
Оқулық техникалық жоғары оқу орындарында оқылатын "Математика -I, II, III" курстарының типтік оқу бағдарламаларына сәйкес жазылған. Оқулықта теориялық материалдардың дәлелдеулері қысқа, айқын жолдармен берілген. Оқулықтың мазмұнына техникалық мамандықтарға аса қажетті материалдар енген. Теориялық материалдардың практика мәселелеріне қолданылуларына басты назар аударылған. Оқулық оқытудың кредиттік технология жүйесінің талаптарына сай жазылған және ол техникалық жоғары оқу орындарының мұнай-ісі және металлургия мамандықтарына арналған, сонымен қатар басқа да техникалық мамандықтардың студенттері мен оқытушыларының пайдалануларына болады.

Ұсынып отырған "Қазақ тілі" оқулығы жоғары оқу орындарының ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар саласы мамандықтары бойынша оқитын студенттеріне арналған. Оқулықтың басты мақсаты -мемлекеттік тілді орыс тілді бөлімде оқитын студенттерге қатысымдық бағытта, мамандықтарының ерекшелігін ескере отырып меңгерту. Оқулық мазмұны мемлекеттік тілді техникалық жоғары оқу орнының студенттеріне мамандықтарына сай қатысымдық қырынан меңгерте келе, өндіріс орындарында, әлеуметтік ортада қазақша кәсіби қарым-қатынасқа еркін түсуге үйретуді көздейді. Оқулықта берілген тапсырмалар студенттердің кәсіби ұғымдар мен терминдердің мәні мен мағынасын түсіне келе, мамандыққа байланысты әдебиеттерді оқып мазмұнын түсіну қабілеттерін, кәсіби бағытта қазақша дұрыс сөйлеу және сауатты жазу дағдыларын жетілдіреді. Сонымен қатар кәсіби ұғымдардың мағынасын түсіну үшін мәтіндер мазмұнымен жүргізілетін әр түрлі жаттықтыру жұмыстары студенттердің мемлекеттік тіл бойынша базалық білімін одан әрі кәсіптанымдық қырынан тереңдетіп жетілдіру, интеллектуалдық деңгейі мен ой-өрісін кеңейтіп, техникалық ойлау логикасы мен шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған.

Оқулықта құрылыстық металл құралымдарды жобалау, олардың әртүрлі жүктеу кезіндегі жұмысы, қосылыстар мәселелері қаралған. Өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттар элементтерінің есептеу және құралымдау негіздері берілген. 5В072900 "Құрылыс" мамандығы бойынша оқитын техникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Оқулықты ғылыми зерттеу және жобалау мекемелерінің инженерлік-техникалық қызметкерлеріне де пайдалануға болады.

Металлургиялық процестердің негіздері шкізатты қайта өңдеудің, металл алу және оны өңдеудің осы заман деңгейіндегі бар білім бір жүйеге келтірілген оқу курсы ретінде беріліп отыр. Ғылыми зерттеулер осы оқулық курсының ерекшелігі болып табылады. Егер бұрынғы қолданылған оқулық курстарында газды атмосфераның құрамы мен қасиеттеріне арналған "Химиялық қосылыстардың пайда болуы мен диссоциациясы", "Редукциялау (қалпына келтіру) процестері", "Металлургиялық балқымалар" деген бөлімдерден басталса, осы оқулық "Металлургиялық қатты ресурстардың құрамы мен қасиеттері" деген бөліммен басталып отыр. Осы бөлімге көңіл аударылып, оны оқу процесінің теориясына енгізу қажеттіліктен туындады. Себебі, процесс бастапқы құрамында металы бар қатты ресурстар мен редукциялайтындардан негіз алады. Оларды дайындау мен процесс жүргізу тәртібі қатты ресурстардың физика-химиялық қасиеттеріне едәуір дәрежеде тәуелді. Одан басқа, классикалық оқулық әдебиеттерінде редукциялау процестері негізінен газды атмосферада қарастырылып келді, ал қатты фазалық редукцияға жеткілікті көңіл бөлінбеді. Осы кемшілік "Металдардың көміртегімен қатты фазалық редукциясының механизмі мен кинетикасы" деген жаңа бөлім жазу арқылы толтырылды. Металдардың қатты фазалық редукциялау процестері, басқа да бөлімдері сияқты нақты мысалдардың есептерін және жаңа дәстүрлі емес процестерді қоса көрсете отырып, оны қолдану тәсілдері берілді. Оқулық ЖОО-ның "Металлургия" мамандықтарының студенттеріне арналған және де металлургия аймағындағы докторанттар, магистранттар және ғылыми қызметкерлер үшін де пайдалы.

