Авторы:
Издательство:
Дата издания
30.06.2025На каком языке издана
ISSN
3107-278XОбласть исследования
Тип исследования
Аннотация (краткое описание)
Бұл мақалада металлургия мен мұнай-химия салаларында кеңінен қолданылатын ферроқорытпа катализаторларының химиялық тұрақтылығы мен каталитикалық белсенділігі зерттелінген. Зерттеудің мақсаты ферроқұймалар қоспасы бар кобальт катализаторларының, ксилит өндірісіндегі катализдік белсенділігін анықтап, толуолдан метилциклогександы алудың тиімді технологияларының ғылыми-техникалық негіздері қарастырылған. Сонымен қатар ферроқұймалармен модифицирленген никельдік байланыстардың физика-химиялық, құрылымдық және адсорбциялық сипаттамалары анықталды. Мақалада жұмыстың негізгі өзектілігі ферроқұймаларды бинарлы никельді катализаторлардың құрамына еңгізу, оларды бір уақытта ферроқұймалардың құрамында болатын бірнеше металдармен жаңартылуына мүмкіндік беріп және химиялық құрамы бойынша дайындалып, никель негізіндегі қаңқалы 80 катализаторлары жасалып, катализаторлардың тұрақтылығы мен тиімділігі едәуір жоғарылады. Өндірістегі лигерлеуші металдардың табиғатын және мөлшерін таңдау модифицирленген қосындылар классификациясына негізделеді. Никель катализаторлары металл ферроқұйма қосымшаларымен кесінді немесе ұнтақ түрінде еңгізіліп, экзотермиялық реакция нәтижесінде балқу температурасында алынды, сондай-ақ сандық және сапалық құрамына нақты әсер етеді. Бұл мақаланың аспектісінде катализаторлардың селективтілігі маңызды рөл атқарады, өйткені ол қажетті өнімдерді жоғары таза күйінде синтездеп алуға және қосымша өнімдер түзілуін азайтуға мүмкіндік береді. Ферротитанмарганец (ФTiMn), ферромарганец (ФMn) және ферромолибденмарганец (ФMoMn) ферроқұймаларымен жаңартылған құймалы никель катализаторларында толуолды гидрлеу арқылы метилциклогександы жоғары таза күйінде және жоғары шығыммен алу мүмкіндігі көрсетілген. Алынған нәтижелер негізінде зерттелген катализаторлар Ni-Al-ФMn>Ni-Al- ФMoMn>Ni-Al- ФTiMn.Со-(70% Al). Қорытынды бойынша Ni-Al-ФMn және Ni-Al-ФMoMn катализаторларды пайдалану мерзімі осы уақытқа дейін өндірісте пайдаланылып жүрген Ni-Al-TiMn катализаторларымен салыстырғанда екі есе артық екендігі қарастырылды.DOI
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2025-151-2-87-102Тип публикаций
Практическое значение
Практикалық тұрғыдан Ni-Al-ФMn және Ni-Al-ФMoMn катализаторлары толуолды гидрлеуде метилциклогександы жоғары таза күйінде және жоғары шығыммен алуға мүмкіндік береді, ал олардың қызмет мерзімі қолданыстағы Ni-Al-TiMn катализаторларымен салыстырғанда шамамен екі есе жоғары. Бұл катализаторды ауыстыру жиілігін азайтып, өндірістік шығындарды төмендетуге және гидрлеу процестерінің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Данный документ располагается в коллекциях
Публикации в КОКСОН
Файлы документа
495_Химия_Беркинбаева_27062025_Copyedited(87-102).pdf