
Оқулықта пайдалы қазбалар, олардың түрі, морфологиясы мен заттық құрамы, кенорындары туралы мəліметтер берілген. Металл, бейметалл жəне жанғыш пайдалы казбалардың əр түрі бойынша басты қасиеттері, өнеркəсіптік минералдары, колдану салалары, қоры мен бағасы келтірілген. Кенорындардың геологиясы мен генетикалық типтері сипатталған. Қазақстанның пайдалы қазбалары туралы мағлұмат беріліп, басты кенорындарының мысалы қарастырылған. Оқулық «Пайдалы қазба кенорындарының геологиясы жəне барлау» мен «Кен ісі» бағыттары мамандықтарында оқитын студенттерге арналған.

Оқулықта қатты пайдалы қазбалар, олардың түрі, морфологиясы мен заттық құрамы т-лы мәліметтер берілген. Пайдалы қазба кенорынд-ң генетикалық ж-е өнеркәсіптік жіктелімі, геологиясы мен жаралу үдерістеррі ж-е мысалдары сипатталған. Металл, бейметалл ж-е жанғыш қазбалар-ң қолдану салалары, қоры, құны мен кен-геологиялық сипаты келтірілген. Геологиялық барлау жұмыст-ң әдістемесі мен технологиясы, кеноорынд-ды игерудің әр сатысында оларды геологиялық-өнеркәсіптік бағалау баяндалған. Қазақстан пайдалы қазбалары т-лы мағлұмат беріліп, кенорынд-ң мысалы қарастырылған.Оқулық "Қолданбалы геология ж-е баарлау", "Кен ісі" мен "Экономика" бағыттарының маманд-да оқитындарға арналған.

Авторлар бұл кітапта полиграфия машиналарын техникалық күту және жөндеудің көптеген түрлерін, олардың атқарылу кезеңдерін, сондай-ақ, жұмыс ауқымын қамтиды. Сонымен қатар, жабдықтарды пайдалану, жөндеу қызметін ұйымдастыру, қажетті кадрлар дайындау, техникалық күту және жөндеу жұмыстарын материалды-техникалык камсыздандыру, қосалкы бөлшектермен қамтамасыз ету жүйелерін да қарастырады. Оқулық республикамыздың полиграфия саласында оқитын, жұмыс істейтін мамандарға арналған.

Бұл оқулықта токарь станоктарының құрылысы, өңделетін тетіктерді бекіту тәсілдері, өнделетін тетік және кескіш аспаптар жасалатын материалдар, токарлық өндеуге қатысты мөліметтер келтірілген. Негізгі токарлық өндеу жұмыстары - цилиндрлі, конусты беттерді және тесіктерді өндеу, бұранда жасау жұмыстарына қатысты қондырғыларды, кескіш аспаптарды, кесу режимдерін таңдау мен есептеулер нақты талданған. Оқулық негізінен колледж, техникалық училищелер оқушыларына және токарь мамандары даярланатын оқу орындарының ұстаздары мен шөкірттеріне арналады. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары инженер-механик мамандықтарының студенттеріне, машинежасау зауыттарының инженер-техник қызметкерлеріне, өздігінше білімін жетілдіруші оқырман қауымға ұсынылады.

Уран кен қазу геотехнологиясы. Уран кенін ашық, жерасты тəсілдерімен қазу. Қышқыл ерітінділерімен уранды жер астында сілтілеу. Жерасты сілтілеу тəсілдерінің ерекшеліктері. Ұнғымалардың түрлері, орналасуы, қуаты. Ұңғымаларды жабдықтау, жуу. Уранды қазудың техника-үнемдемелік көрсеткіштері. Ұңғымалардан сорып алынған ерітінділерді өңдеу сатылары. Уранды қазғандағы тигізетін зардабы. Қоршаған ортаның экологиясы.

Оқулықта ұңғыма арқылы өнім алудың жаңа технологиялары туралы көзқарас келтіріліп, көп тараған ұңғымаларды пайдалану әдістері бөлек тақырыптар ретінде жазылып көрсетілген. Мұнда Қазақстандағы мұнай өнеркәсібінің даму тарихы, қабатта шоғырланған сұйықтардың құрамы мен қасиеттері қарастырылып, ұңғыма туралы түсінік пен ұңғыманы пайдалану әдістерінің сипаттамасы қамтылған. «Ұңғымаларды пайдаланып мұнай мен газды өндіру» оқу құралы жоғары оқу орындарындағы, колледждегі мұнай мен газ мамандығы студенттері мен «Мұнайгаз ісі» бағытындағы бакалавриат мамандарға, мұнай саласындағы жалпы қауымға арналған.

Еліміздің тарихында қазақ тіліндегі тұңғыш философия оқулығы ретінде бұл кітаптың алғашқы нұсқасы 1991 жылы «Рауан» баспасынан жарык көрген еді. Ол республикамыздың Білім және ғылым министрлігінің жоға ры оқу орындары студенттеріне арнап бекіткен типтік бағдарламасына сөйкес жазылған болатын. Оқулық студенттер, магистранттар, аспиранттар және оқытушылар қауымының көңілінен шығып, қызу қолдау тапты. Содан бергі уақытта сегіз рет қайта жарық көріп, көпшіліктің қолына тиді. Өздеріңізге ұсынылып отырған оқулықтың бұл тоғызыншы басылымына XXI ғасырдың басындағы адамзат қоғамының және оның ой-өрісінің дамуындағы ағымдық өзгерістер біршама ескеріле отырып толықтырулар енгізілді. Оқулық жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерімен қатар даналық жайлы ғылымды сүйетін барша оқырманға арналған.

Учебник содержит десять глав. В первой главе рассматриваются устройства и принципы работы электрических машин постоянного тока, а также способы управления и регулирования. Вторая глава посвящена управляемым выпрямителям. Значительное внимание уделено принципам построения управляемых выпрямителей и применению их для регулирования в автоматических системах. В главе 3 описаны устройства и принципы работы трансформаторов и приведена общая теория. Главы 4 и 5 содержат сведения об асинхронных трехфазных и однофазных двигателях. Рассматриваются устройства и принципы работы этих двигателей и их основные характеристики, а также способы регулирования. Глава 6 посвящается синхронным машинам. Большое внимание уделяется характеристикам синхронных машин и более подробно показаны физические процессы в этих машинах. Глава 7 содержит сведения о микромашинах, применяемых в автоматических системах управления и регулирования. Правильный выбор электрических двигателей и тепловые режимы их представлены в главе 8. В главе 9 и 10 описаны устройства и принципы работы электромагнитных устройств и датчиков. Показаны основные характеристики, преимущества и недостатки, а также особенности выбора этих устройств и область их применения. Учебник «Элементы и устройства автоматики» предназначен для бакалавров, обучающихся по специальности 050702 «Автоматизация и управление» а также может быть использован для бакалавров специальности «Электроэнергетика».