
Оқу құралында заманауи биометриялық технологиялардың дамуы мен қалыптасу тарихы қарастырылған. Жеке тұлғаның биометриялық параметрлерінен мәліметтерді алу процедуралары баяндалған. Қолданылып жатқан статикалық және динамикалық биометриялық бейнелердің жетістіктері мен кемшіліктері көрсетілген. Биометриялық параметрлер мен нейрожелілік биометрия-код түрлендіргіштердің айқын емес экстракторлары талданған. МЕСТ Р 52633.0-2006 сәйкес нейрондық желілерді жасанды үйретудің ерекшеліктері берілген. Бірнеше нейрожелілік контейнерлердің қауіпсіз бірігу мультибиометриясының механизмдері мен ашық әрі қорғалған нейрожелілік контейнерде нейрондық желімен үйретілген мәліметтерді жайғастыру интерфейсі сипатталады. МЕСТ Р 52633.1-2009 бойынша «Өзім» және «Бөгде» сынақ қорын қалыптастыру мен биометриялық бейнелер сынақ қорының көлемін көбейту кезінде «Бөгде» биометриялық бейнелерінің көбею генетикалық алгоритмі, МЕСТ Р 52633.3-2011 бойынша сынақ жүргізу сұрақтары қарастырылған. Әртүрлі нейрондардың бірдей байланысынан іздеу арқылы нейрондық желілердің шығындалуына Г. Маршалко шабуылы мен шабуылға қарсы әрекет жолдарын арастыру талқыға салынып отыр. Жеке биометриялық мәліметтерді көп шекті кванттау функциясы бар нейрондар мен қорғау процедуралары берілген. Оқу құралы ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті мен Пенза мемлекеттік университетінің шығармашылық ұжымы дайындаған. «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», Ақпараттық жүйелер» мамандықтарының бакалаврлары, магистранттары және докторанттарына, сонымен қатар, тұлғаларды аутентификациялау және ақпаратты қорғау жаңа биометриялық құралдарын құру қызықтыратын барлық мамандарға арналады.

Оқу құралы кіріспе және жеті бөлімнен тұрады. Ол мұнай және газ кенорындарын игеру және пайдалану аймағында мамандандырылатын жоғарғы оқу орындарына арналған. Мұнда мұнайды өндіру тәсілдерін таңдау, өнімдегі механикалық қоспалар, асфальтті-шайырлы- парафинді түзілімдер және олармен күрес, неорганикалық тұз түзілімінің алдын алу және жою әдістері, гидрат және олармен күрес әдістері, мұнайкәсіпшілік жабдықтарының коррозиясы және оларды қорғау, газ мөлшері жоғары мұнайларды өндіру атты тараулар қарастырылған. Мұнда мұнай және газ өндіру кезінде пайдаланатын ұңғылардағы қиындықтар түрлері, олардың пайда болу шарттары, механизмдері және әртүрлі күрес қарастырылған. Оқу құралының мақсаты - осы күрделі жағдайларда ұңғыларды дұрыс пайдалануды жете меңгеру. Сонымен қатар, әртүрлі пайдалану тәсілдерінде қажетті әдістер мен тәсілдерді тиімді және орынды пайдалануға үйрету. Оқу құралы 5В070800 - Мұнай газ ісі мамандығындағы бакалавр студенттері мен магистранттарына арналған және олардың білімдерін жетілдіруге ықпал етеді.

Оқу құралы маркшейдерлік мамандықтың оқу бағдарламасына сәйкес дайындалған. Шахта құрылысындағы маркшейдерлік қызмет шешетін мәселелерге арналған есептер мен жаттығулар: өндіріс алаңын горизонталь және көлбеу жазықтықта тегістеу, оқпан центрінің координаталарын және осьтерінің дирекциондық бұрыштарын анықтау, бір арқанды және көп арқанды көтергіш қондырғылардың геометриялық элементтерін маркшейдерлік бақылау оқпандағы орындалған жұмыстың және оқпанда жиналған судың көлемін анықтау, оқпан қабырғасының және клетпен скиптерді бағдарлайтын бағандардың профильдерін дайындау, оқпанның негізгі осін жербетінен жерастындағы оқпан ауласына көшіру, жерастындағы оқпан маңындағы қазбалардың жобалық полигонын дайындау, жерастындағы қазбада орнатылған тұрақты конвейердің жағдайы бақылау келтірлген. Тәжірибелік жұмыстардың далада (құрылыста) орындалатын өлшеулері және олардың нәтижелерін камералық өңдеудің әдістемелері келтіретін. Әдістемелер әртүрлі мәселелерді шешуге арналған, мысал есептермен толықтырылған. 050707 "Тау-кен ісі" мамандығы "маркшейдер" мамандарының зертханалық тәжірибелік сабақтарына арналған. Кейбір тәжірибелік жұмыстарды "Тау-кен ісі" мамандығының "Маркшейдерлік іс" және ""Геодезия" пәндерін оқитын студенттер де пайдалануға болады.

