
Авторы:
Издательство:
Дата издания
01.10.2025На каком языке издана
ISSN
ISSN 1609-1817 (Print) ISSN 2790-5802 (Online)Область исследования
Тип исследования
Аннотация (краткое описание)
Мақалада электрлі қозғалтқышы бар автомобильді пайдаланудың қыр сыры қарастырылған. Электрокөліктерге дұрыс техникалық қызмет көрсету - көлікті қауіпсіз ұзақ мерзімді пайдаланудың кепілі екендігін ескере келе, электрокөліктерге техникалық қызмет көрсету кезеңділігі, оны көрсету реті мен оларға техникалық қызмет көрсету мерзімдерін көліктердің түрлеріне қарай айқындау және техникалық күтім кезінде қандай тораптарына бірінші кезекте назар аудару керектігі жайлы нақты ұсынытар келтірілген. Мақалада 1-техникалық күтім кезінде және маусымдық күтім кезінде әр торапқа, атап айтқанда, тежеу жүйесінің, салқындату жүйесінің, электр жүйелерінің бөлшектеріне қандай күтімдік жұмыстар жасалатындығы және оның кезеңділігіне дейін жақсы көрсетілген. Аяз бен суық ауа райында батареяның қуатын сақтау қабілетін айтарлықтай нашарлататындығын айта келе, электрокөлікті қыс маусымындағы көліктің қызмет ету мерзімін ұзарту және максималды тиімділігін арттыру мақсатында батареяның әртүрлі жағдайларда (қуаттау, пайдалану, тұраққа қою кезіндегі) оптималды температуралық режимін сақтау, суық ауа райында пайдалану кезінде қай торапқа көбірек көңіл бөлу, қандай ақаулардың болу ықтималдығы және оны болдырмау туралы егжей-тегжейлі баяндалған. Электрокөліктер жаңбырлы, қарлы ауа-райында немесе тұманда да, терең шалшықтар мен су басу аймақтарында ұзақ уақыт бойы пайдалану электрожабдықтың ылғалдан қорғау мүмкіндігінің шектеулілігіне байланысты электр жүйелеріне зақым келу қауіпін ескертеді. Бұл көлік құралының үлкен массасына байланысты жүріс бөлігі мен басқару жүйелерінде туындайтын қиындықтар мен істен шығушылықтар және оны жою жолдары да дәйекті айтылған. Сонымен бірге, соңында мақала бойынша қорытындылар мен авторлардың ұсыныстары да баяндалған.DOI
DOI 10.52167/1609-1817-2025-139-4-16-25Тип публикаций
Практическое значение
Автокөлікті сатып алғанда зауыттың электрокөлік иесіне арналған кеңестердің, өндіруші зауыттың нұсқаулығында көрсетілген ресурстық нормативтердің (әсіресе, суық кездерде электр қуатының ресурстық қоры) автокөлікті нақты пайдалану кезінде ол нормативтермен сәйкес келмейтіндігіне басты назар аударғымыз келеді. Автокөлікті қыс мезгілінде жылытылатын немесе жабық гаражда немесе тұрақта сақтау, суық кездері өндірушінің зауыттың ережелеріне сәйкес пайдалану электрокөлік аккумуляторының қызмет көрсету мерзімін ұзартуға көмектеседі. Қыс кезінде жүру қашықтығының ұзақтығына қосымша энергия тұтынушылары: суық мезгілде жиі қолдануға тура келетін салон жылытқыш пештері, жарықтандыру шамдары, күре жолдарда (трассада) жоғарғы жылдамдықпен жүру т.б. кері әсер ететінін есте сақтаған дұрыс. Электрокөліктің аккумулятор батареясын баяу қуаттау жылдам қуаттауға қарағанда пайдалы, әрі батареяның жұмыс істеу ресурсын ұзартады. Батареяның айналасындағы ауа ыстық болған кезде жылдам қуаттау қызметін пайдаланғанда, батарея қызып кетуі мүмкін. Бұл кезде апаттық сөндіру жүйесі іске қосылады. Кейбір жағдайда, апаттық бәсеңдету немесе өшіру жүйесі жұмыс істемей қалуы мүмкін, сол үшін ыстық күндері баяу қуаттау жүйесін пайдалану қажет. Қызып кетудің бастапқы белгілерінде электрокөліктің бақылау жүйесі жүргізушіге белгі береді. Бұндай жағдай туындағанда көліктің жүктемесін азайтып, жылдамдықты төмендетіп, бірақ тоқтамау керек, себебі қозғалыс кезінде сырттан келетін ауа ағыны аккумулятор батареясының салқындауына көмектеседі.Данный документ располагается в коллекциях
Публикации в КОКСОН
Файлы документа
10. Вестник КазАТК №4 (139), 2025,16-25.pdf