Авторы:
Издательство:
Дата издания
27.09.2023На каком языке издана
ISSN
SSN 1813-1107,еISSN 2710-1185Область исследования
Тип исследования
Аннотация (краткое описание)
Қазіргі таңда су қоймаларыныңзиянды өндірістік қалдықтарымен ластануы өзекті мәселелердіңбірі болып саналуда. Өндірістік ағын суларды зиянды қоспалардан тазарту үшін әдетте полимерлік беттік-активті заттарды (поли-БАЗ) флокулянттарды қолданады. Дегенмен, қазіргі белгілі флокулянттар оларға қойылатын талаптарға сай келе бермейді Мұныңбасты себебі мономерлер құныныңжоғары болуы немесе флокулянттар синтездеу әдістерініңкүрделілігі. Тағы да бір шешімін таппаған өзекті мәселе –ол металл және темірбетон құрылымдарыныңмикробиологиялықкоррозиясы (биокоррозия). Осы орайда бойында биоцидтік қасиеті бар жаңа тиімді флокулянттар синтездеу өзекті мәселелердіңбірі болып саналады. Аталмыш жұмыстыңмақсатыжаңа поли-БАЗ-дың–N,N-диметил-N,N-диаллиламмоний хлоридініңN,N-диметиламинопропил метакриламидпен (ДМДААХ–ДМАПМА)сополимерініңфлокуляциялықжәне биоцидтік қасиеттерін зерттеу. Жұмыстыңәдістемесі -радикалдықсополимеризация әдісі арқылы қолжетімді өндірістік мономерлер негізінде бойында флокуляциялықжәне биоцидтік әсері бар жаңа тиімді поли-БАЗ синтездеу және оныңқасиеттерін заманауи әдістермен анықтау. Нәтижелер және талқылау.ДМДААХДМАПМА сополимерініңфлокуляциялықжәне биоцидтік қасиеттеріне оныңмольдік құрамы мен ортаныңиондықкүшініңәсері зерттелді.Мольдік құрамы 50:50 мол. % болып келетін мономерлер қоспасынан синтезделген ДМДААХДМАПМАсополимері бентонит сазбалшығы дисперстік бөлшектеріне қатысты еңжоғары флокуляциялыққасиет көрсететіндігі дәлелденді. Суспензия құрамында тұздың(0,01 мас.% NaCl) болуы сополимердіңфлокуляциялыққасиетін арттыра түседі. ДМДААХ-ДМАПМА сополимер-леріне биоцидтік қасиет тән сондықтан оны сульфаттотықсыздандырғыш бактериялардың(СТБ) өсуін тежейтін биоцидтік қосылыс ретінде қолдануға болатындығы анықталды. Сонда оңтайлы концентрация 0.01÷0.05 мас. % саналады.DOI
https://doi.org/10.51580/2023-3.2710-1185.23Тип публикаций
Практическое значение
N,N-диметил-N,N-диаллил аммоний хлориді мен N,N-диметиламинопропил метакриламид сополимері суды тазарту процестерінде тиімді флокулянт ретінде қолданылып, қалқыма бөлшектердің тұнуын жеделдетеді. Сонымен қатар, оның биоцидтік қасиеттері микроорганизмдердің өсуін тежеп, су сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.Данный документ располагается в коллекциях
Публикации в КОКСОН
Файлы документа
Chem.jornal №83(2023).pdf