
Ұсынылып отырған оқулық әртүрлі күрделі жүйелердегі процестерді компьютермен модельдеу және талдаудың негіздері мен әдістерін, математикалық аппаратын, типтік математикалық сұлбаларын оқып үйренуге және компьютермен модельдеу мен талдау нәтижелерін әртүрлі қызмет салаларында қолдану тәсілдерін игеруге арналған. Оқулық "Ақпараттық жүйелері", "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасы" мамандықтарының, ақпараттық технологияларды қолдану және әртүрлі процестерді компьютермен басқару салаларында мамандық алатын басқа да студенттер, магистранттар және докторанттарға бағытталған. Сонымен катар, бұл кітап компьютермен модельдеуді өз жұмысында қолданатын инженерлерге және басқа мамандарға біраз жаңа ақпарат бере алады.

Материалдар-металды материалдардың сыртқы орталарымен өзара әсерлесуінің салдарынан әр түрлі бұзылыстарға ұшырайды. Демек, металды материалдарда химиялық және электрохимиялық коррозия жүреді. Осы коррозиялық процестердің салдарынан пайда болатын бұзылу түрлерін, яғни механикалық бұзылу, механикалық тозу (үйкелу) салдарынан болатын материалдардың эрозиясы мен коррозиясын қарастырады. Сонымен қатар, химиялық және электрохимиялық коррозияның теориялық негіздерін, электродты процестердің кинетикасы мен термодинамикасын, коррозиялық процестердің классификациясын, коррозия процесінің жүруіне әсер ететін әр түрлі факторлардың әсерлерін де береді. Мұнда түрлі жағдайлардағы коррозияны және металл материалдарын коррозия түрінен қорғау әдістерін толық қарастырады. Оқу құралы жоғары оқу орындарындағы материалтану және жаңа материалдардың технологиясы, металлургия және машинажасау мамандықтары студенттеріне арналған.

Оқулықта жер қыртысындағы шөгінді, магмалық, метаморфтық тау-жыныстардың пішіндері, қатпарлар меп жарылысты бұзылыстар, қатпарлы зоналар, платформалар мен шеткі ойыстар құрылымдары қарастырылған Геологиялық карталар олардың номенклатурасы жайлы мағлұматтар баяндалған Оқулық көлеміндегі қолданылған арнайы терминдердің глоссарийлері мен қазіргі күндегі қолданыстағы қазақша атаулары берілген. Кестеллермен және суреттермен безендірілген.Оқулық геологиялық мамандық бойынша білім алатын студенттерге, магистранттарға, геолог-практиктерге арналған.

В учебном пособии излагаются методы исследования и проектирования современных машин в объеме предусмотренной программой курса "Оптимальное проектирование" для машиностроительных факультетов университетов. Основные разделы учебного пособия: исследование плоских механизмов, синтез исходных кинематических цепей, кинематический анализ плоских рычажных механизмов с применением векторного исчисления, синтез плоских рычажных механизмов на основе исходных кинематических цепей. Учебное пособие предназначено для студентов, преподавателей и магистрантов машиностроительной специальности.

В учебнике содержится систематическое изложение дисциплины «Сбор и переработка вторичного металлсодержащего сырья», рассматриваются физико-химические, технологические и экологические аспекты обогащения и переработки наиболее характерных видов вторичного сырья, содержащего редкие, цветные и благородные металлы. Приведена классификация вторичного сырья, рассмотрены вопросы его транспортировки, дается представление об особенностях построения технологических схем его переработки. Также представлены способы утилизации и захоронения отходов. Предназначен для магистрантов, обучающихся по специальности «050709 – Металлургия». Учебник может быть полезен инженерно-техническим работникам промышленных и малых предприятий, научно-исследовательских и проектных организаций, занимающихся проблемами редко-элементной и цветной металлургии, а также магистрантам старших курсов химических, химико-технологических и металлургических вузов, специализирующихся в области переработки вторичных сырьевых ресурсов и создания малоотходных технологий.

