
Авторы:
Издательство:
Дата издания
05.03.2025На каком языке издана
ISSN
1680-9165Область исследования
Тип исследования
Аннотация (краткое описание)
Аддитивті тенологияда пайдаланатын технологияларының сенімділігін арттыру және мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында басып шығару жүйесін дәстүрлі технологиялармен интеграциялау қарастырылуда. Алайда, бұл процестегі негізгі мәселелердің бірі – баспа бастиектің дәл позицияланбауы, бұл баспаланатын конструкцияның сапасының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Осы мәселені шешу үшін бұл мақалада 3D басып шығару кезінде манипулятор ретінде пайдаланатын дәстүрлі техниканың жебесінің ауытқуын компенсациялайтын, баспа бастиектің дәл орналасуын қамтамасыз ететін манипулятор қолдану ұсынылады. Манипуляторды таңдау кезінде сериялық манипуляторлар және параллельді манипуляторларға анализ жасалып қарастырылды. Манипулятор жұмыс кеңістігіндегі XYZ осьтері бойынша ауытқуларды тиімді түрде компенсациялап, басып шығару дәлдігін және сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін жоғары жылдамдыққа және дәл позициялау мүмкіндігі жоғары, сондай-ақ параллель кинематикасының арқасында жеткілікті қаттылықты қамтамасыз ететін Клавельдің дельта-роботы таңдалды. Зерттеу барысында кинематиканың тура және кері кинематика есептері шығарылып, манипулятордың жұмыс аймағы анықталды және оның қойылған міндетті шешуге жарамдылығы расталды. Алынған нәтижелер 3D басып шығару процесін одан әрі оңтайландыру және оның технологиялық тиімділігін арттыру үшін қолданылуы мүмкін.DOI
https://doi.org/10.48081/ECWK2774.Тип публикаций
Практическое значение
Аддитивті өндіріс технологияларының сенімділігін арттыру және олардың мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында басып шығару жүйесін дәстүрлі өндіріс технологияларымен біріктіру қарастырылуда. Алайда, бұл процестегі негізгі мәселелердің бірі – баспа бастиегінің дәл позицияланбауы, бұл басып шығарылатын құрылым сапасының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Осы мәселені шешу үшін бұл мақалада дәстүрлі жабдықтың жебе (стрела) ауытқуын өтейтін және 3D басып шығару процесі кезінде баспа бастиегінің дәл орналасуын қамтамасыз ететін манипулятор қолдану ұсынылады. Манипуляторды таңдау барысында сериялық және параллель манипулятор түрлеріне талдау жүргізілді. Ұсынылған манипулятор жұмыс кеңістігінде XYZ осьтері бойынша ауытқуларды тиімді түрде компенсациялап, басып шығару дәлдігі мен жалпы сапаны арттыруға мүмкіндік береді. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін жоғары жылдамдыққа, жоғары позициялау дәлдігіне және параллель кинематикасының арқасында жеткілікті қаттылыққа ие Клавельдің дельта-роботы таңдалды. Зерттеу барысында тура және кері кинематика есептері шешіліп, манипулятордың жұмыс аймағы анықталды және оның қойылған міндетті орындауға жарамдылығы расталды. Алынған нәтижелер 3D басып шығару процесін одан әрі оңтайландыруға және оның технологиялық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Количество цитирований
0Данный документ располагается в коллекциях
Публикации в КОКСОН