
Оқулықта құрылыстық металл құралымдарды жобалау, олардың әртүрлі жүктеу кезіндегі жұмысы, қосылыстар мәселелері қаралған. Өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттар элементтерінің есептеу және құралымдау негіздері берілген. 5В072900 "Құрылыс" мамандығы бойынша оқитын техникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Оқулықты ғылыми зерттеу және жобалау мекемелерінің инженерлік-техникалық қызметкерлеріне де пайдалануға болады.

Металлургиялық процестердің негіздері шкізатты қайта өңдеудің, металл алу және оны өңдеудің осы заман деңгейіндегі бар білім бір жүйеге келтірілген оқу курсы ретінде беріліп отыр. Ғылыми зерттеулер осы оқулық курсының ерекшелігі болып табылады. Егер бұрынғы қолданылған оқулық курстарында газды атмосфераның құрамы мен қасиеттеріне арналған "Химиялық қосылыстардың пайда болуы мен диссоциациясы", "Редукциялау (қалпына келтіру) процестері", "Металлургиялық балқымалар" деген бөлімдерден басталса, осы оқулық "Металлургиялық қатты ресурстардың құрамы мен қасиеттері" деген бөліммен басталып отыр. Осы бөлімге көңіл аударылып, оны оқу процесінің теориясына енгізу қажеттіліктен туындады. Себебі, процесс бастапқы құрамында металы бар қатты ресурстар мен редукциялайтындардан негіз алады. Оларды дайындау мен процесс жүргізу тәртібі қатты ресурстардың физика-химиялық қасиеттеріне едәуір дәрежеде тәуелді. Одан басқа, классикалық оқулық әдебиеттерінде редукциялау процестері негізінен газды атмосферада қарастырылып келді, ал қатты фазалық редукцияға жеткілікті көңіл бөлінбеді. Осы кемшілік "Металдардың көміртегімен қатты фазалық редукциясының механизмі мен кинетикасы" деген жаңа бөлім жазу арқылы толтырылды. Металдардың қатты фазалық редукциялау процестері, басқа да бөлімдері сияқты нақты мысалдардың есептерін және жаңа дәстүрлі емес процестерді қоса көрсете отырып, оны қолдану тәсілдері берілді. Оқулық ЖОО-ның "Металлургия" мамандықтарының студенттеріне арналған және де металлургия аймағындағы докторанттар, магистранттар және ғылыми қызметкерлер үшін де пайдалы.

Оқулық "Операцияларды зерттеу негіздері" курсының бағдарламасына сәйкес жазылған. Оқулықта математикалық бағдарламалаудың негізгі теориялық және есептік аспектілері келтірілген. Әрбір бөлімнің алғашқы параграфтары бөлімде қолданылатын анықтамалар мен ұғымдарға арналған. Есептеу алгоритмдеріне айрықша мән берілген. Есептерді шешу әдістерінің алгоритмдері келтірілген, оған қоса типтік есептерді шешу жолдары егжей- тегжейді көрсетілген. Көптеген есептер есепті шешудің барлық кезеңдерінде қарастырылған - есептің қойылымынан бастап, табылған нәтижені талдауға дейін. Әрбір бөлімнің соңында оқып үйренген материалды пысықтауға арналған сұрақтар мен жаттығулар келтірілген. Оқулық 5В070300- "Ақпараттық жүйелер" және 5В070400 - "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтама" мамандықтары бойынша білім алатын бакалаврларға, техникалық және экономикалық кибернетика бойынша мамандандырылған университеттердің студенттеріне арналған; оқулықты технологиялық және экономикалық процестерді оңтайландырудың математикалық әдістерін оқып зерттеп жүрген магистранттар да қолдана алады. Докторанттарға, ғылыми қызметкерлерге және жоспарлау мен басқарудың математикалық әдістеріне қызығушылық танытып жүрген тұлғаларға өз пайдасын тигізеді.

В учебнике изложены основы физико-химии полимеров, используемых в настоящее время в полиграфической промышленности: даны понятия о молекулярных и надмолекулярных структурах высокомолекулярных соединений; об их фазовых, физических и жидкокристаллических состояниях, а также физикохимическо-механических методах исследований. Наряду с отражением современных тенденций в развитии нанотехнологий и производства полимерных наноматериалов применяемых в допечатных, печатных и послепечатных процессах полиграфии, в учебнике много внимания уделено экономному расходованию природных ресурсов, минимизации загрязнения окружающей среды, повышению экономичности полиграфического производства и качества выпускаемой печатной продукции.

Оқулықта шельфтегі мұнай-газды кенорындарды пайдалану мен игеру және олардың қасиеті туралы негізгі мәліметтер берілген. Сонымен қатар, теңіздегі кен орындарда ұңғыларды бұрғылау техникасы мен технологиясы, мұнай-газ өндірудің негізгі технологиялық процестері, ұңғылардың өнімділігін арттыру әдістері, ұңғыларды пайдалану тәсілдері, газдарды сепарациялау және қабат суды тазалау сұрақтары баяндалған.. Ұңғыма өнімін жинау, дайындау және тасымалдау жайлы түсініктер қарастырылған. Кәсіптік құрал-жабдықтардың осы саладағы соңғы жетістіктері ескерілген және технологиялық сызба нұсқалары, кен орындардағы құрал-жабдықтарды қолдану мысалдары келтірілген. Теңізде қоршаған ортаны қорғау мәселесі жан-жақты көрсетілген. Оқымаған материалдарды тексеру, бақылау және өзіндік бақылау үшін сұрақтар мен термин сөздерге түсінік берілген. Сондай-ақ, қажетті кестелер, суреттер, әдебиеттер тізімі ұсынылған. Оқулық ЖОО мұнай және газ саласы мамандығы магистранттарына, студенттеріне және колледж оқушыларына арналған.