В учебном пособии дается систематизированное изложение вопросов, отражающих современное состояние в развитии электрохимического и электротермического производства химической технологии. Рассматриваются в краткой форме теоретические основы процессов электрохимии, механизмы протекающих на электродах реакций и некоторые технологические схемы описываемых производств. В каждом разделе учебного пособия изложены примеры расчетов и даны аналогичные задачи с ответами для самостоятельного решения. Предназначено для студентов, бакалавров, обучающихся по специальности 050720 – «Химическая технология неорганических веществ», а также может быть полезно для бакалавров специальностей металлургического и ядерно-химического направлений

Оқу құралында газбен пісіру және кесу процесінің физикалық мәні, газбен пісіру материалдары, жабдъқ аспаптары жайлы түсініктер мен материалдар берілген. Негізгі көлемі газбен пісіру технологиясының тееориялъқ негіздері және өнеркәсіпте кең қолданыс тапқан металл және қорытпаларды газбен пісіру технологиясы, тәсілдері және пісіру ережесі параметрлерін есептеу жолдары берілген. Газжалынымен (оттектіі) кесу процесінің физика-химиялық негізгі, металды оттекті кесу шарттары; қолдан және машинамен кесу технологиясы. Кесу машиналарының басқару жүйесі келтірілді. Әдетте газжалынымен кесуге келмейтін бболат маркаларын оттегі-флюсті кесу процесінің физика-химиялық негізі. Мұнда қолданылатын қосалқы құрылым, флюстер, типті қондырғы құрылымы, жұмыс істеуі берілді.Оқу құралда келтпірілген материалдар ггазбен пісіру және кесу технологиясының теориясын игеруге және өндірісте қолдануға мүмкіндік береді. Жоғары оқу орны студенттеріне және пісіру өндірісінің бакалаврларына арналған.

Оқу құралында қазіргі заманғы ғылымдық деңгейде металдарды қысыммен өңдеу теориясының механика-математикалық негізі (кернеу мен деформация теориясы, реологиялық теңдеулер, тұтас орта механикасының негізгі теоремалары, илемділік ағысы теориясының есептерін қою және шығару әдістемелері) баяндалған.

Оқу құралында технологиялық жабдықтар динамикасының негіздері, механикалық жабдықтар мен конструкцияларға түсетін жүктемелердің пайда болу себептері, бөлшектердің беріктігіне әсері мен оларды төмендету шаралары келтірілген. Сонымен қатар, машиналарды пайдалану кезіндегі жүктемелердің өзгеруі, уақытқа байланысты олардың көтеру қабілетінің төмендеуіне қарай динамикалық жүктеменің әсер ету шамасының күрделіленуі, беріктік есептеулерінің детермикалық, ықтималдық әдістері, жалғастардың қатаңдылығын есептеу жолдары, динамикалық процестердің диссипациялық параметрлері, сыртқы жүктеме мен физикалық модельдер параметрлері, физикалық модельдерді есептеуге ыңғайлы түрге келтіру, динамикалық жүктеменің математикалық моделі, технологиялық жабдықтардың динамикалық жүктемесі, машина жетегінің саңылауларындағы ұрғылаудан болатын динамикалық жүктемелер, параметрлік және автотербелістердің пайда болуы мен оларды жеңу жолдары, тұрақты және айнымалы токты электр жетектерінің физикалық модельдері келтірілген. Оқу құралында келтірілген материалдар динамикалық есептеулерді толық көлемде жүргізуге мүмкіндік береді және инженер-техникалық мамандар мен студенттерге пайдалы деп есептейміз.

Оқу құралында, метрополитеннің негізгі нысандары - өтпелі тоннельдер, оқпандар, станциялар және эскалаторлық тоннельдер құрылысының технологиясы толық қарастырылған. Метрополитен ғимараттарының габариттері, құрылыс кезіндегі инженерлік-геологиялық ізденулер мен зерттеулер, бекітпелер және қаптамалардың конструкциялары, тоннельдерді қалқандық тәсілмен салу, ұңғымалық қалқандық кешендердің параметрлерін есептеу әдістемелері мысалдар мен тәжірибелік жұмыстар арқылы жан-жақты қарастырылған. Оқу материалдары әр тарауда жүйеленіп, дәйекті түрде берілген. Мұнда метрополитен ғимараттары конструкцияларының түрлері сипатталып, оларға тау қысымынан түсетін жүктемелер мен бекітпелерді есептеу әдістемелері толық талданған. Оқу құралы техникалық жоғары оқу орындарының "Тау-кен ісі" мамандығының Мемлекеттік стандартына, оқу бағдарламаларына сай жазылған. Оқу құралы тау-кен істері, геология және жерасты көліктері мамандарына арналған.