
Авторы:
Издательство:
Дата издания
01.12.2025На каком языке издана
ISSN
1998-6688Область исследования
Тип исследования
Аннотация (краткое описание)
Бұл мақалада MediaPipe платформасын қолдана отырып, қазақ ым тілін тану жүйесін әзірлеу процесі қарастырылған. Платформа ым тілі қимылдарын нақты уақытта дәл анықтауға мүмкіндік береді. Негізгі назар ым қимылдарын тану модельдерін құруға, нейрондық желілерді оқытуға және MediaPipe платформасымен интеграциялауға бөлінген. Маңызды аспектілердің бірі – нейрондық желілердің архитектурасын пайдалану арқылы қимылдарды өңдеудің жоғары дәлдігі мен жылдамдығына қол жеткізу. Жүйе аннотацияланған қимылдардан алынған үлкен деректер жиынтығы негізінде оқытылған, бұл танудың сапасын айтарлықтай жақсартты. Қазақ ым тілі қимылдарын тану үшін LSTM нейрондық желісі қолданылды, себебі ол уақыттық қатарлар мен деректердің реттіліктерімен тиімді жұмыс істейді. Модель қазақ ым тілінің 30 қимылына оқытылып, ым қимылдарын нақты уақытта мәтінге айналдыруға мүмкіндік береді. Бұл әдіс есту және сөйлеу қабілеті шектеулі адамдармен қарым-қатынасты жеңілдетіп, инклюзивтілікті арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, пайдаланушымен өзара әрекеттесу үшін нейрондық желіні ым тілі қимылдарын тануға арналған қосымшалармен оңай интеграциялауға мүмкіндік беретін ыңғайлы веб-интерфейс жасалды. Жұмыстың негізгі аспектілерінің бірі – тану дәлдігін жақсарту мақсатында деректерді аннотациялау және өңдеу әдістерін жетілдіру. Жүйені болашақта дамыту ым тілі қимылдарының дерекқорын кеңейту мен веб-қосымшалармен интеграциялауды көздейді. Бұл есту және сөйлеу қабілеті шектеулі адамдар үшін әлеуметтік қамтуды жақсартып, кең ауқымды және қолжетімді платформаны құруға мүмкіндік береді.DOI
10.55452/1998-6688-2025-22-4-10-22Данный документ располагается в коллекциях
Публикации в КОКСОН
Файлы документа
2275-5690-1-SM.pdf