
Научный руководитель:
Область исследования
Тип исследования
Аннотация (краткое описание)
Әдеби деректерге сәйкес, қазіргі таңда беттік-активті заттардың (БАЗ) 80%-дан астамы мұнай-химия өнеркәсібінің шикізаттарынан өндіріледі. Мұнай, табиғи газ және көмірді пайдаланатын өндіріс процестері барысында, әдетте СО2 бөлінеді. Ал парниктік қабаттың жұқаруы жаһандық жылынуға әкелуі мүмкін. Көмірсутектер мен көмірден БАЗ синтездеуден туындайтын тағы да бір күрделі мәселе - ол су айдындарындағы мұндай БАЗ молекулаларының микроорганизмдер мен күн сәулесінің әсерінен табиғи ыдырау жылдамдығының төмендігі. Сонымен қоса, су қоймалары мен теңіз суларында БАЗ-дың мөлшері рұқсат етілген шамадан асатын болса, ол қоршаған ортаның флорасы мен фаунасына теріс әсерін тигізеді. Сондықтан табиғи (қоры сарқылмайтын) шикізат көздерінен экология тұрғысынан біршама қауіпсіз БАЗ-дар синтездеу және өндіру технологиясын жасау аса маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Ұсынылып отырған жобада беттік-активті заттар синтездеу үшін өсімдік тектес шикізат – күнбағыс майы өндірісінің техникалық майы (өндіріс қалдығы) пайдаланылатын болады. Жобаны жүзеге асыру барысында өсімдік тектес шикізат негізінде жаңа экология тұрғысынан қарағанда біршама қауіпсіз беттік-активті заттар синтезделеді. Өкінішке орай, Қазақстан аумағында бүгінгі күнге дейін жергілікті табиғи шикізат қорын пайдаланып үлкен көлемде БАЗ өндіретін зауыт жоқ! Сондықтан бұл жобаны ойдағыдай жүзеге асырғаннан кейін жақын болашақта Қазақстан Республикасының территориясында беттік-активті заттарды өндірістік масштабта өндіру мәселесін іске асыру жоспарланып отыр. Бұның өзі жаңа жұмыс орындарын ашып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға және экспорттық-импорттық мүмкіндіктерін арттыруға азда болса үлес қосады деп үміттенеміз. Сонымен бірге БАЗ-дарды экологиялық қауіпсіз тибиғи шикізат қорларынан өндіруді іске асыру арқылы Қазақстан Республикасы жаһандық проблеманы шешуге, яғни парниктік эффектіні азайтуға аз да болса өз үлесін қосады деп айтуға болады.Сведения о финансировании
ГосбюджетДанный документ располагается в коллекциях
Научные проекты
ГФ
Файлы документа
Документ не загружен