
В монографии приведены разработки автора по железобетонным несущим конструкциям одноэтажных каркасных зданий и эффективному узлу их соединения, защищенного авторским свидетельством на изобретение. Представлены результаты экспериментальных исследований разработанных конструкций и узла, испытанных статическими нагрузками и динамическими нагрузками типа сейсмических натурных фрагментов с предложениями и рекомендациями по расчету и проектированию для практического применения. Приведены характеристики опытных образцов и их методика испытаний, опытные данные с соответствующими диаграммами деформирования с анализом, подробное описание процессов испытаний по видам конструкций и узла, которые могут быть использованы в исследовательских работах, конструкторских и проектных разработках.

Оқу құралында жобаны басқару курсының негізгі тараулары қарастырылған. Оқу құралы магистранттар мен PhD - докторанттарға, сонымен қатар, осы пән бойынша оқу үрдісін қамтамасыз ететін оқытушыларға және осы саладағы өзінің квалификациясын арттырушы мамандарға арналған. Оқу құралы 2008 жылы 1 қыркүйекте PMI штаб- квартирасында (АҚШ, Пенсильвания) Global Registered Education статусы бар кафедраның серіктесі Қазақстан Республикасының жобалық менеджерлер одағының (ҚР ЖМО) курсына сәйкес жазылған.

Оқу құралында өнеркәсіптік кәсіпорындардағы жаңа бағыттарды сипаттайтын жүйеленген мәселелер мен өндірісте қолданылатын жабдықтар келтірілген. Бірінші тарауда жоба және оның түрлері туралы түсінік пен жобаны көркемдеу мен құрастыру қарастырылған. Жобалауда қолданылатын нормативті-техникалық құжаттардың тізімі көрсетілген. Химиялық өндірістердің сәулет-құрылысының негізгі сатылары, бас жоспарды құрастыру, ғимараттар мен инженерлік құрылысты және қоғамдық-әкімшілік орталықтарды таңдау әдістері келтірілген. Сонымен қатар химия өндірісінің эксплуатациясы кезіндегі арнайы жоспарлау сұрақтары келтірілген. Екінші тарау жабдықтарды жіктеу мен оған қойылатын талаптарға, технологиялық үдерістерде қолданылатын көмекші жабдықтарға арналған. Бейорганикалық заттар өндірісіндегі негізгі аппараттар мен жабдықтар қарастырылған. Тараулардың соңында студенттер білімін бекітетін бақылау сұрақтары келтірілген. Оқу құралы 5В072000 "Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы" мамандығында оқитын студенттерге арналған.

Алдыңыздағы кітап - жоғары математика пәні бойынша техникалық жоғары оқу орындарының бакалавриат деңгейіндегі типтік оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың кредиттік жүйесіне арналып жазылған, үш бөлімнен тұратын кітаптарымыздың екіншісі. Мұнда жоғары математиканың "Математикалық анализге кіріспе; Бір айнымалды функциялардың дифференциалдық және интегралдық есептеулері" атты бөлімдері қарастырылған. Кітап келесі құрылымда жазылған: 1) теориялық курсқа арналған сұрақтар мен жаттығулар; 2) лекциялық курс; 3) студенттердің өздік жұмысына арналған үй тапсырмалары (ҮТ); 4) ҮТ орындау үлгілері; 5) бақылау жұмысына арналған есептер. Жоғары техникалық оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына арналған.

Бұл кітап жоғары математика пәні бойынша техникалық жоғары оқу орындарының бакалавриат деңгейіндегі типтік оқу бағдарламаларына сәйкес жазылған үш бөлімнен тұратын кітаптарымыздың үшіншісі. Мұнда жоғары математиканың "Көп айнымалды функциялар; Дифференциалдық теңдеулер; Еселі, қисық сызықты, беттік интегралдар; Қатарлар" атты бөлімдері қарастырылған. Кітап мынадай құрылымда жазылған: теориялық материал; сұрақтар мен тапсырмалар; 30 нұсқадан тұратын үй тапсырмалары (ҮТ); ҮТ орындау үлгілері; бақылау жұмысына арналған есептер. Техникалық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына арналған.

