
Авторы:
Издательство:
Дата издания
01.12.2023На каком языке издана
ISSN
ISSN 1609-1817 (Print) ISSN 2790-5802 (Online)Область исследования
Тип исследования
Аннотация (краткое описание)
Жұмыста 100 мың м3-ден 15 млн м3-ге дейінгі сел массасын сыйдыра алатын сел қоймалары бар күрделі бөгеттер салу сияқты инженерлік қорғаудың негізгі түрлері қарастырылған. Құрылымардың әртүрлі типтері: сел ағындарын ұстауға арналған тұйық жер және тас үйінділері, сел ағындарын ұстап қалуға арналған темірбетон бөгеттері; аркалы және өтпелі темірбетон және металлды сел ұстағыштары; селдің қатты бөлімді құрамдарын ұстауға, қалалар мен елді мекендер шегінде тұндырғыштар және тұрақтандырғыш арналардың учаскелерінің, селеден кейінгі тасқындар мен суағындарын қауіпсіз өткізуге арналған бөгеттері. Олардың ұзақ уақыт пайдаланылуына байланысты сел қоймаларын, тұндырғыштарды, селді жібергіш арналарын тазалауды механикаландырудың кезеңділігі, әдістері мен құралдары, жұмыстарды жүргізуге жұмсалатын жыл сайынғы шығындардың көлемді мәселесі өзекті болуда. сел Алайда жыл сайынғы су тасқыны жағдайында бөгеттерді пайдалану, ірі сынықты топырақтардан қоймаларын тазартуды механикаландырудың заманауи технологиялары мен құралдарын жасау мәселелері қазіргі кезде өзекті болып табылады. Жұмыстың құндылығы конструкцияны әзірлеу және тәжірибелік үлгісін дайындау, есептеу әдістері және жағы гидробасқарылатын экскаватор шөмішінің параметрлерін таңдау, сел тасқындарын ірі-кесекті қосындыларын өңдеу кезінде жер жұмыстарын орындау болып табылады.DOI
DOI 10.52167/1609-1817-2022-129-6-82-90Тип публикаций
Практическое значение
Жұмыс барысында алынған нәтижелері арқылы төмендегідей қорытындыларды жасауға болады: 1) Төтеншелі жағдайлар барысында кеңінен пайдаланатын жерді қазатын машиналардың тиімділігін арттыру мақсатында арнайы жұмысшы органдарды құруды талап етеді, себебі бөгеттердің, сел ұстағыштардың жармаларында селді қалдықтардың ірі кесекті бөлімдерін өңдеу қиын екені анықталды. Іле Алатауының солтүстік баурайындағы өзендер бассейндерінің шөгінділеріндегі диаметрі 200-ден 1000 мм-ге дейінгі сел топырақтарының фракцияларының жиынтық құрамы 23,7% - ды құрайды (р = 0,217). 2) Құрылған матрицаларды, векторларды, қозғалмайтын координаттар жүйелеріне қатысты координаталық осьтерді беру және бұру формулаларын қолдана отырып, кез келген байланыс нүктелерінің координаталарын анықтауға мүмкіндік беретін экскаватор шөмішінің гидравликалық басқарылатын жағын ашу механизм тізбелерінің орналасуын анықтау алгоритмі мен әдісі жасалды. 3) Гидробасқарылатын жағы бар шөміштің тәжірибелік үлгісі жасалды және тәжірибелер жүргізілді, бұл сел қалдықтарындағы ірі кесекті топырақтарын өңдеу үшін арнайы шөміштің жақсы жұмыс қабілеттілігін көрсетті, экскаватордың өнімділігі дәстүрлі конструкцияның шөмішімен салыстырғанда 20÷30% - ға артты.Данный документ располагается в коллекциях
Публикации в КОКСОН
Файлы документа
5. Вестник КазАТК №6 (129), 2023,стр 82-90.pdf