
Авторы:
Издательство:
Дата издания
30.09.2024На каком языке издана
ISSN
2788-8770Область исследования
Тип исследования
Аннотация (краткое описание)
Аддитивті технологияның қазіргі кездегі өзекті мәселелерінің бірі – оны стандартты бүдірлі болат арматуралық сырықтармен арматуралау болып тұр. Стандартты бүдірлі болат арматуралық сырықтардан автоматты режимде арматуралық тор жасау үшін арнайы автоматты арматуралаушы механизм жасалды. Автоматты арматуралаушы механизм арматуралық сырықтарды көлденең және тік бағытта орналастырып, оларды өзара байланыстыру үшін нүктелі түйіспелі дәнекерлеуді қолданады. Нүктелі түйіспелі дәнекерлеу кезінде жылу мыстан жасалған электродтар арқылы дәнекерленетін тік және көлденең орналасқан арматуралық сырықтарға беріледі. Дәнекерлеу үрдісі өте жылдам жүретіндіктен дәнекерленіп жатқан тік және көлденең орналасқан арматуралық сырықтардың қызуы мен сууын визуалды бақылау мүмкін емес. Тік және көлденең орналасқан арматуралық сырықтардың қанша температураға дейін қызатынын анықтау үшін және олардың қызуы мен суу уақытын нақты білу үшін InfraTec VarioCAM HD head деп аталатын жоғары ажыратымдылықтағы тепловизор қолданылды. Бұл тепловизор дәнекерленген арматуралық сырықтар 0,5 секунда 150 о Сден астам градусқа қызып, тек 49 секундтан кейін барып 37,9 о С-қа дейін суыйтынын көрсетті. Бұл дәнекерленген арматуралық сырықтарды суыту үшін автоматты арматуралаушы механизмге қосымша суыту жүйесінің қажеттігін көрсетті.DOI
https://doi.org/10.48081/GMSL2529Тип публикаций
Практическое значение
Бұл зерттеудің практикалық маңызы – аддитивті технологияда қолданылатын арматуралық торларды автоматты түрде дайындау процесінің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталуында. Зерттеу нәтижесінде арнайы автоматты арматуралаушы механизмнің жұмыс істеу ерекшеліктері анықталып, нүктелі түйіспелі дәнекерлеу кезінде арматуралық сырықтардың қызу және суу параметрлері нақты өлшенді. Тепловизор арқылы алынған мәліметтер дәнекерлеу аймағындағы температураның өте жоғары болатынын және арматураның ұзақ уақыт суитынын көрсетті. Бұл өз кезегінде арматуралық тордың беріктігіне, құрылым сапасына және өндіріс қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін. Зерттеу қорытындылары негізінде автоматты арматуралаушы механизмге қосымша суыту жүйесін енгізу қажеттігі дәлелденді. Мұндай шешім өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз етіп, арматураның қызып кетуінен болатын ақауларды азайтуға, дәнекерлеу сапасын жақсартуға және жабдықтың сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, алынған нәтижелер құрылыс саласында аддитивті технологияны кеңінен енгізуге және автоматтандырылған арматуралау жүйелерін жетілдіруге практикалық негіз бола алады.Данный документ располагается в коллекциях
Публикации в КОКСОН