
Авторы:
На каком языке издана
ISSN
2518-170хАннотация (краткое описание)
Аннотация. Мақала Қазақстанның уран провинциялары мен кенорындарындағы геологиялық және тау-кен-геологиялық жұмыстардың барлық кезеңдерінде ақпаратты геофизикалық технологияларды таңдау және пайдаланудың ғылыми-әдістемелік (физикалық-геологиялық) проблемаларын шешуге арналған. Уран кенорындары ұңғымаларында геофизикалық 212N E W S of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan (қашықтық) әдістерді қолдану қажеттілігі уранның радиоактивті табиғатымен ғана негізделмейді. Маңызды өндірістік фактор – жерасты ұңғымалық сілтісіздендіру (ЖҰС) әдісін қолдана отырып, уран кенорындарын игеру мен өндірудің қауіпсіз және озық технологиясының қолданылуы. Проблеманы шешудің физикалық-геологиялық негіздері кенорындардағы геологиялық қималарды құрайтын таужыныстар мен кендердің неғұрлым көп физикалық қасиеттері мәндерін жүйелеу болып табылады. Ұңғыманың геофизикалық өрістерінің және таужыныстардың физикалық қасиеттерінің жиынтық мәндерін (мәндерінің өзгеру диапазонын) есептеуде статистикалық әдістер мен әдістемелелер қолданылды. Есептеулер үшін геологиялық қорлардың фактілік деректері және Шу-Сарысу уран провинциясы бойынша ғылыми басылымдардың мәліметтері пайдаланылды. Мақаланы жазуда авторлардың басқа кенорындардағы және басқа геологиялық мәселелерді шешудегі тәжірибесі де пайдаланылды. Алынған көппараметрлі петрофизикалық модельдік көрсеткіштер уран кенорындары бойынша өткізбейтін (сазды) және өткізетін (кенді және кенсіз құмдар) таужыныстарды дәл ажыратуға мүмкіндік беретін зерттеулер қажеттігін көрсетті. Оларға таужыныстарда сейсмикалық толқындардың тарау жылдамдықтары, таужыныстардың электрлік қасиеттері, тығыздықтары жатады. Осы физикалық қасиеттерді тақырыптық және неғұрлым нақты деңгейде зерттеулер геофизикалық әдістердің мәліметтілік деңгейін көтеруге және олардың салада шеше алатын мәселелерінің ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді. Уран кенорындарын барлау мен игеруде геофизикалық технологиялардың мүмкіндіктерін кеңейту және енгізу персоналдың еңбек қауіпсіздігінің деңгейін көтереді және жалпы саланың экономикалық тиімділігін арттырады. Түйін сөздер: Шу-Сарысу провинциясы, уран кенорындары, таужы- ныстардың физикалық өрістері мен қасиеттері, мәліметтерді статистикалық өңдеу, геофизикалық технологияларДанный документ располагается в коллекциях
Международные публикации ученых SU
Статьи, опубликованные в других научных журналах и изданиях
Файлы документа
Документ не загружен