатын анықтау әдістері қарастырылған. "Металлургия" және "Машинажасау" мамандықтары бойынша оқитын жоғары оқу орындарының бакалаврларына оқу құралы арналған. Жоғары оқу орындарының магистранттарына, металлургия және машинажасау кәсіпорындарының және ғылыми-зерттеу, жобалау институттарының инженер-техник мамандары үшін қажеттігі бар.

Қазақтың ежелгі мекені "Ұлы Далада" ұлт болып қалыптасуы 40 ғасырдан әріден басталады деген ғылыми тұжырым бар. Яғни бұл деген ұлттық менталитетіміз бен әдет-ғұрпымыздың, Елдігімізді даралайтын құндылықтарымыздың бастауы 40 мың жылдар аясынан әріден басталатындығы. Демек, бұл ұлттық бір тұтастығымыздың тірегі - еркіндігімізді даралап, мәдениетімізді басқаға жүндетпей, ұлттық намыс отын үнемі өшірмей өршітіп отырған Алаштың айбарлы ұрпағының үнемі жалғаса беретіндігінен. Соның бір мысалына университетіміздің тұңғыш түлегінің бірегейі, ғұлама Ақжан Машани есімін атауға болар еді. Өйткені кешегі Кеңестік дәуірде қазақты далалық жабайы мәдениеттен ел қатарына Қазан Революциясы жеткізді делініп, мәңгүрттікті маңдайымызга таңба ету заманында Әл-Фараби бабамыздың Қазақ елінің перзенті екендігін қаймықпай дәлелдеп берген және ұлттық құндылығымызды одан әрі дамытуға өзіндік үлес қосқан Алаш азаматының қатарында А. Машани есімінің аталуы осыдан еді. Ғұламаның тұлғалық болмысын айқындауға арналған "Машанитану" пәні әрбір болашақ инженерлер мен өз ұлтының әлемдік өркениетке қосар үлесін жақтаушылар үшін өнегелік мәнімен ерекшеленді осыдан. Ал, болашақ ғалымының азаматтық қырын ашып, ұлтшылдық ұрығын өсірген өскен ортасы жәйлі хикаят "Ақжан Машани" ғұмырнамасында, оқулықтан басқа тағылымдық-тәрбиелік мәні Ш.Абдраман "Ақжан Машани" (2007) кітабында жан-жақты баяндалады.

Предлагаемое учебное пособие помогает изучить математические моделирование процессов управления, методы и модели принятия решений в условиях неполной информации с помощью современных компьютерных технологий.

Оқу құралы табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды құқықтық басқару негізі туралы түсінік береді. Оқу құралында қоршаған ортаны қорғауды құқықтық басқару негізі ретінде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің негізгі ережелері толық қарастырылған. ISO 14000 Халықаралық стандарттарға сәйкес экологиялық менеджмент жүйесіне ерекше көңіл бөлінген, ISO 14000 Халықаралық стандарттардың енгізілуіне байланысты Қазақстандағы қазіргі жағдай, өнім мен тауарлардың экологиялық таңбалау мен экологиялық маркетинг түсінігі келтірілген. Оқу құралы бакалавр-магистрант экологтарға және табиғат қорғау саласында қызмет ететін басқа мамандар үшін пайдалы.

Ұсынып отырған "Металл кесетін білдектер мен жабдықтар" атты оқу құралы техникалық жоғары оқу орындарының машинажасау мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған. Оқу құралының басты мақсаты - мемлекеттік тілде техникалық жоғары оқу орындарындағы машинажасау саласы бойынша оқитын студенттеріне бағдарлы оқыту арқылы металл кесетін білдектер мен жабдықтардың мән-мағынасын түсіндіріп, меңгерту және оларды тәжірибеде еркін қолдану дағдысын қалыптастыру.

В учебном пособии приведены общие сведения о металлорежущих станках; специфике профессии станочника; основах обработки материалов резанием и применяемом с этой целью режущем инструменте. Подробно рассматриваются конструкции, принципы наладки и эксплуатации токарных, фрезерных, сверлильных и шлифовальных станков с ручным и числовым программным управлением. Освещены вопросы технологии выполнения типовых операций; выбора режущего инструмента и режимов обработки, контрольного инструмента и приспособлений; наладки и переналадки, а также рациональных методов эксплуатации указанного оборудования.

Металлургиялық жүйелер мен процестерді зерттеудің физика-химиялық әдістері сарапталып, қазіргі заманға сай жаңа ғылыми-зерттеу негіздерімен толықтырылған. Металлургия өнімдері және құрамы бойынша күрделі қоспалардың физика-химиялық қасиеттерін балқу температураларын, тұтқырлығын, тығыздығын, балқымалардың беттік керілісін өлшеуге арналған жаңа әдістер мен аспаптардың сипаттамалары берілген. Физикка-химиялық әдістерінің теориялық негіздерімен қатар, зертханалық және өндірістік зерттеулерде кеңінен қолданылып жүрген жаңа қондырғылар мен аспаптарға, оның ішінде, тау-кен - металлургия кешенінде химиялық және минералогиялық құрамдары бойынша күрделі кендердің, концентраттардың, металлургия өнімдерінің элементтік құрамын анықтауға бағытталған рентгенфлуоресценттік экспресс аналитикалық аспаптардың құрылысы мен әдістемелеріне ерекше көңіл бөлінген. Оқу құралы тау-кен - металлургия кешенінің инженер-техникалық мамандарына және металлургия саласының студенттеріне қызығушылық танытады.

В учебном пособии рассмотрено современное состояние однородных тел с точки зрения математической теории не упругой механики сплошной среды, раскрыты основные понятия и закономерности поведения неупругого тела, физические основы поведения материалов на основе опыта Баушенгера. Изложены классические модели демпфирования и упруго-вязкого сопротивления, приведены расчеты внутреннего трения в элементах тонкостенных конструкций под действием сейсмических импульсов, использованы методы математического и вариационного анализа при моделировании явлений демпфирования. Данное учебное пособие содержит большое число задач. Учебное пособие будет полезно научным работникам и студентам технических университетов.