
Правовые основы безопасности жизнедеятельности и защиты окружающей среды для студентов-бакалавров специальности 5В073100 «Безопасность жизнедеятельности и защиты окружающей среды» являются основополагающими обширными знаниями по законодательству Республики Казахстан, которые включают в себя нормативно-правовую базу в области безопасности и охраны труда, чрезвычайных ситуаций, Гражданской обороны, промышленной и пожарной безопасности, защиты окружающей среды. Данное учебное пособие предназначено для специальности «Безопасность жизнедеятельности и защиты окружающей среды», для специалистов по безопасности и охране труда, предупреждению чрезвычайных ситуаций, промышленной и пожарной безопасности; по защите окружающей среды. Рекомендовано студентам всех специальностей КазНТУ имени К.И.Сатпаева для справочной информации по дипломному проектированию в части «Безопасность и охрана труда".

Оқу құралы 5В070700 - "Тау-кен ісі" мамандықтарының Мемлекеттік стандарты және оқу бағдарламасымен сәйкес құрастырылған. Оқу құралы 10 бөлімнен тұрады. Оқу құралында еңбекті қорғау мен өндіріс қауіпсіздігінің негізгі жағдайлары, оның ішінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша заңнама мен негізгі ережелер келтірілген, тау-кен ісінде еңбекті қорғауды ұйымдастыру, және тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу мәселелері баяндалған. Тау-кен кәсіпорындарында кездесетін зиянды және қауіпті факторлар, олардың адамға әсері қарастырылған. Жазатайым жағдайларды зерттеу әдістері және оларды тергеп-тексеерудің құқықтық негіздері келтірілген. Тау-кен салаларында кездесетін газ жарылысы, тау-кен соққылары, өрт секілді апаттардың себептері мен ерекшеліктері, сонымен қатар олардың алдын алу жолдары зерттелген. Оқу құралының мақсаты - тау-кен саласында қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы негізгі заңдылықтарды меңгеру. Сонымен қатар, тау-кен технологиялық үрдістерін атқарудағы қауіпсіздік талаптарымен танысып, оларды тәжірибе жүзінде жүзеге асыруға дайындау. Оқу құралы "Тау-кен ісі" мамандықтарында оқитын жоғары оқу орны студенттерінің білімдерін жетілдіруге ықпал етеді.

Қазіргі заманғы операторлар қолданатын өлшеу техникасы тек стандартқа сәйкестікті (бірінші кезекте халықаралық стандарттар) ғана тексеріп қоймай, сонымен қатар желіден өтетін үрдістерді оқыту үшін де қолданылады. Жоғары жіберу қабілеттілігі бар сандық жүйелерге өту, т.б. байланыс жүйелерінің қиындықтары объективті түрде өсіп отырады. Сонымен қатар, телекоммуникациялық жүйелердегі өлшеулердің таратылуы мен зерттелуіне нақты мысалдар беріліп, олардың әдістемелері, интеллектуалды желі түйіндерінің ішкі диагностикасының даму жүйесі, сондай-ақ қазіргі заманғы өлшеу техникаларын қолдану да толығымен қарастырылған. Оқу құралы өлшеу техникасы жүйесін өңдеушілерге, сонымен қатар: «радиотехника», «электроника және телекоммуникация», «ақпараттық жүйелер», «есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету», т.б. мамандық студенттері мен магистранттарына пайдалы болып есептеледі.

Оқу құралы мамандардың квалификациялық сипаттамасының талабына сай, Мемлекеттік стандарттар мен ұйымдардың педагогика-психологиялық негізіне орай лекциялық, практикалық, зертханалық сабақтар жүргізуге арнап құрастырылған. Оқу құралында жоғары математиканың бір саласы, тиімділеу әдістерінің компьютерге программалауға ыңғайландырылған алгоритмдері, жан-жақты талданған мысалдар, жеке орындауға арналған есептер берілген. Ол студенттерді оқу процесінде өз бетімен жұмыс істеуге және тақырыпты меңгеруге, білім деңгейін қалыптастыруға бағыттайды. Сондай-ақ, олардың өзара байланысын нығайтады. Оқу құралы "Тиімділеу әдістері және операцияларды зерттеу пәні бойынша" пәнінің 3 кредит көлемінде жазылған жұмыс бағдарламасына сәйкес жазылған. Ұсынылып отырған оқу құралын оқу жоспарында "Операцияларды зерттеу", "Математикалық модельдеу", "Тиімділеу әдістері" пәндері бар әртүрлі оқу формасындағы студенттердің пайдалануына болады.

