
Авторы:
Издательство:
Дата издания
25.10.2025На каком языке издана
ISSN
1680-9165Область исследования
Тип исследования
Аннотация (краткое описание)
Қазіргі таңда өнеркәсіпте күрделі пішінді және ірі габаритті металл бөлшектерді тиімді, жылдам әрі үнемді жолмен өндіруге деген сұраныс артып келеді. Бұл қажеттілікті өтеу үшін аддитивті өндіріс технологиялары, оның ішінде доғалы аддитивті өндіріс (WAAM – Wire Arc Additive Manufacturing) кеңінен қолданылуда. Алайда WAAM әдісінің басты кемшіліктерінің бірі – қабатаралық шекаралар мен құрылымдағы анизотропия, микрожарықтар және кеуектер сияқты ақаулардың жиі кездесуі. Осыған байланысты, бұл зерттеуде WAAM процесімен біріктірілген MIG дәнекерлеу және әр қабаттан кейін бірден жүргізілетін қабатаралық илемдеу арқылы алынатын құрылым сапасын жақсарту мүмкіндігі зерттелді. Әрбір қабат дәнекерленген соң үлгі бірден пластикалық деформацияға ұшыратылып, дән өлшемін ұсақтау, құрылымның тығыздығы мен біртектілігін арттыру көзделді. ER70S-6 болатынан дайындалған үлгілер Leica DMI8 оптикалық микроскопымен зерттеліп, илемдеудің макро және микродеңгейдегі әсері талданды. Нәтижелер бойынша илемделген үлгілерде қабатаралық шекаралардың жойылып, кеуектілік пен анизотропиялық құрылымның азайғаны, әрі біртекті және ұсақ түйіршікті құрылымның қалыптасқаны анықталды. Бұл илемдеу әдісінің WAAM технологиясында кездесетін құрылымдық кемшіліктерді жоюда және дайын өнім сапасын арттыруда тиімді құрал екенін көрсетті. Алдағы уақытта бұл тәсілді көпбағытты қысым арқылы жетілдіру және деформация әсерін сандық модельдеу арқылы нақтылау ұсыныладыDOI
https://doi.org/10.48081/SNDD5011Тип публикаций
Практическое значение
Бұл зерттеудің практикалық маңызы WAAM (Wire Arc Additive Manufacturing) технологиясы арқылы алынатын металл бөлшектердің сапасын арттыруға бағытталған. Ұсынылған қабатаралық илемдеу әдісі әр қабаттан кейін бірден пластикалық деформация жүргізу арқылы материалдың құрылымын жетілдіруге мүмкіндік береді, нәтижесінде анизотропия, кеуектілік және микрожарықтар сияқты негізгі ақаулардың пайда болуы айтарлықтай төмендейді. Алынған нәтижелер бойынша илемдеу процесі қабатаралық шекараларды жойып, ұсақ түйіршікті және біртекті құрылымның қалыптасуына ықпал етеді, бұл дайын өнімнің механикалық қасиеттерін жақсартады. Бұл WAAM технологиясының өнеркәсіпте кеңінен қолданылуына, әсіресе күрделі пішінді және ірі габаритті металл бөлшектерді өндіруде тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Практикалық тұрғыдан алғанда, бұл әдіс өндірістегі ақаулы өнім үлесін азайтады, қосымша өңдеу шығындарын төмендетеді және дайын бөлшектердің беріктігі мен сенімділігін арттырады. Сондықтан ұсынылған тәсіл машина жасау, авиация, энергетика және ауыр өнеркәсіп салаларында жоғары сапалы металл конструкцияларды өндіруде тиімді технология ретінде қолданылуы мүмкін.Данный документ располагается в коллекциях
Публикации в КОКСОН