
Авторы:
Издательство:
Дата издания
20.07.2025На каком языке издана
ISSN
1680-9165Область исследования
Тип исследования
Аннотация (краткое описание)
Бұл мақалада сым доғалық аддитивті өндіріс (Wire Arc Additive Manufacturing – WAAM) технологиясында қолданылатын белсенді (CO2 ) және инертті (Ar) қорғаушы газдардың ER70S-6 төменгі көміртекті болат дәнекерлеу сымынан алынған үлгілердің микроқұрлымына әсері жан - жақты зерттелді. Эксперименттік зерттеу барысында бірдей технологиялық параметрлерді оңтайлы қолданылып, тек қорғаушы газ түрі өзгертілді. Алынған үлгілерді алдын ала дайындап, оларға металлографиялық және микроскопиялық әдістермен кешенді талдау жүргізілді. CO2 белсенді қорғаушы газ қолданылған үлгілерден феррит, перлит және цементит фазалары, ал Ar инертті қорғаушы газ қолданылған үлгілерден феррит, перлит, аустенит және мартенситтік құрылымдар анықталды. Сонымен қатар, аргон газы кеуектіліктің азаюына және құрылымының біркелкі болуына оң әсер ететіні көрсетілді. Бұл аргонның аддитивті өндіріс кезінде құйылған үлгінің балқыманың тұрақтылығына, қату процесіне және термиялық әсер ету аймағының сапасына оң әсер ететінін дәлелдеді. Зерттеу нәтижелері WAAM технологиясында қорғаушы газдың микроқұрлымдық қалыптасуға және дайын өнім сапасына әсерін нақты көрсетті. Бұл жұмыс болашақта жоғары сапалы, сенімді және ұзақ қызмет ететін металл конструкцияларын аддитивті әдіспен дайындауда газды дұрыс таңдаудың шешуші рөл татқаратынын көрсетеді.Тип публикаций
Практическое значение
Бұл зерттеудің практикалық маңызы WAAM (Wire Arc Additive Manufacturing) технологиясында қолданылатын қорғаушы газдың түрі дайын металл бұйымдардың микроқұрылымы мен сапасына тікелей әсер ететінін дәлелдеумен байланысты. Алынған нәтижелер өндірісте CO₂ және Ar газдарын дұрыс таңдаудың маңыздылығын нақты көрсетеді. Аргон (Ar) инертті газы қолданылған жағдайда үлгілерде кеуектілік азайып, құрылым біркелкі әрі тұрақты болатыны анықталды, бұл дайын бөлшектердің механикалық беріктігін және сенімділігін арттырады. Ал CO₂ белсенді газы кезінде әртүрлі фазалық құрылымдардың түзілуі байқалып, материал қасиеттерінің өзгеруіне әкелетіні көрсетілді. Практикалық тұрғыдан алғанда, бұл нәтижелер WAAM технологиясы арқылы өндірілетін металл конструкциялардың сапасын басқаруға мүмкіндік береді. Қорғаушы газды дұрыс таңдау арқылы ақауларды азайту, өнімнің қызмет ету мерзімін ұзарту және қосымша өңдеу шығындарын төмендету мүмкін болады. Зерттеу нәтижелері машина жасау, авиация, энергетика және ауыр өнеркәсіп салаларында жоғары сапалы және сенімді металл бөлшектерді аддитивті әдіспен өндіру кезінде технологиялық параметрлерді оңтайландыруға негіз бола алады.Данный документ располагается в коллекциях
Публикации в КОКСОН