Оқулық техникалық жоғары оқу орындарында оқылатын "Математика -I, II, III" курстарының типтік оқу бағдарламаларына сәйкес жазылған. Оқулықта теориялық материалдардың дәлелдеулері қысқа, айқын жолдармен берілген. Оқулықтың мазмұнына техникалық мамандықтарға аса қажетті материалдар енген. Теориялық материалдардың практика мәселелеріне қолданылуларына басты назар аударылған. Оқулық оқытудың кредиттік технология жүйесінің талаптарына сай жазылған және ол техникалық жоғары оқу орындарының мұнай-ісі және металлургия мамандықтарына арналған, сонымен қатар басқа да техникалық мамандықтардың студенттері мен оқытушыларының пайдалануларына болады.

Рассмотрены вопросы идентификации нестационарных на основе использования формальных динамических моделей. Предлагаемые методы могут быть использованы при решении задач обработки материалов летно-конструкторских испытаний носителей и космических аппаратов. Для научных сотрудников и специалистов, работающих в области проектирования и эксплуатации космических средств. Пособие будет полезным для студентов, магистрантов и докторантов специальности "Космическая техника и технологии" при изучении дисциплин "Летно-конструкторские испытания ракет-носителей и космических аппаратов", "Основы экспериментальной отработки космических средств", "Основы эксплуатации космических средств".

Ұсынылып отырған "Қазақ тілі" оқу құралы техникалық жоғары оқу орындарының машинажасау мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған. Оқу құралының басты мақсаты - мемлекеттік тілді техникалық жоғары оқу орындары студенттеріне бағдарлы оқыту арқылы техникалық терминдердің мән-мағынасын түсіндіріп, меңгерту және оларды тәжірибеде еркін қолдану дағдысын қалыптастыру. Сонымен қатар кәсіби бағдарлы мәтіндердің мазмұнын түсініп оқуға машықтандыру.

Ұсынылып отырған "Қазақ тілі" оқу құралы техникалық жоғары оқу орындарының техникалық физика мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған. Оқу құралының басты мақсаты - мемлекеттік тілді техникалық жоғары оқу орындары студенттеріне кәсіби бағдарлы үйрету арқылы техникалық терминдердің мән-мағынасын түсіндіріп, меңгерту және оларды тәжірибеде еркін қолдану дағдысын қалыптастыру. Сонымен қатар олардың жалпы дүниетанымын рухани әлемінің ауқымын кеңейту, білімін көтеру, қалыптан тыс ойлау логикасын дамыту және өз бетімен шығармашылық іс-әрекет жасауға баулу.

Ұсынып отырған "Қазақ тілі" оқулығы жоғары оқу орындарының ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар саласы мамандықтары бойынша оқитын студенттеріне арналған. Оқулықтың басты мақсаты -мемлекеттік тілді орыс тілді бөлімде оқитын студенттерге қатысымдық бағытта, мамандықтарының ерекшелігін ескере отырып меңгерту. Оқулық мазмұны мемлекеттік тілді техникалық жоғары оқу орнының студенттеріне мамандықтарына сай қатысымдық қырынан меңгерте келе, өндіріс орындарында, әлеуметтік ортада қазақша кәсіби қарым-қатынасқа еркін түсуге үйретуді көздейді. Оқулықта берілген тапсырмалар студенттердің кәсіби ұғымдар мен терминдердің мәні мен мағынасын түсіне келе, мамандыққа байланысты әдебиеттерді оқып мазмұнын түсіну қабілеттерін, кәсіби бағытта қазақша дұрыс сөйлеу және сауатты жазу дағдыларын жетілдіреді. Сонымен қатар кәсіби ұғымдардың мағынасын түсіну үшін мәтіндер мазмұнымен жүргізілетін әр түрлі жаттықтыру жұмыстары студенттердің мемлекеттік тіл бойынша базалық білімін одан әрі кәсіптанымдық қырынан тереңдетіп жетілдіру, интеллектуалдық деңгейі мен ой-өрісін кеңейтіп, техникалық ойлау логикасы мен шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған.