Авторы:
Издательство:
Дата издания
30.03.2024На каком языке издана
ISSN
2616-6771Область исследования
Тип исследования
Аннотация (краткое описание)
Мақалада өндірістік қалдықтардың мөлшерін азайту мәселе-сі, қоршаған ортаны қорғау мақсатында материалды және шикізатты ке-шенді өңдеумен қатар экологиялық проблемалар қарастырылады. Яғни өндіріс саласының қождары негізінде, тұрмыстық қоқыстарды сұрыптау бойынша химиялық тұрақты және жоғары температуралы композици-ялық материалдарды алу бойынша зерттеу нәтижелері ұсынылады. Түрлі химиялық және физикалық қасиеттерге ие, әрі осы өндіріс са-лаларында қолданылу ауқымы кең материалдардың бар болуы олардың ішінен ең тиімдісін таңдау және қорғау әдісін қамтамасыз ету қажеттілігін тудырады. Бұл өз кезегінде қажетті қасиеттер кешеніне ие жаңа компози-циялық материалдар мен олардың негізінде жасалған бұйымдар өндірісін дамытуды қажет етеді. Қазіргі уақытта қалдықтардың мөлшерін азайту және қоршаған ортаны қорғау мақсатында материалды және шикізатты кешенді өңдеу мәселелерімен қатар экологиялық проблемалар өте өзекті болып табылады. Қоқысты сұрыптау және өңдеу зауыттары іске қосылу-да. Алайда, әлемдегі қалдықтардың төрттен бір бөлігі ғана қайта өңде-леді, бұл қайта өңдеу нарықты төмендетеді, сондықтан химия өнеркәсібі үшін, химиялық ортаның зақымдаушы әсерінен қорғау өте маңызды. Мәселелерді шешу үшін өндірістік қалдықтар бойынша композици-ялық материалдардың өндірісін қолдану ұсынылады, яғни үгітілген пласмасса, резеңке қалдықтарын реттеп, битумның әр түрлі массасын қосу арқылы белгілі бір қоспа алып, сол қоспаның химиялық қасиеттері анықталды.DOI
https://bulchmed.enu.kz/index.php/bulchmed/article/view/371/285Тип публикаций
Практическое значение
Зерттеудің практикалық маңыздылығы өндірістік және тұрмыстық қалдықтар негізінде химиялық тұрақты әрі жоғары температураға төзімді композициялық материалдарды алу мүмкіндігін көрсетуінде. Ұсынылған технология пластмасса мен резеңке қалдықтарын тиімді қайта өңдеуге, қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтуға, шикізат ресурстарын үнемдеуге және өнеркәсіптің түрлі салаларында қолдануға жарамды жаңа композициялық материалдар өндіруге мүмкіндік береді.Данный документ располагается в коллекциях
Публикации в КОКСОН
Файлы документа
Верстка+Химия-10-19.pdf