
Авторы:
Издательство:
Дата издания
01.01.2015Место издания (где издан)
АлматыНа каком языке издана
Количество страниц
184Аннотация (краткое описание)
Көптеген машинажасау зауытында қалыптау цехтары негізгі дайындаушы цехтар қатарына кіреді. Машинажасауды дамытудың негізгі міндетін шешкенде, ұсталық-қалыптау өндірісін ары қарай дамытуды металл шығыннын, еңбексыйымдылықты азайтумен және бұйым сапасын жоғарылатумен байланыстырады. Ұсталық-қалыптау өндірісі, жоғары өнімділікті және жасайтын соғылманың жақсы сапасын қамтамасыз ететін дайындаманы жәнне тетікті жасаудың негізгі бір әдістері болып есептеледі. Бұл жасалатын соғылманың, яғни тетіктің жоғары механикалық қасиетімен және дайындаманың дәлдігімен байланысты. Осы соғылмалар машинаның ең жаауапты түзілімінде қолданылады (иінді білік, бұлғақ, тістегеріш, т.б ). Оқу құралында көлемдік қалыптаудың технологиялық үрдістерін есептеуге, соның ішінде ашық және жабық қалыпта күрделі түрі бар соғғылмаларды ыстықтай қалыптауға қажетті тоқпақтардың соққыш бөлшектерінің массасын және баспақтың күшін анықтауға, қалыптарды жобалауға керекті әдістемелік кеңестер берілген.Сонымен қатар айналмалы денне типті соғылмаларды айналмасоққышта ыстықтай қалыптағанда қолданылатын технологиялық үрдісті есептеудің әдістемесіне ерекше көңіл бөлінген. Жабық қалыптау қазіргі кезде ең үдемелі дамушы технология болып есетпеледі, ал айналмалы дене типті соғылмалар қазіргі машинажасау кәсіпорнының көбісінің атаутізімінде қалыптайтын соғылмалардың жалпы санының 30-40 %-ын құрайды. "Материалдарды қысыммен өңдеуу технологиясы", "Металлургия". "Машинажасау'" және басқа техникалық мамандықтар бойынша оқитын жоғары оқу орындарының бакалаврларына арналған. Жоғары оқу орындарының магистранттарына, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми және инженер-техникалық қызметкерлеріне, металлургиялық және машинажасау өндірісі кәсіпорындарының инженерлеріне пайдалы болуы мүмкін.ISBN
978-601-228-739-4Данный документ располагается в коллекциях
Книги
Файлы документа
mashekov_ystyk1_kz_2015.pdf