Авторы:
Издательство:
На каком языке издана
ISSN
2788-8770Область исследования
Тип исследования
Аннотация (краткое описание)
Бұл мақалада қалдық кернеулердің мәні, қалдық кернеулердің металл бұйымдарының пайдалану қасиеттеріне әсері және қалдық кернеулердің зиянды әсерлері қарастырылды. Тәжірибелік зерттеулер мен практикалық тәжірибе негізінде қысу қалдық кернеулері шаршау беріктігін арттырады, ал созылу қалдық кернеулері қолайсыз әсер ететіні анықталды. Қалдық кернеулердің төзімділікке әсері материалдың механикалық қасиеттеріне және кернеу күйінің сипатына байланысты. Машина жасау-бұл кез-келген объект үшін жобалаудан өндіріске дейінгі мәселелерді шешудің әдістері мен принциптерін қолдану. Машина жасау саласындағы мамандар құрылымдардың сенімді, қауіпсіз және тиімді, сонымен қатар бәсекеге қабілетті бағамен жұмыс істейтініне кепілдік бере отырып, өз жұмысына физика принциптерін қолданумен талдау жасайды. Өнеркәсіптің негізгі салаларының бірі – машина жасау, ол барлық өнімдердің шамамен 35 % үлесіне ие. Машина жасаудың даму деңгейі халық шаруашылығының барлық салаларындағы ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) деңгейін айқындайды. Машина жасау барлық салаларды машиналармен, технологиялық жабдықтармен және құралдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Станок жасау –қазіргі әлемдегі ҒТП-ны анықтайтын және біліктілігі жоғары мамандарды және негізінен елдегі дамыған өнеркәсіпті қажет ететін машина жасаудың негізгі саласы. Беріктік пен тозуға төзімділік мәселелері машина жасаудағы ресурсты қамтамасыз етудің негізгі мәселесі болып табылады. Сондықтан беріктікті, тозуға төзімділікті және сенімділікті есептеудің заманауи әдістері туралы терең білім қажетDOI
https://doi.org//10.48081/NCGY8588Тип публикаций
Практическое значение
Жалпы металл бұйымдарының сапасы (нөлдік деңгей) механикалық қасиеттерімен, сыртқы бетінің сапасымен және прокаттың өлшемдерімен (бірінші деңгей) сипатталады. Қасиеттердің ең көп санына әдетте химиялық құрамымен, механикалық қасиеттерімен, құрылымымен және ішкі ақауларымен сипатталатын металдың сапасы жатады, кейде арнайы қасиеттер қосымша көрсетіледі (екінші деңгей). Өз кезегінде, бұл қасиеттердің әрқайсысы қасиеттерді сандық сипаттайтын жеке қарапайым сапа көрсеткіштеріне ыдырауы мүмкін. Пластикалық немесе термиялық өңдеудің әртүрлі процестерінен кейін металда қалдық кернеулердің пайда болуы бұрыннан белгілі, алайда қалдық кернеулер сапа көрсеткіштерінде көрсетілмеген. Өнімнің өмірлік циклінің әртүрлі кезеңдеріндегі құрылымдық-технологиялық факторлардың және жүктеме тарихының беріктік сипаттамаларына әсерін ескере отырып, КДС және қалдық кернеулерді есептеу схемасы әзірленді, бұл әртүрлі технологиялық операциялар процесінде туындайтын кернеулердің таралу диаграммаларын алуға мүмкіндік береді (өтпелі екпелермен қосылыстар алу, қорғаныс жабындарын иондық-плазмалық бүрку, металдарды қысыммен өңдеу процестері және т. б.). Конструктивті факторларды ескере отырып, ауыспалы қондыру кезінде КДК есептеулері орындалды. t/dк арақатынасы жоғарылаған сайын, сақинадағы салыстырмалы кернеулердің мәні төмендейтіні анықталды. Пластинада салыстырмалы кернеулер жоғарылайды t/dк = (0,15 ÷ 0,27) 8,6-дан 10,5 %-ға дейін, содан кейін төмендеу байқалады.Impact Factor
0.3Данный документ располагается в коллекциях
Научные издания SU