
Авторы:
Издательство:
Дата издания
02.09.2025На каком языке издана
ISSN
2518-1726Область исследования
Тип исследования
Аннотация (краткое описание)
Қазақ ым тілі (ҚЫТ) есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдар үшін негізгі қарым-қатынас құралы болып табылады. Бұл зерттеу ҚЫТ-нің синтаксистік құрылымын талдауға және қазақ тілінің ауызекі тілі ерекшеліктерінен айырмашылықтарын анықтауға бағытталған. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі мәтіндерді ҚЫТ глоссқа айналдыру үшін арнайы лингвистикалық талдаушы жасалды, бұл параллель корпус құруға мүмкіндік берді. ҚЫТ-нің зерттелуі тек ғылыми маңыздылыққа ғана емес, сонымен қатар инклюзивті қоғам құруға қажетті құралдар жасауға ықпал етеді. Зерттеуде параллель корпусты қолдана отырып, Transformer моделі негізінде машиналық аударма жүйесі оқытылды. Нәтижесінде аударманың жоғары дәлдігіне қол жеткізілді, бұл коммуникация қолжетімділігін арттырудың әлеуетін көрсетті. Бұл тәсіл қазақ ым тілін автоматтандырылған түрде өңдеуде маңызды қадам болып табылады. Мұндай технологиялар ерекше қажеттіліктері бар адамдардың білім алу және әлеуметтік интеграция үдерістерін жақсартуға бағытталған. ҚЫТ синтаксисін талдау үшін Python 3.10, Stanza, PyTorch, NumPy және Pandas кітапханалары қолданылды. 500-ден астам сөйлемдер зерттеліп, сөз тәртібінің икемділігі мен визуалды-кеңістіктік құрылымының ерекшеліктері анықталды. 500-ден астам сөйлемдер бойынша талдау жүргізіліп, негізгі назар қайтымды, қайтымсыз, мекенді, жанды, жансыз, күрделі және күрделі емес сөйлемдер бойынша жүргізілген талдау қазақ ым тілінің грамматикалық құрылымын сипаттауға мүмкіндік берді. Зерттеудің нәтижелері тілдің синтаксистік заңдылықтарын анықтауға ғана емес, сонымен қатар жаңа аударма модельдерін әзірлеуге де негіз болады. Зерттеу барысында аннотацияланған деректердің шектеулі болуы сияқты негізгі қиындықтар анықталды. Болашақта бейне деректерді біріктіру және бағалау көрсеткіштерін кеңейту бағытында жұмыс істеу жоспарлануда. Ұсынылған әдістер инклюзивті ақпараттық технологияларды дамытуға және ерекше қажеттіліктері бар адамдармен қарым-қатынасты жақсартуға негіз болады. Бұл жұмыс технологиялардың инклюзивті әлеуетін кеңейтуде және жаңа ғылыми зерттеулерге жол ашуда маңызды рөл атқарадыDOI
10.32014/2025.2518-1726.367.Тип публикаций
Данный документ располагается в коллекциях
Международные публикации ученых SU
Статьи, опубликованные в других научных журналах и изданиях
Файлы документа
Документ не загружен