Оқу құралында заманауи биометриялық технологиялардың дамуы мен қалыптасу тарихы қарастырылған. Жеке тұлғаның биометриялық параметрлерінен мәліметтерді алу процедуралары баяндалған. Қолданылып жатқан статикалық және динамикалық биометриялық бейнелердің жетістіктері мен кемшіліктері көрсетілген. Биометриялық параметрлер мен нейрожелілік биометрия-код түрлендіргіштердің айқын емес экстракторлары талданған. МЕСТ Р 52633.0-2006 сәйкес нейрондық желілерді жасанды үйретудің ерекшеліктері берілген. Бірнеше нейрожелілік контейнерлердің қауіпсіз бірігу мультибиометриясының механизмдері мен ашық әрі қорғалған нейрожелілік контейнерде нейрондық желімен үйретілген мәліметтерді жайғастыру интерфейсі сипатталады. МЕСТ Р 52633.1-2009 бойынша «Өзім» және «Бөгде» сынақ қорын қалыптастыру мен биометриялық бейнелер сынақ қорының көлемін көбейту кезінде «Бөгде» биометриялық бейнелерінің көбею генетикалық алгоритмі, МЕСТ Р 52633.3-2011 бойынша сынақ жүргізу сұрақтары қарастырылған. Әртүрлі нейрондардың бірдей байланысынан іздеу арқылы нейрондық желілердің шығындалуына Г. Маршалко шабуылы мен шабуылға қарсы әрекет жолдарын арастыру талқыға салынып отыр. Жеке биометриялық мәліметтерді көп шекті кванттау функциясы бар нейрондар мен қорғау процедуралары берілген. Оқу құралы ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті мен Пенза мемлекеттік университетінің шығармашылық ұжымы дайындаған. «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», Ақпараттық жүйелер» мамандықтарының бакалаврлары, магистранттары және докторанттарына, сонымен қатар, тұлғаларды аутентификациялау және ақпаратты қорғау жаңа биометриялық құралдарын құру қызықтыратын барлық мамандарға арналады.

Оқу құралы кіріспе және жеті бөлімнен тұрады. Ол мұнай және газ кенорындарын игеру және пайдалану аймағында мамандандырылатын жоғарғы оқу орындарына арналған. Мұнда мұнайды өндіру тәсілдерін таңдау, өнімдегі механикалық қоспалар, асфальтті-шайырлы- парафинді түзілімдер және олармен күрес, неорганикалық тұз түзілімінің алдын алу және жою әдістері, гидрат және олармен күрес әдістері, мұнайкәсіпшілік жабдықтарының коррозиясы және оларды қорғау, газ мөлшері жоғары мұнайларды өндіру атты тараулар қарастырылған. Мұнда мұнай және газ өндіру кезінде пайдаланатын ұңғылардағы қиындықтар түрлері, олардың пайда болу шарттары, механизмдері және әртүрлі күрес қарастырылған. Оқу құралының мақсаты - осы күрделі жағдайларда ұңғыларды дұрыс пайдалануды жете меңгеру. Сонымен қатар, әртүрлі пайдалану тәсілдерінде қажетті әдістер мен тәсілдерді тиімді және орынды пайдалануға үйрету. Оқу құралы 5В070800 - Мұнай газ ісі мамандығындағы бакалавр студенттері мен магистранттарына арналған және олардың білімдерін жетілдіруге ықпал етеді.

