
Авторы:
Издательство:
Дата издания
30.09.2025На каком языке издана
ISSN
2788-8770Область исследования
Тип исследования
Аннотация (краткое описание)
Мақалада ортадан тепкіш сорғы агрегаттарының дірілдік параметрлерін талдау негізінде жабдықтың техникалық күйін бағалау нәтижелері қарастырылған. Осы зерттеу шеңберінде ортадан тепкіш сорғы агрегаттарының діріл параметрлері бойынша диагностикалық ақпаратты іріктеу пайдаланылды. Өндірістік жағдайда ортадан тепкіш сорғыларға дірілдік диагностика жүргізу әдістемесі сипатталған. Сорғы агрегаттарының техникалық күйін зерттеу үшін электрқозғалтқышының мойынтіректері мен сорғы дөңгелегінің жетек біліктері таңдалған. Сонымен қатар диагностика жүргізуге арналған анализаторды пайдалану, діріл датчиктерін орналастыру реті баяндалған. Діріл анализаторының көмегімен айналмалы машиналар мен механикалық құрылымдардың діріл параметрлерін олардың техникалық күйін диагностикалау мақсатында талдау функцияларын орындайды. Жұмыс істеп тұрған ортадан тепкіш сорғылардың мойынтірек тораптарының діріл жылдамдығының спектрлері анализатордың көмегімен тіркеліп діріл сигналдарын өңдеу үшін сигналдың жиілік құрамын анықтауға мүмкіндік беретін тікелей спектр (автоспектр) және діріл сигналының конверттік спектрі әдістері қолданылды. Автоспектр графиктеріндегі діріл сигналының гармоникалық компоненттері ақаулардың болуын көрсетеді және сорғы жабдықтарын жүйелі бақылауды қажет етеді. Жүргізілген зерттеулер ортадан тепкіш сорғы агрегаттарының техникалық күйін бағалау мен болжаудың бірыңғай диагностикалық критерийін құруды қамтамасыз ететін діріл параметрлері бойынша бағалаудың негізгі диагностикалық белгілерін қалыптастыруға мүмкіндік берді.DOI
https://doi.org/10.48081/QGAN2347Тип публикаций
Практическое значение
Ортадан тепкіш сорғы қондырғысының жұмысы кезінде пайда болатын діріл параметрлерін зерттеу нәтижелері оның нақты техникалық жағдайын бағалау және болжау үшін кешенді диагностикалық тәсілді қолданудың орындылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, осы жұмыс шеңберінде іске асырылған механикалық діріл параметрлерін диагностикалауға кешенді тәсілдің нәтижелері сорғы жабдықтарының тораптары мен элементтеріндегі ақаулардың даму динамикасын анықтауға және діріл сигналдарының спектрлік талдауының нәтижелерін растауға мүмкіндік берді. Сорғы жабдықтарының диагностикалық параметрлерін талдау нәтижелері діріл параметрлері бойынша техникалық күйді бағалауда кешенді тәсіл қажет екенін көрсетті. Мұндай тәсіл кеңейтілген жиілік диапазонында діріл жылдамдығы мен діріл үдеуі параметрлерінің спектрлік талдауына, сондай-ақ діріл сигналдарының конвертін талдауға негізделуі тиіс. Осы жұмысты орындау шеңберінде алынған сорғы жабдығын диагностикалау нәтижелерін талдау зерттелетін жабдықта ағымдағы жағдайды тиімді бағалауды және деградациялық процестердің дамуын болжауды жүзеге асыруға жарамды бірыңғай диагностикалық критерийді жасау үшін дірілді талдауға кешенді тәсілдің нәтижелеріне шұғыл қажеттіліктің бар екендігін айғақтайды. Сорғы қондырғыларының жұмысының цифрлық мониторингін әзірлеу жабдықтың тиімділігі мен сенімділігін арттырудағы маңызды қадам болып табылады. Заманауи технологияларды мониторинг және басқару процестеріне интеграциялау пайдалану шығындарын едәуір төмендетуге және жалпы өнімділікті жақсартуға мүмкіндік береді. Болашақта мұндай жүйелер көптеген салалар үшін стандартқа айналуы мүмкін, бұл өз кезегінде өндірістік процестерді оңтайландыруға және ресурстарды тиімді басқаруға жаңа мүмкіндіктер ашады.Данный документ располагается в коллекциях
Публикации в КОКСОН
Файлы документа
Статья КОКСНВО Торайгыров 2025.pdf