
Авторы:
Издательство:
Дата издания
02.03.2026На каком языке издана
ISSN
1998-6688Область исследования
Тип исследования
Аннотация (краткое описание)
Ишемиялық инсульт өлім-жітім мен мүгедектіктің басты себептерінің бірі саналады. Бас миының КТ-суреттеріндегі зақымдалған аймақтарды дәл сегментациялау дер кезінде диагноз қою және клиникалық шешімдер қабылдауда маңызды. Бұл мақалада SE-UNETR және Swin UNETR трансформерлік модельдерін салмақталған дауыс беру арқылы біріктіруге негізделген ансамбльдік әдіс ұсынылады. Бағалау үшін Дайс коэффициенті қолданылды, бұл метрика зақымдану аймақтарының болжамды нәтижелері мен эталондық белгілерінің қиылысу дәрежесін өлшейді. Жалғыз модельдерді пайдаланудан айырмашылығы, ансамбльдік нейрондық желілік тәсілдер бірнеше архитектураның болжамдарын үйлестіре біріктіру арқылы сегментацияның анағұрлым жоғары сенімділігі мен дәлдігін қамтамасыз етеді. Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің халықаралық томография орталығы ұсынған жедел ишемиялық инсульт диагнозы қойылған 98 пациенттің үшөлшемді КТ-суреттері пайдаланылды. Нәтижелер ұсынылған ансамбльдің жеке модельдерден жоғары өнімділік көрсеткенін дәлелдеді. Dice коэффициентінің орташа мәні 0.7983 құрап, ишемиялық ошақтарды сегментациялаудағы әдістің жоғары тиімділігін көрсетті. Талдау барысында ансамбльдік әдіс бас миының КТ-суреттеріндегі зақым шекараларын дәлірек анықтап, сегментация қателерін азайтты. Ұсынылған әдіс инсультпен қатар, медициналық бейнелерді нақтылы талдау қажет болатын басқа да патологияларды автоматтандырылған түрде анықтау жүйелерінде қолданыс таба алады.DOI
10.55452/1998-6688-2026-23-1-37-51Тип публикаций
Данный документ располагается в коллекциях
Публикации в КОКСОН
Файлы документа
2498-6246-1-SM.pdf