
Оқу құралы ҚР БжҒМ бекітілген Типтік оқу бағдарламасына және мамандықтың МЖБС талаптарына, сондай-ақ, зертханалық сабақты ұйымдастырудың және өткізудің психологиялық- педагогикалық негіздеріне сай жазылған. Оқу құралында берілген зертханалық жұмыстардағы құралдар мен әдістер, сондай-ақ, өлшеу нәтижелерін өлшеу және есептеу түрлері, студенттердің орындалатын зертханалық жұмыстардың теориялық негіздерін меңгеруі барысында ойлау қабілетінің белсенділігін арттыруға, тәжірибелік біліктілік пен дағдыға ие болуына әсерін тигізіп, жұмыстың мақсатына жетуіне алып келеді. Физикалық практикум техникалық мамандықтардың студенттеріне арналған. Оған жалпы және теориялық физика кафедрасында орындалатын 14 зертханалық жұмыстың сипаттамасы кіреді.

Оқу құралы техникалық университеттердің ақпараттық жүйе, математикалық және компьютерлік модельдеу мамандықтары оқитын "Комплекс айнымалы функциялар теориясы" пәнінің бағдарламасына сәйкес жазылған. Оқу құралында КАФТ-ның әртүрлі бөлімдері қарастырылған.

Оқу құралы ҚР БжҒМ министрлігімен бекітілген Типтік оқу бағдарламасына кәсіби біліктілік сипаттамасына және оқу жұмысы жоспарлары мен дайындық бағытына сәйкес жасалынған, оқытылатын пәннің негізгі мазмұнын көрсетеді. Оқу құралында мұнай-газ саласында қоршаған ортаға бөлінетін әртүрлі ластаушы көздер және мүмкіндігінше сол көздердің табиғатын, себебін зерттей отырып, антропогендік іс-әрекеттерді болдырмауға, осы тұрғыдан техникалық мамандықтың студенттері мен магистранттарына жүйелі білім беру үшін табиғатты қорғау аясында нақтылы ақпарат беріледі.

Оқу құралы кәсіпорындар экономикасының теориялық негіздерін қамтиды. Өндірістік, еңбек қорларына, негізгі және айналымдағы қаражаттарға, кәсіпорын еңбек ақысына қатысты мәселелерге аса көңіл бөлінеді. Кәсіпорын өнімдерінің өзіндік құны, өндірістен түсетін пайда, өндіріс тиімділігі мен жоспарлау ерекшеліктері қарастырылады. Кәсіпкерлік қатынастарды мемлекеттік реттеу және оның тәуекел жағдайларын зерттеуге, жобалардағы кезеңділікке, қаржыландыру мен инвестициялауға, баға қалыптастыруға, салық салу және кәсіпорын өндірісі мен жұмыстарының экономикалық тиімділігіне ерекше көңіл бөлінеді.

Берілген оқу құралының негізгі мақсаты педагогикалық менеджментті оқытудың теориялық және әдістемелік аспектілерін баяндау болып табылады. Оқу құралында менеджменттің қалыптасу және даму кезеңдері, басқару ісінің ғылыми ережелері мен заңдылықтары, функциялары, принциптері мен әдістері баяндалған. Сонымен қатар, педагогикалық менеджментте білім беру сапасын басқару мен ақпараттық қамтамасыз ету қажеттіліктері және нарықтық экономика жағдайындағы оқу орындарының стратегиясы қарастырылған. Оқу құралы кәсіптік оқыту мамандықтарының студенттеріне арналған.

Оқу құралы 5В073100 "Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" мамандығының Мемлекеттік стандартымен және оқу бағдарламасымен сәйкес құрастырылған. Оқу құралында кадр проблемасын шешуге мүмкіндік жасайтын, қызметкерді таңдаудағы ұйымдық шаралары және қызметкерлерді таңдаудағы ғылыми-әдістемелік принциптерімен аспектілері, ұйымдағы қызметкердің құрылымы, қызметкерлерді таңдауды жүйелі түрде ұйымдастыруды, кадрлық саясат және басқарудың түрлерін қызметкерді таңдаудағы профессиографияны қарастырады. Қызметкерлерді ұйымдарда оқыту бойынша материалдар, кәсіби оқыту әдістері, қызметкердің кәсіби дамуы, қызметкердің басқарудағы тиімділігі жайлы материалдар келтірілген. Таңдау және дайындау-бұл мақсатты ұйымдасқан, жоспарлы оқыту және арнайы білім, икемділік, дағдылар мен қарым-қатынасс тәсілдері жиынтығын білетін, адам қызметінің барлық салалары үшін білікті кадрларды дайындау. Жұмысшылардың біліктілігін арттыру мақсаты болып - негізгі білімдерін алғаннан кейінгі, жақын арада жаңа міндеттемелер алатын, бұрыннан жұмыс жасап жүргендерді оқыту. "Қызметкерлерді таңдау және кәсіби дайындау" пәні бойынша оқу құралы қызметкерді таңдау және оқыту, кәсіби дайындау бойынша материалдарды оқып-үйренуге арналған және сабақтарды жүргізу кезінде туындаған қиындықтарды шешуге көмектеседі.

Данное учебное пособие позволит студентам получить знания по исследованию функционирования системы языка в научном дискурсе и даст возможность закрепления материала в виде лексико-грамматических тестовых заданий по русскому языку. Учебное пособие составлено для студентов, изучающих практический курс «Русский язык» по специальности «Горное дело».

Берілген кітапта логистикалық жүйелердің қызмет ету механизмдерінің негізгі түсініктері келтірілген. Мұнда логистиканың негізгі функционалды облыстары және олардың өзара байланыстары қарастырылған, соондай-ақ олардың әрқайсысының функциялары мен міндеттері берілген ұйымдастырушы басқарудың теориясы тұрғысынан функционалдық қасиеттері бойынша бөлінген логистиканың сатып алу, өндірістік, тарату және көліктік ішкі жүйенің қызмет ету механизмдерінің құрастырылған модельдерінің сипаттамалары мен зерттеулері берілген. Қызмет ету механизмдерінің модельдері құрастырылған және зерттелінген. Логистикалық жүйенің барлық модельдері келісілген басқару қағидасын қолдану арқылы зерттелінген. Қызмет ету механизмдерін зерттеу үшін қолданылатын логистикалық жүйенің ойындық имитациялық модельденуі қарастырылады. Мұнда тиімді механизмдерді талдауын және синтезін өткізудің тиісті әдістерін өткізуге мүмкіндік беретін және бакалавриаттарды, магистранттарды, басқару аппаратын ұсынылған жаңа енгізулерді оқытудың тиісті құралдарын қолдануға мүмкіндік беретін келесі құрастырылған имитациялық ойындардың сипаттамалары берілген: "Логистикалық жүйеде өнімді өткізу" және "Логистикалық жүйеде материалдық ағындарды тарату".