
Авторы:
Издательство:
Дата издания
01.01.2016Место издания (где издан)
АлматыНа каком языке издана
Количество страниц
491Аннотация (краткое описание)
Металлургиялық процестердің негіздері шкізатты қайта өңдеудің, металл алу және оны өңдеудің осы заман деңгейіндегі бар білім бір жүйеге келтірілген оқу курсы ретінде беріліп отыр. Ғылыми зерттеулер осы оқулық курсының ерекшелігі болып табылады. Егер бұрынғы қолданылған оқулық курстарында газды атмосфераның құрамы мен қасиеттеріне арналған "Химиялық қосылыстардың пайда болуы мен диссоциациясы", "Редукциялау (қалпына келтіру) процестері", "Металлургиялық балқымалар" деген бөлімдерден басталса, осы оқулық "Металлургиялық қатты ресурстардың құрамы мен қасиеттері" деген бөліммен басталып отыр. Осы бөлімге көңіл аударылып, оны оқу процесінің теориясына енгізу қажеттіліктен туындады. Себебі, процесс бастапқы құрамында металы бар қатты ресурстар мен редукциялайтындардан негіз алады. Оларды дайындау мен процесс жүргізу тәртібі қатты ресурстардың физика-химиялық қасиеттеріне едәуір дәрежеде тәуелді. Одан басқа, классикалық оқулық әдебиеттерінде редукциялау процестері негізінен газды атмосферада қарастырылып келді, ал қатты фазалық редукцияға жеткілікті көңіл бөлінбеді. Осы кемшілік "Металдардың көміртегімен қатты фазалық редукциясының механизмі мен кинетикасы" деген жаңа бөлім жазу арқылы толтырылды. Металдардың қатты фазалық редукциялау процестері, басқа да бөлімдері сияқты нақты мысалдардың есептерін және жаңа дәстүрлі емес процестерді қоса көрсете отырып, оны қолдану тәсілдері берілді. Оқулық ЖОО-ның "Металлургия" мамандықтарының студенттеріне арналған және де металлургия аймағындағы докторанттар, магистранттар және ғылыми қызметкерлер үшін де пайдалы.ISBN
978-601-323-004-7Данный документ располагается в коллекциях
Книги
Учебники
Файлы документа
tleugabulov_metallurgiyalyk_kz_2016.pdf