Авторы:
Издательство:
Дата издания
30.09.2024На каком языке издана
ISSN
ISSN 1813-1107,еISSN 2710-1185Область исследования
Тип исследования
Аннотация (краткое описание)
Қазақстанныңмұнай өнеркәсібін дамытуда полимерлік флокулянттарды қолдану инновациялықміндеттердіңбірі болып табылады. Сондықтан қол жетімді өнеркәсіптік мономерлер негізінде бойында құрылымтүзгіштік қасиеті бар жаңа тиімді флокулянттарды жасау маңызды мәселе болып табылады. Флокулянттардыңәсер ету механизмі флокулянт макромолекулаларыныңдисперстік (коллоидтық) бөлшектердіңбетіне адсорбциялану құбылысына, флокулянт макромолекулаларыныңжелілік құрылымыныңтүзілуіне және ван-дер-Ваальс және басқа да күштердіңәсерінен коллоидтықбөлшектердіңадгезиясына негізделген. [(3-метакрилоиламино)пропил]-үшметиламмоний хлоридінің(ТМАПМАХ) N,N-диметилакриламидпен (ДМАА) 333 К температурада инициатор (аммоний персульфаты, (NH4)2S2O8) қатысында радикалдықсополимерлеу әдісі арқылы мольдік құрамы әртүрлі жаңа полимерлік флокулянт синтезделді. Синтезделген ТМАПМАХ -ДМАА сополимерініңмольдік құрамы ИҚ-және ЯМР-спектроскопиясы және AgNO3ерітіндісімен кондуктометриялықтитрлеу арқылы анықталды. Сополимерлердіңфлокуляциялыққасиеттері флокулянт қатысында бентонит суспензиясыныңдисперстік бөлшектерініңшөгуін зерттеу арқылы анықталды. Суспензияныңоптикалықтығыздығын өлшеу арқылы бөлшектердіңседиментациялану дәрежесі анықталды. ТМАПМАХ -ДМАА сополимерлерініңбойында флокуляциялыққасиеттіңбар екендігі, олай болса оларды өндірістік ағынды суларды тазарту үшін қолдануға болатындығы анықталды. Термогравиметриялықталдау жұмыстары бұл сополимердің270°С-қа дейін термиялықтұрақты екендігін көрсетті. Сондықтан оны тереңұңғымаларды бұрғылау барысында бұрғылау ерітінділерініңқасиеттерін реттеу мақсатында қолдануға болады.DOI
https://doi.org/10.51580/2024-3.2710-1185.29Тип публикаций
Практическое значение
Синтезделген ТМАПМАХ–ДМАА сополимері өнеркәсіптік ағынды суларды тазартуда тиімді флокулянт ретінде қолданылуы мүмкін. Оның жоғары термиялық тұрақтылығы бұрғылау ерітінділерінің қасиеттерін реттеу үшін мұнай-газ саласында пайдалануға мүмкіндік береді.Данный документ располагается в коллекциях
Публикации в КОКСОН
Файлы документа
Chem.jornal№87(2024).pdf