
Авторы:
Дата издания
05.09.2024На каком языке издана
ISSN
2308-9865Область исследования
Тип исследования
Аннотация (краткое описание)
Аңдатпа. Мақалада сублимациялық әдіспен кептірілген түйе сүтінің тағамдық және биологиялық құндылығы зерттелді. Түйе сүтін сублимациялық әдіспен кептіру нәтижесінде құрғақ түйе сүтінде ақуыз, май және көмірсудың массалық үлестері 28,1%, 28,18% және 31,52% құрады. Құрғақ түйе сүтінің биологиялық құндылығын сипаттау мақсатында оның аминқышқылдық құрамы мен құрамындағы суда еритін витаминдар В тобы атап айтқанда В1, В2, В3 және С мөлшерлері анықталды. Аминқышқылдық құрамды зерттеу нәтижесінде құрғақ түйе сүтінде 14 аминқықылы (7 – ауыстырылмайтын, 7 – ауыстырылатын) анықталды. Анықталған аминқышқылдарының жалпы саны 41,36% құрады. Зерттеу қорытындысы бойынша құрғақ түйе сүтінің тағамдық және биологиялық құндылығын сипттайтын нәтижелер, құрғақ түйе сүті бойынша жеткіліксіз зертеулер қатарын толықтырады.DOI
https://doi.org/10.55956/ISBR1989Тип публикаций
Практическое значение
Зерттеу нәтижелері сублимациялық әдіспен кептірілген түйе сүтінің тағамдық және биологиялық құндылығы жоғары екенін көрсетеді. Құрғақ түйе сүтінің құрамында ақуыз, май, көмірсу, аминқышқылдары және суда еритін витаминдердің болуы оны функционалды тағам өнімдері, балалар мен диеталық тамақтану өнімдері, сондай-ақ ұзақ сақталатын сүт өнімдерін өндіруде қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл зерттеу құрғақ түйе сүті туралы ғылыми мәліметтерді толықтырып, оны тағам өнеркәсібінде тиімді пайдалануға негіз болады.Данный документ располагается в коллекциях
Публикации в КОКСОН
Файлы документа
Құрғақ түйе сүтінің тағамдық және биологиялық құндылығы.pdf