Оқулық "Операцияларды зерттеу негіздері" курсының бағдарламасына сәйкес жазылған. Оқулықта математикалық бағдарламалаудың негізгі теориялық және есептік аспектілері келтірілген. Әрбір бөлімнің алғашқы параграфтары бөлімде қолданылатын анықтамалар мен ұғымдарға арналған. Есептеу алгоритмдеріне айрықша мән берілген. Есептерді шешу әдістерінің алгоритмдері келтірілген, оған қоса типтік есептерді шешу жолдары егжей- тегжейді көрсетілген. Көптеген есептер есепті шешудің барлық кезеңдерінде қарастырылған - есептің қойылымынан бастап, табылған нәтижені талдауға дейін. Әрбір бөлімнің соңында оқып үйренген материалды пысықтауға арналған сұрақтар мен жаттығулар келтірілген. Оқулық 5В070300- "Ақпараттық жүйелер" және 5В070400 - "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтама" мамандықтары бойынша білім алатын бакалаврларға, техникалық және экономикалық кибернетика бойынша мамандандырылған университеттердің студенттеріне арналған; оқулықты технологиялық және экономикалық процестерді оңтайландырудың математикалық әдістерін оқып зерттеп жүрген магистранттар да қолдана алады. Докторанттарға, ғылыми қызметкерлерге және жоспарлау мен басқарудың математикалық әдістеріне қызығушылық танытып жүрген тұлғаларға өз пайдасын тигізеді.

В учебнике изложены основы физико-химии полимеров, используемых в настоящее время в полиграфической промышленности: даны понятия о молекулярных и надмолекулярных структурах высокомолекулярных соединений; об их фазовых, физических и жидкокристаллических состояниях, а также физикохимическо-механических методах исследований. Наряду с отражением современных тенденций в развитии нанотехнологий и производства полимерных наноматериалов применяемых в допечатных, печатных и послепечатных процессах полиграфии, в учебнике много внимания уделено экономному расходованию природных ресурсов, минимизации загрязнения окружающей среды, повышению экономичности полиграфического производства и качества выпускаемой печатной продукции.

Оқулықта шельфтегі мұнай-газды кенорындарды пайдалану мен игеру және олардың қасиеті туралы негізгі мәліметтер берілген. Сонымен қатар, теңіздегі кен орындарда ұңғыларды бұрғылау техникасы мен технологиясы, мұнай-газ өндірудің негізгі технологиялық процестері, ұңғылардың өнімділігін арттыру әдістері, ұңғыларды пайдалану тәсілдері, газдарды сепарациялау және қабат суды тазалау сұрақтары баяндалған.. Ұңғыма өнімін жинау, дайындау және тасымалдау жайлы түсініктер қарастырылған. Кәсіптік құрал-жабдықтардың осы саладағы соңғы жетістіктері ескерілген және технологиялық сызба нұсқалары, кен орындардағы құрал-жабдықтарды қолдану мысалдары келтірілген. Теңізде қоршаған ортаны қорғау мәселесі жан-жақты көрсетілген. Оқымаған материалдарды тексеру, бақылау және өзіндік бақылау үшін сұрақтар мен термин сөздерге түсінік берілген. Сондай-ақ, қажетті кестелер, суреттер, әдебиеттер тізімі ұсынылған. Оқулық ЖОО мұнай және газ саласы мамандығы магистранттарына, студенттеріне және колледж оқушыларына арналған.

В учебнике рассматриваются основные понятия из области систем баз данных, описываются функции банка данных и СУБД, свойства данных, поддерживаемые в базе, используемые языки, уровни представления данных. Представлен ряд моделей данных: реляционная, иерархическая, сетевая и др. Вводятся определения процесса нормализации отношений для релящюнной модели, реляционная алгебра, реляционное исчисление, язык запросов SQL.Описываются возможности языка программирования Microsoft Visual Basic и СУБД Microsoft Access, поддерживающих мощные средства визуального проектирования баз данных и информационных приложений. Представлен процесс проектирования базы данных, приводятся примеры создания информационных приложений и информационных систем на основе баз данных для различных предметных областей. Учебник предназначен для студентов, обучающихся в бакалавриате по специальности 5В070300 «Информационные системы», а также для студентов других специальностей, изучающих дисциплины, связанные с проектированием и эксплуатацией систем баз данных и СУБД.