
Авторы:
Издательство:
Дата издания
01.01.2014Место издания (где издан)
АлматыНа каком языке издана
Количество страниц
155Аннотация (краткое описание)
Оқу құралында заманауи биометриялық технологиялардың дамуы мен қалыптасу тарихы қарастырылған. Жеке тұлғаның биометриялық параметрлерінен мәліметтерді алу процедуралары баяндалған. Қолданылып жатқан статикалық және динамикалық биометриялық бейнелердің жетістіктері мен кемшіліктері көрсетілген. Биометриялық параметрлер мен нейрожелілік биометрия-код түрлендіргіштердің айқын емес экстракторлары талданған. МЕСТ Р 52633.0-2006 сәйкес нейрондық желілерді жасанды үйретудің ерекшеліктері берілген. Бірнеше нейрожелілік контейнерлердің қауіпсіз бірігу мультибиометриясының механизмдері мен ашық әрі қорғалған нейрожелілік контейнерде нейрондық желімен үйретілген мәліметтерді жайғастыру интерфейсі сипатталады. МЕСТ Р 52633.1-2009 бойынша «Өзім» және «Бөгде» сынақ қорын қалыптастыру мен биометриялық бейнелер сынақ қорының көлемін көбейту кезінде «Бөгде» биометриялық бейнелерінің көбею генетикалық алгоритмі, МЕСТ Р 52633.3-2011 бойынша сынақ жүргізу сұрақтары қарастырылған. Әртүрлі нейрондардың бірдей байланысынан іздеу арқылы нейрондық желілердің шығындалуына Г. Маршалко шабуылы мен шабуылға қарсы әрекет жолдарын арастыру талқыға салынып отыр. Жеке биометриялық мәліметтерді көп шекті кванттау функциясы бар нейрондар мен қорғау процедуралары берілген. Оқу құралы ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті мен Пенза мемлекеттік университетінің шығармашылық ұжымы дайындаған. «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», Ақпараттық жүйелер» мамандықтарының бакалаврлары, магистранттары және докторанттарына, сонымен қатар, тұлғаларды аутентификациялау және ақпаратты қорғау жаңа биометриялық құралдарын құру қызықтыратын барлық мамандарға арналады.ISBN
978-601-228-698-4Данный документ располагается в коллекциях
Книги
Учебное пособие
Файлы документа
ahmetov_tulgalardin_biometrika_kz_2014.pdf