
Авторы:
Издательство:
Дата издания
25.08.2025На каком языке издана
ISSN
ISSN: 2616-7263. eISSN: 2663-1261Область исследования
Аннотация (краткое описание)
Аңдатпа. Бұл мақалада Қазақстандағы жүк тасымалы саласының экологиялық тұрақтылық және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерімен өзара байланысы қарастырылады. Сонымен қатар климаттың жаһандық өзгеруі және қоршаған ортаның нашарлауы жағдайында көлік секторын тұрақты дамыту қажеттілігі зерттеледі. Зерттеудің өзектілігі Қазақстандағы жүк ағынының тұрақты дамуының негізгі проблемалары мен мүмкіндіктерін анықтау, қоршаған ортаны жақсарту және экономикалық тиімділікті арттыру бойынша практикалық шешімдерді ұсыну. Негізгі назар парниктік газдар шығарындыларын азайту мен қоршаған ортаға келетін зиянды төмендетуге аударылған. Көлік шығарындыларының ауа, су және топырақ сапасына тигізетін кері әсері мен олардың экожүйелерге залал келтіретіні баяндалады. Сонымен қатар, денсаулыққа келетін қауіптер – тыныс алу аурулары, жүрек-қан тамырлары жүйесінің бұзылыстары сияқты мәселелер егжей-тегжейлі сипатталады.Зерттеуде әртүрлі аналитикалық әдістер қолданылады, соның ішінде статистикалық деректерді талдау, халықаралық тәжірибелерді салыстырмалы зерттеу және ағымдағы жағдайды бағалау және тиімді шешімдерді ұсыну үшін экологиялық және экономикалық модельдеу әдістері. Зерттеу нәтижесінде көлік саласындағы экологиялық қауіптерге жауап беретін тиімді стратегияларды қалыптастыру қажеттігі ғылыми негізде баяндалады және Қазақстанда бұл мәселелерді саясат пен тәжірибе арқылы шешудің мүмкін жолдары қарастырылады.Тип публикаций
Практическое значение
Жүк тасымалы саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін экономикалық, экологиялық және әлеуметтік өлшемдердің өзара теңгерімі қажет. Қазақстанда жасыл көлік технологияларын енгізу тек қоршаған ортаны қорғау ғана емес, сонымен бірге көлік саласының тиімділігі мен қоғамның өмір сапасын арттыруға бағытталған кешенді қадам болуы тиіс. Осы тұрғыда барлық мүдделі тараптардың үйлесімді әрекеті мен стратегиялық көзқарасы шешуші рөл атқарады.Данный документ располагается в коллекциях
Публикации в КОКСОН
Файлы документа
Документ не загружен