
Авторы:
Дата издания
11.03.2026На каком языке издана
ISSN
ISSN 2959-1236Область исследования
Тип исследования
Аннотация (краткое описание)
Автокөлік кәсіпорындарының тиімділігін арттыру жол-көлік апаттарының әлеуметтік-экономикалық салдарын ескеруді талап етеді. ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, 2025 жылдың төрт айында 9,2 мың апат тіркеліп, 558 адам қаза тауып, 12,5 мың адам жарақат алды. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда үш есе көп. Жыл сайынғы жол-апатынан келген залал елдің ЖІӨ-нің 5%-ын (15 млрд АҚШ долл.) құрайды. Заманауи нарық талаптарына сай жол-көлік апаттарының әлеуметтік-экономикалық залалын бағалау әдісін әзірлеу. Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, ста тистикалық деректер талданып, салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Қолданыстағы тәсілдердің кемшілігі – адамның әр өмірлік кезеңіндегі көрсеткіштер мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері құнының айырмашылығы ескерілмейді. Ұсынылған әдістеме апаттан, жарақаттанудан және мүгедектіктен болатын залалды дәлірек бағалауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік-экономикалық залалдың ауқымын білу апаттар мәселесінің маңыздылығын объективті бағалауға, оны шешуге бөлінетін ресурстар көлемін анықтауға және жол қауіпсіздігін арттыру бағдарламаларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.DOI
https://doi.org/10.46914/1562-2959-2026-1-1-409-419Тип публикаций
Практическое значение
Әлеуметтік-экономикалық залалдың ауқымын білу апаттар мәселерінің ауқымы мен маңыздылығын объективті бағалауға, оны шешуге бөлінетін қаржылық және материалдық ресурстардың көлемін анықтауға, апаттылықты төмендетуге бағытталған түрлі іс-шаралар мен мақсатты бағдарламалардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Ұсынылған әдістемені қолдану, соның ішінде жер көлемі үлкен және әр аймақтың дамуымен экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сәйкес жол-көлік оқиғасынан ғана емес, жарақаттанудан және мүгедектіктен болатын залалды бағалауға, залалды дәлірек анықтауға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырудың аймақтық бағдарламаларының тиімділігін бағалау, зиян келтірудің алдын алу және азаматтардың құқықтарын қорғау үшін пайдаланылуы және оны азайту жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға мүмкіндік береді. Әрбір апат салдарынан болған шығындарды тікелей қорытындылау әдісі жолдарды қайта құруға немесе жол қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін талдауға жарамды.Данный документ располагается в коллекциях
Публикации в КОКСОН
Файлы документа
5238-13861-1-SM.pdf