
Авторы:
Издательство:
Дата издания
26.06.2025На каком языке издана
ISSN
2227-4766Область исследования
Тип исследования
Аннотация (краткое описание)
Бұл жұмыста Жамбыл облысындағы Ақтөбе кен орнындағы қиын байытылатын алтын құрамды рудалар кешенді зерттелді. Кеннің химиялық және минералдық құрамы, алтын мен күмістің таралу формалары, гранулометриялық және физика-механикалық қасиеттері анықталды. Орташа алтын мөлшері 1,55–1,6 г/т, күміс 42–43 г/т деңгейінде. Негізгі минерал кварц (79%-ға дейін), пирит (10%-ға дейін), дала шпаты, кальцит және слюда. Фазалық талдау бос алтын үлесін 46,47 % көрсетті, қалған бөлігі сульфидтермен (37,61%) немесе жыныста майда түйіршікті (15,92%) түрінде. GRG-тест нәтижесінде центрифугалық әдіспен алтынның 35,93%-ға дейін бөлінетіні анықталды. «Ұнтақтау-центрифугалық концентрация» сұлбасы алтынның 28,74%-ын гравиконцентратқа жинақтады. Нәтижелер гравитация, флотация және циандауды біріктіретін технологиялардың негізділігін дәлелдейді.DOI
10.48498/minmag.2025.246.10.006Тип публикаций
Данный документ располагается в коллекциях
Публикации в КОКСОН
Файлы документа
ГЖ № 10 2025.pdf