
Авторы:
Дата издания
01.12.2025На каком языке издана
ISSN
ISSN 1609-1817 (Print) ISSN 2790-5802 (Online)Область исследования
Тип исследования
Аннотация (краткое описание)
Мақалада автор автомобиль көлігінің алдында тұрған негізгі мақсаттарға тоқтала келе, одан ғылыми тұрғыда дамуға, материалдық шығындарды, ұйымдастыруға кететін шығындарды оңтайландыруға ерекше көңіл бөлу керектігін ескертеді. Сонымен бірге, автомобильдің пайдалану сенімділігі мен басқарымдылығын жетілдіруге, оның ішінде автокөліктердің маневрлігін арттыруға ерекше көңіл бөлген. Автомобильдің маневрлілігі көлік құралын пайдаланудың ыңғайлылығын және керек кезінде оны басқарудың қарапайымдылығын және тар жол жағдайларында бұрылыстар мен кері бұрылуларды ешбір қиындықсыз еңсеруді қамтамсыз ететіндігін айқындап көрсетіп, оның маңыздылығын ерекше атап көрсеткен. Мақалада автор автокөліктің маневрлігі оның құрылымының ерекшелігіне байлансты екендігі айтылған және оған әсер ететін негізгі факторлар мен геометрикалық көрсеткіштерге тоқталған. Сонымен бірге, автор жартылай және толық тіркемесі бар автопоездарында маневрлік көрсеткіштері олардың қандай геометиялық параметрлерге байланысты болатындығын есепті түрінде келтірген. Осы параметрлердің төмендеуімен тіркемелі автопоездың маневрлік қабілетінің де артатындығы айтылған. Жартылай тіркемелі автопойызында маневрлікке айтарлықтай әсер ететіні көлік пен жартылай тіркеменің ұзындығының қатынасы болып табылады. Доңғалақтың келтірілген тепе-теңдік шартын негізге ала келе, шекті кедергіні жетектегі және жетекші доңғалақпен еңсеруді қамтамасыз ету шарттарын тиісті есептеулер арқылы оңтайлы сипаттаған. Мақала соңында, автомобильдің маневрлігі оның құрылымының ерекшелігіне байланыстылын айта келе, оны арттырудың жолдарын және арықтар мен шұңқырларды еңсеруді жақсарту мүмкіндіктерін де дәйекті түрде сипаттаған.DOI
DOI 10.52167/1609-1817-2025-139-4-36-44Тип публикаций
Практическое значение
Қорытынды. Қорыта келгенде, автомобильдің маневрлігі оның құрылымының ерекшелігіне байланысты, ал оны арттырудың бір әдісі ол - барлық дөңгелектері басқарылатын рульдік жүйені қолдану керектігін айтып өттік. Бірақ, бұндай басқарылатын автомобильдің жолдың шетінде тоқтап тұрғанда, одан шығуы және орта жылдамдықпен келе жатып, бұрылу кезінде тепе теңдікті сақтау да қиынға түсетінін де атап көрсеттік. Бұл кемшіліктерді бұндай кездерде артқы доңғалақтың басқару жүйесін бейтарап күйде құлыптау (блоктау) арқылы жоюға болады. Ал, арықтар мен шұңқырларды еңсеруді арттыру мүмкіндігі төмендегілермен анықталады: а) белдіктердің (көпірлердің) саны мен олардың оңтайлы орналасуына; б) доңғалақ формуласына (жүрдек болуына); в) дөңгелектердің өлшемдеріне; г) автомобильдің масса (центрі) орталығының орналасу жағдайына байланысты болады. Автокөліктің маневрлік қабілетінің нашарлауы оның өтімділігінің нашарлауына әкеп соғады. Сонымен, шағын жолдар мен алаңдарда (карьерлер, құрылыстар, теміржол станцияларының тұрақтық аулалары және т.б.) оның маневрлігін сипаттайтын қозғалыс жолағының ені (автомобильдің бұрылмалы ені) көліктің көлденең жазықтықтағы өтімділігін де анықтайды.Данный документ располагается в коллекциях
Публикации в КОКСОН
Файлы документа
11. Вестник КазАТК №4 (139), 2025,36-44.pdf