
Авторы:
Издательство:
Дата издания
01.01.2015Место издания (где издан)
АлматыНа каком языке издана
Количество страниц
160Аннотация (краткое описание)
Көптеген машинажасау зауытында қалыптау цехтары негізгі дайындаушы цехтар қатарына кіреді. Машинажасауды дамытудың негізгі міндетін шешкенде, ұсталық-қалыптау өндірісін ары қарай дамытуды металл шығынын, еңбек сыйымдылықты азайтумен және бұйым сапасын жоғарылатумен байланыстырады. Ұсталық-қалыптау өндірісі, жоғары өнімділікті және жасайтын соғылманың жақсы сапасын қамтамасыз ететін дайындаманы және тетікті жасаудың негізгі бір әдістері болып есептеледі. Бұл жасалатын соғылманың, яғни тетіктің жоғары механикалық қасиетімен және дайындаманың дәлдігімен байланысты. Осы соғылмалар машинаның ең жауапты түзілімінде қолданылады (иінді білік, бұлғақ, тістегеріш, т.б.). Оқу құралында айналмалы дене типті соғылмаларды айналмасоққышта ыстықтай қалыптағанда колданылатын технологиялық үрдісті есептеудің әдістемесіне ерекше көңіл бөлінген. Жабық қалыптау қазіргі кезде ең үдемелі дамушы технология болып есептеледі, ал айналмалы дене типті соғылмалар қазіргі машинажасау кәсіпорнының көбісінің атаутізімінде қалыптайтын соғылмалардың жалпы санының 30- 40 %-ын құрайды. "Материалдарды кысыммен өңдеу технологиясы", "Металлургия", "Машинажасау" және басқа техникалық мамандықтар бойынша оқитын жоғары оқу орындарының бакалаврларына арналған. Жоғары оқу орындарының магистранттарына, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми және инженер-техникалық қызметкерлеріне, металлургиялы және машинажасау өндірісі кәсіпорындарының инженерлеріне пайдалы мүмкін.ISBN
978-601-228-740-0Данный документ располагается в коллекциях
Книги
Файлы документа
mashekov_ystyk_kz_2015.pdf