Авторы:
Издательство:
Дата издания
28.04.2023На каком языке издана
ISSN
1609-1817Область исследования
Тип исследования
Аннотация (краткое описание)
Бұл ғылыми мақалада озонатор қондырғысының жабдық күйін қашықтан бақылау жүйесінің дамуы сипатталған. Яғни үрдісті басқарудың автоматтандырылған жүйесіне негізделген. Жұмыстың тенденциялары озон технологиясы саласында цифрландыруды дамытуға бағытталып жасалған. Жүйенің құрылымдық сұлбасы ЭТРО -03 озонатор қондырғысына әзірленді. Ондағы басты мақсат электр жабдығының күйін қашықтан басқару мен жұмыс орнында отырып пульт көмегімен бақылау. Жүйенің бағдарламалық құрамдас бөліктерітаңдалды және олардың арасындағы байланыс архитектурасы күшейтілді. Осы архитектураға сүйене отырып, физикалық қажетті жабдықтар мен бағдарламалық жүйені енгізу жүзеге асырылды. Ұсынылған жұмыс нәтижелерін басқа технологиялық объектілерге қолдануға болады, өйткені бұл жүйенің маңызды артықшылығы оның бейімделгіштігі болып табылады. Бұл жүйенің басқа жүйелерге интеграциялану мүмкіндігі бар екені зерттеу жұмысы барысында анықталдыDOI
10.52167/1609-1817-2023-125-2-274-282Тип публикаций
Практическое значение
Ғылыми зерттеу жұмысын қорытындылай келе Smart Factory атап айтқанда ЭТРО –03 озонаторды қашықтан басқару жүйесін енгізу мен бірге электр жетектердің жабдығының жағдайын бақылау әзірленді. Сол сияқты оңтайлы уақытты жоспарлау арқылы технологиялық үрдістерді оңтайландыру және техникалық қызмет көрсету, жөндеу сонымен қатар өндірістен тыс жағдайларды азайту мәселесі қарастырылды. Әзірленген жүйе жағдайын бақылауға мүмкіндік беретің күштік электр жабдықтары, өлшеу құралдары және технологиялық үрдістерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің құрамдас бөліктері -озонатор, олардан мәліметтерді қабылдау, оларды өңдеу және электр жабдығының жағдайын қашықтан бақылау жұмыстары жүргізілді. Басқару жүйесінде деректерді сервер дискісінде сақталады. Деректер Excel кестелері түрінде алынған болуы мүмкін. Қосымша ретінде деректер, жүйе ескертулер туралы хабарламалар, апаттар мен жабдықтың ақаулары, бұл хабарларсервер дискісінде автоматты түрде сақталады да кез келген уақытта қаралады.Зерттеу жұмысының желілік құрылымы жағынан жаңалығы бағдарламалық өнімдердің оңтайлы орналасуы жүйенің келесі артықшылықтары мен сипатталады:1)Қазіргі APCS-ті қайта жабдықтаудың қажеті жоқ -сенсорлар, жетектер, PLC біртұтас біріктірілген мониторинг жүйесі; 2)Орта деңгей архитектурасының жұмысына өзгерістер енгізілмейді, бақылау жүйесі әсер етпейді, APCS жұмысы осылайша әзірленген жүйе істеншыққан немесе байланыс жоғалған жағдайда ЭТРО -03 озонатор қондырғысының жұмысы әдеттегідей жалғасады; 3)Жүйенің бейімделуі басқа озонатор қондырғыларында және технологиялық объектілерде қолданылады; 4)Алынған деректер жергілікті серверде сақталады, яғни тікелей технологиялық нысанда орналасқан және қашықтан қол жеткізу қауіпсіз LTE модемдері арқылы жүзеге асырылады;5)Таңдалған OPC UA арқылы цифрлық басқаруды қосуға болады; 6)Әзірленген құрылымның толыққанды негізі бар (кәсіпорынға MES жүйесіне енгізуге), ол үшін деректерді талдауды жүзеге асыру алгоритмдері қажет; 7)Таңдалған жабдықтың қуаты және қауіпсіздігі болашақта автоматтандырылған басқару жүйесінде интеллектуалды байланыстарды құруға мүмкіндік бередіДанный документ располагается в коллекциях
Публикации в КОКСОН
Файлы документа
274-282.pdf