
Авторы:
Издательство:
Дата издания
01.12.2025На каком языке издана
ISSN
1561-4212Область исследования
Тип исследования
Аннотация (краткое описание)
Мақалада титан қожын және титан тетрахлоридін алу мақсатында титан құрамды шикізатты рудотермиялық балқыту және хлорлау үдерістері термодинамикалық тұрғыдан талданады. HSC Chemistry 6 бағдарламалық кешені көмегімен TiO₂, Nb₂O₅ және қоспа элементтерінің (Fe, Si, Al, Mg, Mn, Cr, V) оксидтерімен жүретін негізгі реакциялар үшін Гиббс энергиясының стандартты өзгерістері (ΔG°) есептелді. Титанның TiCl₄ түрінде тиімді хлорлану шарттары және ниобийдің ұшпа қосылыстарға (NbCl₅) немесе оттекті хлоридтерге өту мүмкіндігі анықталды. Fe–Ti–O, Nb–C–O, Ti–O–Al және басқа жүйелер үшін Tpp және Lpp диаграммалары құрастырылып, фазалық тұрақтылық пен қож құрамының әсері зерттелді. Зерттеу көрсеткендей, қоспа элементтері тұрақты қатты фазалық қосылыстар түзеді, бұл хлорлау тиімділігін төмендетеді. Температура, хлордың парциалдық қысымы және қож құрамына қатысты ұсыныстар жасалды, олар титанды және ниобийді барынша тиімді алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Алынған нәтижелер TiCl₄ өндірісінің өнеркәсіптік технологиясын оңтайлан-дыруға және титан қождарын кешенді өңдеудің тиімді схемаларын әзірлеуге кеңінен қолданылуы мүмкін.DOI
10.51885/1561-4212_2025_4_117Тип публикаций
Данный документ располагается в коллекциях
Публикации в КОКСОН
Файлы документа
1 - ТЕРМОДИНАМИЧЕСКИЙ Вестник ВКГТУ №4-2025.pdf