
Авторы:
Издательство:
Дата издания
30.07.2025На каком языке издана
ISSN
2227-4766Область исследования
Тип исследования
Аннотация (краткое описание)
Күрделі құрамды жатқан қалдықтарды байыту мәселесі қарастырылған. Көміртекті заттың зиянды әсерін азайту және бағалы компонент шығын дарын азайту үшін өнеркәсіпте әртүрлі әдістер мен технологиялық тәсілдер қолданылады. Әмбебап әдістің бірі сульфидті флотация кезінде көміртекті заттың селективті депрессорын пайдалану болып табылады. Онда пайдалы компонент концентратқа максималды түрде бөлініп, көміртекті байыту қалдықтарында қалдырады. Зертханалық тәжірибе құрамында мыс мөлшері 0,19% және көміртегі 1,87%, тотыққан мыс минералдарының салыстырмалы мөлшері 44,94% болатын жатқан қалдықтардың сынамасымен жүргізілді. Зертханалық эксперимент арқылы Р-2 көміртекті реагент-депрессорын пайдаланған кезде аралық өнімге көміртегінің алынуы 25,94%-дан 7,26%-ға дейін төмендейтіні анықталды.DOI
https://doi.org/10.48498/minmag.2025.243.7.003Практическое значение
Депрессор-реагенттерді қолдану көміртекті бөлшектердің флотациялануын төмендетіп, пайдалы минералдар мен көміртек арасындағы селективті бөлінуді арттырады. Флотациялық процесті оңтайландыру нәтижесінде пайдалы минералдардың қалдықтардан толықырақ алынуы қамтамасыз етіледі. Процестің селективтілігін арттыру арқылы құнды компоненттердің қалдықтарға өтуі төмендеп, жалпы байыту тиімділігі жоғарылайды. Көміртекті қалдықтарды қайта өңдеуге тарту арқылы оларды қосымша шикізат көзі ретінде пайдалану мүмкіндігі кеңейеді.Данный документ располагается в коллекциях
Публикации в КОКСОН
Файлы документа
Горный журнал № 7. 2025.pdf