
Авторы:
Дата издания
30.03.2026На каком языке издана
ISSN
ISSN: 2616-7263. eISSN: 2663-1261Область исследования
Тип исследования
Аннотация (краткое описание)
«Қазақмыс» корпорациясының жерасты кеніштерінде соңғы жылдары айтарлықтай тоқтап қалулар жиі байқалады. Бұл кеніштерде әртүрлі пневматикалық доңғалақ жетектері бар жоғары өнімді өздігінен жүретін жабдықтардың көптеген түрлері пайдаланылады. Тәжірибе көрсеткендей, жерасты өздігінен жүретін қондырғыларды жөндеудің ескірген әдістері мен құралдарын пайдалану қазіргі өндірістік талаптарға толық сәйкес келмейді және тиімсіз болып отыр. Мұндай бақылау жүйесінің болмауы жабдықтардың күтпеген жерден істен шығуына, өндірістік процестің баяулауына және жөндеу шығындарының артуына әкеледі. Істен шығудың алдын алу үшін белгілі бір жұмыс уақыты өткеннен кейін диагностикалық мәліметтер негізінде әрбір қондырғының болжамды және қалған қызмет ету мерзімін анықтау қажет. Бұл тәсіл техникалық қызмет көрсетуді алдын ала жоспарлауға, апаттық жағдайлардың алдын алуға және жабдықтардың жалпы пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы мақалада «Қазақмыс» корпорациясының кеніштерінде қолданылатын машиналар бөлшектерінің қалған қызмет ету мерзімін болжауға бағытталған жүргізілген зерттеулердің негізгі нәтижелері қарастырылып, алынған деректердің өндірістік тәжірибеде қолдану мүмкіндіктері талданады.DOI
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2026-154-1-132-148Тип публикаций
Практическое значение
Бұл жабдықтар кен өндіру процесінде маңызды рөл атқарады, алайда олардың сенімді әрі үздіксіз жұмыс істеуі техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесінің тиімділігіне тікелей байланысты. Тәжірибе көрсеткендей, жерасты техникаларын жөндеудің дәстүрлі әдістері қазіргі өндірістік талаптарға толық сәйкес келмейді және тиімділігі төмен. Өздігінен жүретін жабдықтардың тиімділігінің төмендеуінің негізгі себептерінің бірі – машиналар мен олардың негізгі тораптарының техникалық жағдайын тұрақты бақылауға мүмкіндік беретін диагностикалық әдістердің жеткіліксіз қолданылуы. Мұндай бақылаудың болмауы жабдықтардың күтпеген жерден істен шығуына, өндірістік процестің баяулауына және жөндеу шығындарының артуына әкеледі. Сондықтан диагностикалық деректер негізінде қондырғылардың болжамды және қалған қызмет ету мерзімін анықтау техникалық қызмет көрсетуді жоспарлауға, апаттардың алдын алуға және жабдықтарды пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Данный документ располагается в коллекциях
Публикации в КОКСОН
Файлы документа
12. Вестник ЕНУ, 1 (154), 2026,132-148.pdf