
Авторы:
Издательство:
Дата издания
22.12.2025На каком языке издана
ISSN
2616-7263Область исследования
Тип исследования
Аннотация (краткое описание)
Wire Arc Additive Manufacturing (WAAM) - бұл доғалық дәнекерлеу процесіне негізделген металл аддитивті өндіріс технологиясы, ол сымды электродты балқыту арқылы қабаттап металл бөлшектерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Заманауи зерттеудің басым бөлігі роботталған дәнекерлеу жүйесін пайдаланады. Бұл зерттеуде аз инвестициялы және қарапайым конфигурация негізінде құрастырылған WAAM жүйесін қолданып, цилиндрлік бөлшектерді жасаудың мүмкіндігі зерттелді. Құрылғы ретінде айналмалы үстел мен тік бағыттағы Z-ось қозғалыс модулімен үйлесімі арқылы жүзеге асырылды. Құю процесі GMAW (Gas Metal Arc Welding) әдісімен жасалынды. Сымды электрод ретінде нарықта жиі кездесетін ER70S-6 аз көміртекті болат қолданылды.Және 100% аргон қорғаныш газын пайдалану арқылы жүргізілді. Басылып шыққан цилиндрлік бөлшек кесіліп, ажарлау-жылтыратудан кейін микроскоп арқылы микроқұрылымдық талдау жүргізілді. Микроқұрылымда дәндер ұсақ, изотропты формада таралған, ал қабатаралық шекараларда ақаулар мен тотығу іздері байқалмады. Бұл жылудың біркелкі бөлінгенін және қорғаныш ортаның дұрыс таңдалғанын көрсетті. Алынған нәтижелер қарапайым WAAM жүйесін қолдана отырып, жоғары сапалы металл компоненттерін жасауға болатынын және бұл әдістің шағын өндірістер мен зертханалар үшін қолжетімді шешім бола алатынын дәлелдейді.DOI
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-153-4-83-95Тип публикаций
Практическое значение
Бұл зерттеудің практикалық маңызы – күрделі әрі қымбат роботталған жүйелерді қолданбай-ақ, қарапайым және аз инвестицияны қажет ететін WAAM технологиясы арқылы сапалы металл бөлшектерін жасау мүмкіндігін дәлелдеуінде. Ұсынылған жүйе айналмалы үстел мен Z-ось қозғалыс модулінің үйлесімі негізінде жүзеге асырылып, өндірістік шығындарды азайтуға және аддитивті өндіріс технологиясын қолжетімді етуге бағытталған. Бұл әсіресе шағын өндіріс орындары мен ғылыми зертханалар үшін тиімді инженерлік шешім болып табылады. Зерттеу нәтижесінде GMAW әдісі арқылы ER70S-6 аз көміртекті болаттан цилиндрлік бөлшектер сәтті дайындалып, олардың микроқұрылымдық сапасы талданды. Микроқұрылымда ақаулар мен тотығу іздерінің болмауы, сондай-ақ дәндердің біркелкі таралуы қорғаныш газын дұрыс таңдау мен жылудың тиімді бөлінгенін көрсетті. Бұл алынған бөлшектердің сапасы мен сенімділігінің жоғары екенін дәлелдейді. Алынған нәтижелер WAAM технологиясын өндірісте, машина жасау саласында және тәжірибелік зерттеулерде кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зерттеу аддитивті өндіріс саласында арзандатылған әрі тиімді жабдықтарды дамытуға, металл бөлшектерін жергілікті жағдайда жасап шығаруға және өндірістік процестерді автоматтандыруға практикалық негіз қалыптастырады.Данный документ располагается в коллекциях
Публикации в КОКСОН