
Авторы:
Издательство:
Дата издания
12.03.2025На каком языке издана
ISSN
ISSN (Print) 2708- 4132Область исследования
Тип исследования
Аннотация (краткое описание)
Тотыққан қорғасын-мырыш кендері өңдеудің күрделілігіне байланысты ұзақ уақыт бойы толық пайдаланылмады. Бірақ, қорғасын-мырыш сульфидті кендерінің тез сарқылуына байланысты тотыққан кендерді пайдалану тиімділігін арттыру қажет. Оксид кендерін алдын-ала байытудың әмбебап әдістерінің бірі- флотация. Дегенмен, қорғасын-мырыш оксидінің минералдарының гидрофильдік қасиетінің жоғары болуы, флотация әдісін қолдануды қиындатады, сонымен қатар мырыш иондары ның беткі ерігіштігі, бұл процестің тиімділігін одан әрі төмендетеді. Бұл қиындықтарды жеңу үшін сульфидизация әдісінің маңызы жоғыры, ол тотыққан минералдардың беткі қасиеттерін өзгеретеді және флотацияға дайындайды. Бұл жұмыста Қосқұдық кен орнының тотыққан кен сынамасындағы қорғасын минералдарын байыту тиімділігін арттыру мақсатында натрий күкіртін сульфидизатор ретінде қолданылуына ерекше мән беріледі. Қорғасын алуды барынша арттыру үшін натрий күкіртінің оңтайлы шығынын анықтау бойынша зерттеу жүргізілді. Негізгі қорғасын флотациясы кезінде бұл реагенттің басқа да металлдардың, оның ішінде алтын, күміс және мырыштың, бөлініп алынуына әсері зерттелді. Зерртеу нәтижесінде натрий күкіртінің шығыны 700 г/т болғанда қорғасынның байыту тиімділігі 10,8% ға (34,3-тен 45,1%- ға дейін) артады. Алынған нәтижелер қорғасын-мырыш өнеркәсібінің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі өзекті болатын тотыққан кендерін өңдеу тиімділігін арттыруда негізгі параметрлерін анықтауға мүмкіндік береді.DOI
https://doi.org/10.58805/kazutb.v.1.26-603Тип публикаций
Практическое значение
Натрий сульфидін қолдану арқылы тотыққан минералдардың флотациялық белсенділігі артып, қорғасын мен мырыштың алынуы жоғарылайды. Реагент минерал беттерін сульфидтеу арқылы олардың флотацияға қабілетін күшейтеді, бұл қиын байытылатын кендерді өңдеуді жеңілдетеді. Процестің тиімділігі артып, қорғасын мен мырыштың қалдықтарға өтуі төмендейді. Қосқұдық кенорындарының күрделі минералдық құрамын тиімді байытуға мүмкіндік береді.Данный документ располагается в коллекциях
Публикации в КОКСОН