В учебнике рассматриваются основные понятия из области систем баз данных, описываются функции банка данных и СУБД, свойства данных, поддерживаемые в базе, используемые языки, уровни представления данных. Представлен ряд моделей данных: реляционная, иерархическая, сетевая и др. Вводятся определения процесса нормализации отношений для релящюнной модели, реляционная алгебра, реляционное исчисление, язык запросов SQL.Описываются возможности языка программирования Microsoft Visual Basic и СУБД Microsoft Access, поддерживающих мощные средства визуального проектирования баз данных и информационных приложений. Представлен процесс проектирования базы данных, приводятся примеры создания информационных приложений и информационных систем на основе баз данных для различных предметных областей. Учебник предназначен для студентов, обучающихся в бакалавриате по специальности 5В070300 «Информационные системы», а также для студентов других специальностей, изучающих дисциплины, связанные с проектированием и эксплуатацией систем баз данных и СУБД.

Оқулықта қатты пайдалы қазбалар кенорындарын ашық игеру кезіндегі қазу-тиеу және көлік жұмыстарының технологиялары оларды іске асырудың техникалық құралдарымен үйлесімде қарастырылған. Мұндай жиынтық ашық кен жұмыстарының технологиялық кешендері деп аталады. Тұтас және тереңдете игеру жүйелері кезіндегі аршу және өндіру кен жұмыстарының технологиялық кешендерінің құраушыларының сипаттамалары мен технологиялық параметрлері зерттелген. Оларды әртүрлі тау-кен геологиялық және тау-кен техникалық жағдайларда колданудың мәні ашылған. Оларды тиімді қолдану аймақтары сипатталған. "Ашық кен жұмыстарының технологиялық кешендері" оқулығы 5В070700- "Тау-кен ісі" мамандығының типтік және жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жазылған. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті оқу стандартының барлық талаптарына, осы бағдар бойынша мамандарды дайындау деңгейіне және біліктілік сипатына толық сәйкес келеді. "Ашық кен жұмыстарының технологиялы кешендері" пәнінің материалдары логикалық жүйелілікпен келтірілген. Оқулықты басқа мамандықтардың студенттері, сонымен қатар жоба жасайтын ұйымдар мен тау-кен кәсіпорындарының инженерлік-техникалық қызметкерлері пайдалана алады.

В учебнике приведены основные сведения о круговороте воды в природе, параметры поверхностных и подземных стоков, водные свойства пород, химический состав вод, грунтовые артезианские, трещинные карстовые воды. Детально рассматриваются динамика движения подземных вод, методика гидрогеологических исследований для различных целей. Все вопросы рассматриваются и решаются задачами на основе конкретных примеров. Цель предлагаемого учебника - прививать студентам практические навыки по проектированию отдельных видов работ. Для студентов и специалистов геологических специальностей.

Алдыңыздағы кітап - жоғары математика пәні бойынша техникалық жоғары оқу орындарының бакалавриат деңгейіндегі типтік оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың кредиттік жүйесіне арналып жазылған, үш бөлімнен тұратын кітаптарымыздың біріншісі. Бұл кітапта жоғары математиканың "Сызықтық алгебра, векторлық алгебра және аналитикалық геометрия элементтері" қарастырылған. Әрбір тақырып мынадай құрылымда жазылған: дәріске арналған теориялық материал; сұрақтар мен тапсырмалар; студенттердің өзбетінше орындауына арналған 30 нұсқадан тұратын үй тапсырмалар (ҮТ); үй тапсырмаларын орындау үлгілері. Кітап техникалық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына арналған.

Оқулық авторлардың "Жоғары математика курсы" кітабының жалғасы, III томның 2-бөлімі. Мұнда санды және функциялық тізбектер мен қатарлар, Фурье қатарлары, көп айнымалы функция, екі және үш еселі интегралдар, қисық сызықты және беттік интегралдар, өрістер теориясының тақырыптары толық қамтылған. Математика курсының негізгі ұғымдары мен теориялары жан- жақты талқыланған, оларды толық меңгеру үшін, әрбір тақырып соңында мысалдар қарастырылып, оларды шешу жолдары мен әдістері және осы тақырыпқа тиісті сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылған. Оқулық 5В060200 "Ақпараттану" мамандығының Типтік бағдарламасына негізделіп, "Математикалық анализ" пәні бойынша жазылды және 5В070300 "Ақпараттану жүйелері", 5В070400 "Есептеу: техникасы және бағдарламалық қамтама", 5В070500 "Математикалық және компьютерлік модельдеу" мамандықтарына пайдалануға болады. Техникалық және педагогикалық жоғары оқу орындарының Типтік оқу бағдарламаларына сәйкес жазылған.