
Авторы:
Издательство:
Дата издания
22.12.2025На каком языке издана
ISSN
2616-7263Область исследования
Тип исследования
Аннотация (краткое описание)
Бұл ғылыми-зерттеу жұмысының өзектілігі автомобильдердегі форсирленген қозғалтқыштарды пайдалану тиімділігін арттыру және оларды жөндеуге кететін ағымдағы шығындарды азайту үшін қосымша мүмкіндіктерді іздеу қажеттілігімен негізделеді. Зерттеу мақсаты — қозғалтқыштағы май деңгейінің майдың ескіру процестеріне және дизельді қозғалтқыштың техникалық жай-күйінің өзгеруіне әсер етуінің жалпы принциптері мен заңдылықтарын бағалау. Зерттеу барысында автомобиль қозғалтқышын пайдалану кезінде мотор майы параметрлерінің өзгеру сипатына эксперименттік бағалау жүргізілді. Алынған нәтижелер әр 2000 км сайын май құюды қарастыратын, қазіргі уақытта қабылданған автомобиль дизельді қозғалтқышының картеріне май құю жиілігін қайта қарау қажеттілігін көрсетеді. Себебі, бұл жағдайда қозғалтқышты пайдалануға кететін меншікті шығындар жоғары болғандықтан, экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Нәтижелердің практикалық маңыздылығы оларды автокөлік техникасына қызмет көрсету кезінде, сондай-ақ күрделі жөндеу немесе дизельді қозғалтқыштарды форсирлеу қажет болған жағдайда, майлау жүйесіндегі май көлемін өзгерту мүмкіндігінде жатыр.DOI
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-153-4-214-234Тип публикаций
Практическое значение
Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы дизельді қозғалтқыштардың майлау жүйесіндегі май көлемін оңтайландыру арқылы олардың пайдалану тиімділігін арттыру мүмкіндігімен сипатталады. Алынған нәтижелер қозғалтқыштағы май деңгейінің мотор майының ескіру қарқындылығына және қозғалтқыштың техникалық жай-күйіне әсерін бағалауға мүмкіндік береді. Зерттеу қорытындылары автокөлік техникасына техникалық қызмет көрсету барысында, дизельді қозғалтқыштарды күрделі жөндеу кезінде және оларды форсирлеу жағдайында қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, май құю жиілігін қайта қарау арқылы пайдалану шығындарын азайтып, қозғалтқыштың сенімділігі мен қызмет ету мерзімін арттыруға мүмкіндік береді.Данный документ располагается в коллекциях
Публикации в КОКСОН
Файлы документа
ККСОН Гумилев 2025.pdf