Оқу құралы маркшейдерлік мамандықтың оқу бағдарламасына сәйкес дайындалған. Шахта құрылысындағы маркшейдерлік қызмет шешетін мәселелерге арналған есептер мен жаттығулар: өндіріс алаңын горизонталь және көлбеу жазықтықта тегістеу, оқпан центрінің координаталарын және осьтерінің дирекциондық бұрыштарын анықтау, бір арқанды және көп арқанды көтергіш қондырғылардың геометриялық элементтерін маркшейдерлік бақылау оқпандағы орындалған жұмыстың және оқпанда жиналған судың көлемін анықтау, оқпан қабырғасының және клетпен скиптерді бағдарлайтын бағандардың профильдерін дайындау, оқпанның негізгі осін жербетінен жерастындағы оқпан ауласына көшіру, жерастындағы оқпан маңындағы қазбалардың жобалық полигонын дайындау, жерастындағы қазбада орнатылған тұрақты конвейердің жағдайы бақылау келтірлген. Тәжірибелік жұмыстардың далада (құрылыста) орындалатын өлшеулері және олардың нәтижелерін камералық өңдеудің әдістемелері келтіретін. Әдістемелер әртүрлі мәселелерді шешуге арналған, мысал есептермен толықтырылған. 050707 "Тау-кен ісі" мамандығы "маркшейдер" мамандарының зертханалық тәжірибелік сабақтарына арналған. Кейбір тәжірибелік жұмыстарды "Тау-кен ісі" мамандығының "Маркшейдерлік іс" және ""Геодезия" пәндерін оқитын студенттер де пайдалануға болады.

Оқу құралында машинажасау технологиясы пәніне қатысты өндірісті техникалық тұрғыда даярлау мәселелерінің өзекті сатылары қарастырылған. ҚР Үкіметінің саясатын жүзеге асыруда отандық өнімнің бәсекелестік қасиетін жоғарылату үшін, сонымен қатар шетел өнімдерінің орнына өзіміздің өнеркәсіп кәсіпорындарында шығарылатын өнімдердің дәрежесін көтеру үшін машинажасау технологиясындағы деталдарды механикалық өңдеу үрдістерін көп мақсатты станоктарда жете қолдану өте өзекті мәселелердің қатарына жатады. Осы заманғы көп мақсатты станоктар - күрделі әрі қымбат тұратын жабдық. Сондықтан да олардың бар мүмкіндігін толық, тиімді пайдалану қажет. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны машинажасау кәсіпорындары цехтарының, бөлімдерінің жұмысына барынша жақындатылған өндірістік шеберханаларда жұмыс істей білу үшін теориялық білім алуға және тәжірибелік машықтануға бағытталған және қолданыс табуын қорытындылай келіп, студенттердің өзіндік жұмыс жасау қабілеттерін жоғарылатады әрі толықтырады. Қазіргі заманғы өндірісшінің (слесарь, жұмысшы, конструктор, технолог, метролог) өнеркәсіптік өнімді шығарудағы орны мен рөлін бағалауға себеп болады. Оқу құралы колледж және жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.

Ұсынылып отырған оқу құралы – техникалық, технологиялық, педагогикалық және экономикалық жоғары оқу орындарында оқылатын ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика курсының типтік оқу бағдарламаларына сәйкес жазылған. Әрбір дәрісте теориялық мағлұматтар дәлелдеуімен, формулалары келтіріліп шығарылып берілген, есептерді шығару үлгісі және өзіндік жұмыс тапсырмалары ұсынылған. Оқу құралы оқытудың кредиттік технологиясы талаптарына сай жазылған. Оны жоғарыда аталған амандықтардың студенттері мен оқытушылары пайдалануына болады.

В учебное пособие изложены теоретические основы экономики предприятия. Значительное место уделено производственным, трудовым ресурсам, основным и оборотным средствам, заработной плате предприятий. В учебном пособии рассматривается современный механизм, обеспечивающий жизнедеятельность предприятия в условиях рынка и конкуренции, изучение которого поможет решать текущие и стратегические хозяйственные задачи неизбежно возникающие не только в работе экономистов, но и других специалистов производственного сектора. Рассмотрена специфика себестоимости продукции, прибыли, рентабельности, планирования предприятий Уделено большое внимание государственному регулированию экономических отношений и его правовым основам, финансированию и инвестированию предприятий, генообразованию, налогообложению и экономической эффективности работ на предприятии. Учебное пособие по курсу «Экономика предприятия» предназначен для студентов, магистрантов интересующихся проблемами развития экономики производства продукции, оказания услуг и работ для различных отраслей промышленности.