
Авторы:
Дата издания
01.03.2024На каком языке издана
ISSN
ISSN 1609-1817 (Print) ISSN 2790-5802 (Online)Область исследования
Тип исследования
Аннотация (краткое описание)
Мақалада қазіргі таңда әлемде іштен жану қозғалтқышты автомобильдерді ығыстырып келе жатқан электр көліктерінің жалпы құрылысы, оның ішінде электромотор, аккумулятор батареясы, инвертор, трансмиссия, жүріс бөлігі жайында және электромобильдің жұмыс істеу принципі жайында жалпы мәліметтер берілген. Сонымен бірге мақалада электр машиналарының рульдік басқаруы мен тежеу жүйесінің ерекшеліктері, яғни рукоперациялық тежелеу жүйесі туралы және электромобильдердің ІЖҚ көліктермен салыстырғандағы артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы баяндалған. Қазірдің өзінде электромобиль тек қозғалыс құралы ғана емес, сонымен қатар интернетке шығатын мобильді құрылғы болып табылатынын айта келе, олар алдағы уақыттағы әлемдегі қарқынды өсуі мен дамуы, оның ішінде біздің еліміздегі өсу динамикасы мен перспективасы жайлы айтылған. Мақалада электр көліктерінің тарту батареяларының проблемалық мәселелеріне сараптама жасай келе, оны шешудің жолдары атап көрсетілген.DOI
DOI 10.52167/1609-1817-2024-130-1-44-54Тип публикаций
Практическое значение
. Алдағы уақытта автокөлік өндірушілерінің көпшілігі электр көлігін дамытуға басымдық берді және олар жалғыз емес, олар химиктермен және электротехниктермен бірлесіп жұмыс істейді. Жыл сайын компаниялар батареялардың сыйымдылығын арттырады, олардың құнын төмендетеді, жоғары қуатты электр зарядтау станцияларынан зарядтау жылдамдығын арттырады, ЭҚК (электр қуаттау көздері) желілерін кеңейтеді, электр қозғалтқыштарын жетілдіреді. Болашақта, біз баға мен мүмкіндіктердің жақсы үйлесімі бар электромобильдерді көретін боламыз деп есептеймін. 2. Қытайда стандартты ауыстырылатын батареялары бар электромобильдер қазірдің өзінде кең таралуда – бұл машинаны ұзақ уақыт зарядтау мәселесін шешудің бір жолы. Электркөлігі боксқа кіреді, онда роботтық механизм босаған (қуаты) батареяны түбінен алып тастайды және зарядталғанды орнына қояды. Операция автоматты, адамның қатысуынсыз жүреді және қарапайым автомобильдің жанармай багын толық толтыру уақытынан аспайды. Болашақта мұндай электркөліктер жер ауданы үлкен, алыс қашықтыққа жүруді қажет ететін елдерде көптеп дамитын болады. 3. Жыл сайын сыйымды және қуатты батареялар жасалатын болады және электр көліктеріндегі тарту батареясының (ТБ) қуттылығын, энергия тығыздығын арттыру мен тез арада зарядталу мәселесі (проблемасы) бойынша алдағы уақытта шешімі табылады.Данный документ располагается в коллекциях
Публикации в КОКСОН
Файлы документа
7. Вестник КазАТК No 2 (131), 2024, cтр 44-54.pdf