
Авторы:
Издательство:
Дата издания
01.01.2016На каком языке издана
Количество страниц
447Аннотация (краткое описание)
Қазақтың ежелгі мекені "Ұлы Далада" ұлт болып қалыптасуы 40 ғасырдан әріден басталады деген ғылыми тұжырым бар. Яғни бұл деген ұлттық менталитетіміз бен әдет-ғұрпымыздың, Елдігімізді даралайтын құндылықтарымыздың бастауы 40 мың жылдар аясынан әріден басталатындығы. Демек, бұл ұлттық бір тұтастығымыздың тірегі - еркіндігімізді даралап, мәдениетімізді басқаға жүндетпей, ұлттық намыс отын үнемі өшірмей өршітіп отырған Алаштың айбарлы ұрпағының үнемі жалғаса беретіндігінен. Соның бір мысалына университетіміздің тұңғыш түлегінің бірегейі, ғұлама Ақжан Машани есімін атауға болар еді. Өйткені кешегі Кеңестік дәуірде қазақты далалық жабайы мәдениеттен ел қатарына Қазан Революциясы жеткізді делініп, мәңгүрттікті маңдайымызга таңба ету заманында Әл-Фараби бабамыздың Қазақ елінің перзенті екендігін қаймықпай дәлелдеп берген және ұлттық құндылығымызды одан әрі дамытуға өзіндік үлес қосқан Алаш азаматының қатарында А. Машани есімінің аталуы осыдан еді. Ғұламаның тұлғалық болмысын айқындауға арналған "Машанитану" пәні әрбір болашақ инженерлер мен өз ұлтының әлемдік өркениетке қосар үлесін жақтаушылар үшін өнегелік мәнімен ерекшеленді осыдан. Ал, болашақ ғалымының азаматтық қырын ашып, ұлтшылдық ұрығын өсірген өскен ортасы жәйлі хикаят "Ақжан Машани" ғұмырнамасында, оқулықтан басқа тағылымдық-тәрбиелік мәні Ш.Абдраман "Ақжан Машани" (2007) кітабында жан-жақты баяндалады.ISBN
978-601-228-947-3Данный документ располагается в коллекциях
Книги
Учебное пособие
Файлы документа
abdraman_mashanitanu_kz_2016.pdf