
Бұл оқулық - «Инженерлік еңбектің социологиясы» пәні бойынша қазақ тіліндегі тұңғыш еңбек. Мұнда социология ғылымының негізгі түсініктері мен оның құрылымы, функциялары, танымдық-тәрбиелік маңызы қарастырылған. Оқулықтың басты мақсаты - инженерлік еңбектің сипаты мен нарықтық қатынас жағдайында инженерлік техникалық мамандыққа қатысты өзекті проблемаларды шешу жолдары мен тәсілдеріне оқу процесінде болашақ инженерлердің назарын аудару.

Техникалық жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге қазақ тілін оқытуға арналған мəтіндер мен жаттығулар жинағы кредиттік жүйеге сəйкес орындалды. Еліміздің болашақ мамандарының кəсіби деңгейде мемлекеттік тілде жатық сөйлей білуі, бір-бірімен өндіріс, өнеркəсіп туралы ашық пікірлесе алуымен өлшенер болса, бұл оқу құралы осы мақсатты жүзеге асыруға көмек бола алады. Жұмыста оқытушы мен студенттің өзіндік жұмыстарын, мəтіндер мен жаттығу жұмыстарын ғылыми, танымдық, тəрбиелік мəндері арқылы жүзеге асыру көзделген. Техникалық мамандықта оқитын студенттерге сөз тіркестері мен термин сөздерді сөйлеу лексиконында қолдана отырып меңгерту, оны кəсіби бағытта арналып жазылған мəтіндер мен жаттығу жұмыстары арқылы байытып, жетілдіру оқу құралының басты мақсаты. Оқу құралын техникалық жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарына қазақ тілін оқытуда пайдалануға болады.

Кітапта қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне модуль арқылы үйрету мәселесі теориялық және әдістемелік жақтан жанжақты қарастырылады. Ұсынып отырған еңбек әдістеме саласы бойынша ғылымизерттеу жұмысын жүргізуші аспиранттар мен магистрлерге, жоғары оқу орындарының филология факультетінің студенттері мен ұстаз-әдіскерлерге, жоғары оқу орындарының орыс бөлімдері студенттеріне мемлекеттік тілді үйретіп жүрген оқытушыларға арналған.

Оқулықта кен қазбаларының міндеті мен топтамалары, таужыныстарының негізгі физика-механикалық және кентехникалық сипаттамалары, олардың қазба тұрақтылығына көрсететін әсері жөнінде мәліметтер берілген. Жыныс сілемдерінің кернеу жағдайы, қазбаларға түсетін тау қысымы және оны анықтау тәсілдері, бекітпе материалдары мен бекіту құрылымдары қаралған. Жазық, көлбеу және тік кен қазбаларын жүргізу технологиялары мен техникалары және жұмысты ұйымдастыру процестері баяндалған. Оқпанмен түйісетін және камералық қазбаларды қазу технологиясы келтірілген. Қазбаларды арнайы әдістер арқылы жүргізу жолдарына көңіл аударылған. Оқулық жоғары оқу орындарының тау-кен ж мамандарына арналған, сондай-ақ басқа да «Кен қазбаларын жүргізу» мәтінін оқитын мамандар керекті материалдарын таба алады.

Оқу құралында құрылыста пайдаланылатын бейорганикалық, органикалық, композитті материалдардың қасиеттері мен олардың пайдаланылуы қарастырылған. Мұнда түрлі құрылыс материалдары мен бұйымдар бір ізді баяндалды: алдымен материалға жалпы түсінік беріліп, əрі қарай ол қандай шикізаттан жасалып, қалай өндірілетіні, алынған заттың, бұйымның қасиеттері мен олардың қай жерде қолданылатыны айтылады. Осы бірізділікті сақтай отырып, əр тарауда қаралған құрылыс материалдарының сапасы – оның құрамы мен құрылымына байланыстылығы жəне оларды өзгерту арқылы қажетті қасиеттері бар бұйым өндіруге болатындығына көңіл аударылды. Оқу құралы “Құрылыс материалдары” пəнінің бағдарламасына сəйкес, мына құрылыс мамандықтарына арналып жазылған: 050729 “Құрылыс”, 050730 “Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру”, 050420 “Сəулет”, 050506 “Экономика”, 050507 “Менеджмент”, 050732 “Стандартизация, метрология жəне сертификация”, 050720 “Ағаш өңдеу технологиясы” пəндері бойынша студенттерге құрылыс материалдар мен бұйымдар туралы білім береді.

В учебном пособии обсуждаются вопросы укрепления физического и психического здоровья студенческой молодежи. Автор излагает современную концепцию физического воспитания студентов и формирования здорового образа жизни. Главным направлением в работе, по мнению автора, должно быть формирование мотивации к укреплению здоровья. Этот вопрос обсуждается в работе, приводятся методы и средства для формирования мотивационно–ценностного отношения к двигательной активности, способы приобретения знаний по проблемам физического воспитания и спорта. Рекомендуется студентам высших учебных заведений по специальности «Физическая культура и спорт».

Оқулық жоғары оқу орындарына арналып құрастырылған. Оқулықта ұңғыларды бұрғылау саласының қысқаша даму тарихы, ұңғы бұрғылау тəсілдері, ұңғы құрылыс циклы туралы түсініктер берілген. Сонымен қатар тау жыныстары геологиясымен механикасы, ұңғы бұрғылау, бекіту, сынау игеру процестері қаралған. Мұнай жəне газ ұңғыларын бұрғылауда қолданылатын тау жыныстарын талқандаушы аспаптар, түптік қозғалтқыштар, бұрғылау, шегендеу құбырлары, жуу сұйықтары, бұрғы қондырғылары толық қарастырылған. Оқулық жоғары оқу орындарының "Мұнай жəне газ ұңғыларын бұрғылау", "Мұнай жəне газ кəсіптік машиналары мен жабдықтары", "Мұнай жəне газ кен орындарын игеру жəне пайдалану" мамандықтары бойынша оқитын студенттеріне арналған

Қазақстанның металлургия өнеркәсіп орындарында жұмыс істеп жүрген қазақ жұмыскерлері мен мастерлеріне, өзінің ана тілінде және мамандығына сәйкес мыс металлургиясымен таныстыруға арналған алғашқы талаптар. Техника сөздерінің кепшілігі орыс тілінде кездеседі. Сондықтан халық аұзында өз тілінде айтылатын (металл, аспап, машина т.б.) заттардың аты болмаса, басқа техникалық терминдер негізінен орысша алынуы керек.

Учебное пособие является компонентом УМК по курсу «Русский язык» для студентов неязыковых вузов по развитию и совершенствованию умений и навыков в устной и письменной научной речи. В пособии представлена система заданий, построенных на материале научно-популярных фильмов «В глубь кристаллов», «Частный случай из жизни… плазмы», «Память воды», «Память металлов», «Повторить… живое?», которые интересны не только в познавательном плане, но и в формировании профессиональной компетенции будущих специалистов. Предназначено для студентов технических вузов, изучающих научный стиль речи на занятиях по русскому языку.

Изложены основные понятия метрологии, погрешности измерений и средств измерений, виды и методы измерений, принципы построения и использования средств измерений для геофизических исследований скважин, характеристики скважинных геофизических информационно-измерительных систем. Рассматриваются концепция и принципы построения системы стандартизации и сертификации в Казахстан, роль стандартизации, сертификации и метрологии в обеспечении качества продукции и услуг. Учебное пособие предназначено для студентов старших курсов и аспирантов, обучающихся по специальности 050706 – «Геология и разведка месторождения полезных ископаемых»
Показано 2911–2920 из 3379