
Научный руководитель:
Область исследования
Тип исследования
Аннотация (краткое описание)
Бетонды 3D басып шығару - бұл бетонды қабат-қабат құю арқылы конструкцияны жасайтын аддитивті құрылыс процесі. Ол үшін робот басып шығару механизмін керекті траектория бойынша жылжытады. Қазіргі таңдағы пилоттық және ғылыми жобалар бетонды 3D басып шығарудың құрама зауытта да, құрылыс алаңында да мүмкін екенін көрсетеді. Басып шығару механизмін жылжыту үшін кәдімгі өнеркәсіптік роботтар (портал, артикулярлық және кабельдік манипуляторлар) қолданылады. Бұл роботтарды манипулятор ретінде таңдау бір қарағанда жақсы сияқты, өйткені өнеркәсіптік роботтар барлық жерде қолжетімді, салыстырмалы түрде арзан және өте жан-жақты. Бірақ бұл стационарлық өнеркәсіптік роботтардың шектеулі жұмыс кеңістігі бар, бұл объектілердің басып шығару көлемін шектейді және олардың көпшілігі бастапқыда стационарлық пайдалануға арналған болғандықтан, құрылыс алаңының ауыр жағдайларына сәйкес келмейді өйткені мұнда мүлдем басқа жағдайлар: өрескел орта, балшық-шаң, ауа-райы; жиі құрастыру және бөлшектеу; тазалау және техникалық қызмет көрсету үшін жеңіл өңдеу қажеттілігі; құрылыс алаңдары арасында жылдам түзету үшін машиналардың қажетті ұтқырлығы (переналадки). Дамудың келесі қадамы-машина технологиясының сенімділігін арттыру және қолдану аясын кеңейту. Ол үшін, басып шығару механизмінің компоненттерін оңтайландыру, өлшеу жүйелерін жалпы процеске біріктіру қажет. Бұл мәселені шешу үшін TU Dresden “CONPrint3D” және “Ready2print” жобаларында манипулятор ретінде осы ауыр жұмыс жағдайлары үшін арнайы жасалған және дәстүрлі құрылысқа мүмкіндігінше жақын автобетонсорғышты ұсынады. Автобетонсорғы машинасының буындарының ашық кинематикалық құрылымыды және ұзын жиналмалы жебе болғандықтан, ол нақты орналастыруға арналмаған және паразиттік ауытқуларға ие. Осылайша, автобетонсорғыны пайдаланып бетонды басып шығару кезінде қажетті дәлдікті қамтамасыз ету мәселесі туындайды. Ал күрделі пішінді және әртүрлі бұрыштағы қабырғаларды 3Д басып шығару үшін басып шығару механизмін кеңістікте позициялау қажет. Жұмыстың мақсаты – құрылыс 3Д принтерінің манипуляторы ретінде пайдаланатын автобетонсорғы буындарының паразиттік ауытқуларын компенсациялайтын сонымен қатар күрделі пішінді қабырғаларды баспалау үшін баспа бастиекті кеңістікте позициялайтын манипуляторды және арнайы шүмекті зерттеп жобалау. Жобаның міндеттері: 1) Компенсациялау және позициялау мүмкіндігі бар манипуляторды зерттеп жобалау және прототипін жасау; 2) Арнайы шүмекті жобалау және прототипін жасау; 3) Арнайы шүмекке бетон тасымалдау механизмін жобалау және прототипін жасау; 4) Компенсациялау және позициялау мүмкіндігі бар манипулятордың және арнайы шүмектің басқару жүйесін жасау; 5) Компенсациялау және позициялау мүмкіндігі бар манипуляторды автобетонсорғыға орнатып арнайы шүмекпен бетон баспалау арқылы эксперименттік сынақтан өткізу. Жобадан күтілетін нәтижелер: 1) Компенсациялау және позициялау мүмкіндігі бар манипулятордың прототипі; 2) Арнайы шүмектің прототипі; 3) Бетон тасымалдау механизмінің прототипі; 4) Компенсациялау және позициялау мүмкіндігі бар манипуляторды және арнайы шүмектің басқару жүйесі; 5) Компенсациялау және позициялау мүмкіндігі бар манипуляторды автобетонсорғыға орнатып арнайы шүмекпен бетон баспалау сынақ нәтижелері; 6) Конкурстық құжаттаманың 7-тармағының 1.1 тармақшасына сәйкес ғылыми жарияланымдар жариялау. Жобаны бірлесіп қаржыландырушы ретінде «JA prosperity» ЖШС-і (Алматы қ.) таңдалған. Компания тарапынан жасалатын бірлесіп қаржыландыру сомасы 3.150 миллион теңгені (үш миллион жүз елу мың теңге) құрайды. Қаржыландыру «JA prosperity» ЖШС-і тарапынан жоба аясында жасалатын прототиптердің ретінде жүзеге асырылады. Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы және олардың коммерцияландыруға әзірлігі деңгейі. Жоба коллобрация ретінде Дрезден ТУ-мен бірге жүзеге асырылады. Баспа бастиектің миксері мен экструдерін және бетон тасымалдау мәселелерімен Дрезден ТУ ал жобаның отандық тобы компенсациялау және позициялау манипуляторы, арнайы шүмек және шүмекке бетон тасымалдау механизмін зерттеп жобалаумен айналысады. Нәтижесінде автобетонсорғы негізінде баспалаудың жоғарғы дәлдігін қамтамассыз ете алатын күрделі формалы қабырғаларды құя алатын баспа бастиек қондырғысы жасалады. Бұны дәстүрлі қолданыстағы құрылыс процестеріне біріктіруге болады. Егер жоба қаржыландыру алса, онда келесі этап ретінде Коммерциализация Конкурсына ұсынылады. Коммерциализация кезеңінде бір қабатты үй құю қарастырыладыИсточник финансирования
МНВО РК
Тип: Программно-целовое финансирования
№ договора: -
Дата договора: 20.05.2026
Период финансирования с: 20.05.2026
Период финансирования по: 20.05.2026
Срок начала работ: 20.05.2026
Срок завершения работ: 20.05.2026
Заказчик финансирования
МНВО РК
Софинансирование
№ договора: -
Сведения о финансировании
ГосбюджетДанный документ располагается в коллекциях
Научные проекты
ГФ
Файлы документа
Документ не загружен