Оқу құралында машинажасау технологиясы пәніне қатысты өндірісті техникалық тұрғыда даярлау мәселелерінің өзекті сатылары қарастырылған. ҚР Үкіметінің саясатын жүзеге асыруда отандық өнімнің бәсекелестік қасиетін жоғарылату үшін, сонымен қатар шетел өнімдерінің орнына өзіміздің өнеркәсіп кәсіпорындарында шығарылатын өнімдердің дәрежесін көтеру үшін машинажасау технологиясындағы деталдарды механикалық өңдеу үрдістерін көп мақсатты станоктарда жете қолдану өте өзекті мәселелердің қатарына жатады. Осы заманғы көп мақсатты станоктар - күрделі әрі қымбат тұратын жабдық. Сондықтан да олардың бар мүмкіндігін толық, тиімді пайдалану қажет. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны машинажасау кәсіпорындары цехтарының, бөлімдерінің жұмысына барынша жақындатылған өндірістік шеберханаларда жұмыс істей білу үшін теориялық білім алуға және тәжірибелік машықтануға бағытталған және қолданыс табуын қорытындылай келіп, студенттердің өзіндік жұмыс жасау қабілеттерін жоғарылатады әрі толықтырады. Қазіргі заманғы өндірісшінің (слесарь, жұмысшы, конструктор, технолог, метролог) өнеркәсіптік өнімді шығарудағы орны мен рөлін бағалауға себеп болады. Оқу құралы колледж және жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.

Ұсынылып отырған оқу құралы – техникалық, технологиялық, педагогикалық және экономикалық жоғары оқу орындарында оқылатын ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика курсының типтік оқу бағдарламаларына сәйкес жазылған. Әрбір дәрісте теориялық мағлұматтар дәлелдеуімен, формулалары келтіріліп шығарылып берілген, есептерді шығару үлгісі және өзіндік жұмыс тапсырмалары ұсынылған. Оқу құралы оқытудың кредиттік технологиясы талаптарына сай жазылған. Оны жоғарыда аталған амандықтардың студенттері мен оқытушылары пайдалануына болады.

В учебное пособие изложены теоретические основы экономики предприятия. Значительное место уделено производственным, трудовым ресурсам, основным и оборотным средствам, заработной плате предприятий. В учебном пособии рассматривается современный механизм, обеспечивающий жизнедеятельность предприятия в условиях рынка и конкуренции, изучение которого поможет решать текущие и стратегические хозяйственные задачи неизбежно возникающие не только в работе экономистов, но и других специалистов производственного сектора. Рассмотрена специфика себестоимости продукции, прибыли, рентабельности, планирования предприятий Уделено большое внимание государственному регулированию экономических отношений и его правовым основам, финансированию и инвестированию предприятий, генообразованию, налогообложению и экономической эффективности работ на предприятии. Учебное пособие по курсу «Экономика предприятия» предназначен для студентов, магистрантов интересующихся проблемами развития экономики производства продукции, оказания услуг и работ для различных отраслей промышленности.

"Электр энергетика жүйелерінің сенімділігі" пәніне арналған оқу құралында қарастырылған мәселелер: ықтималдылық теориясынан және математикалық статистикадан қысқаша мағлұматтар; сенімділік теориясында кездесетін негізгі терминдер мен анықтамалар; қалыпқа келтірілмейтін және қалыпқа келтірілетін жүйелердің сенімділік көрсеткіштері; күрделі жүйелердің сенімділігін есептеу тәсілдері; сенімділік сынақтарының түрлері, сынақ жоспарлары және жүйелерді сенімділік сынақтарынан өткізу; эсплуатациялық сенімділіктің негізгі мәселелері. Сонымен қатар, оқу құралында теориялық материалдарды пысықтауға арналған практикалық жаттығулар мен статистикалық өңдеу жұмыстарын орындауға арналған тапсырмалар қарастырылған. Оқу құралы электр энергетика мамандығы бойынша оқитын студенттер мен магистранттарға арналған. Сонымен қатар, оқу құралы сенімділік мәселелерімен айналысып жүрген басқа да мамандықтардың студенттері мен магистранттарының білімдерін жетілдіруге ықпал етеді.

Оқу құралы қаржы және экономикалық мандықтары бойынша тілдік емес жоғарғы оқу орындарының қазақ бөлімінің студенттеріне, ағылшын тілін экономика және қаржы мамандықтары бойынша өз тәжірибесінде қолданып жүрген студенттерге арналған. Оқулық 14 бөлімнен тұрады, ұйымдастыру және қаржылық банктік жүйенің жұмыс істеуінің негізгі мәселелерін қамтиды. Оқулық студенттерді мамандық бойынша кәсіби тақырыптарда әңгіме құрастыруға жетелейді. Берілген жаттығулар жүйесі студенттердің барлық тілдік дағдылары бойынша қабілеттерін толық қалыптастыруды қамтамасыз етеді.