
Оқулық Мемлекеттік стандарттардың, типтік ж-е жұмыс оқу бағдарламаларының "Шахта ж-е жерасты құрылысы" маман. квалификациялық сипаттамаларының талаптарына сәйкес жазылған. Оқулықтың мақсаты - тау-кен кәсіпорындарының жерасты кешендерін жобалау үрдістерінен баянды теориялық білім ж-е тәжірибелік бағдар беру. Оқулықта жерасты кешендерін жобалаудың мәні мен өзгешеліктері, жобалау әдістері мен кезеңдері, жобалық құжаттардың құрамы ж-е кешендердің жобалық параметрлерін анықтау жолдары толық талданған. Сонымен қатар, жобалық тапсырмаларды шешу әдістері мен құрылыс жұмыстарын рационалды түрде ұйымдастыру мен жүргізу тәсілдері келтірілген. Теориялық баяндамалар нақты мысалдармен толықтырылған. Бұл оқулықтың құндылығын арттырып, тәжірибелік, курстық ж-е дипломдық жұмыстарды орындағанда да қолдануға мүмкіндік тудырады. Оқулық "Шахта ж-е жерасты құрылысы" маман. бойынша білім алушы бакалаврларға арналған, сонымен қатар магистранттар мен PhD докторанттары да пайдалана алады.

Кітапта ауыз суының сапасына қоятын талаптар, оның сапасын жақсартатын технологиялық сұлбалары, реагенттердің түрлері, оларды сақтау, дайындау ж-е мөлшерлеу әдістері, тазартқыш ғимараттардың конструкцциясы, жобалау ж-е есептеу жолы келтірілген. Елді мекендердің сарқын суының құрамы оның қасиеттері ж-е тазалау әдістерімен технологиялық сұлбалары қарастырылған. Сарқын суды тазалау ғимараттары мен тұұнбаларды өңдеу ж-е пайдалану жолдары көрсетілген. 050729 - "Құрылыс" маман. "Сумен жабд. ж-е канализация" мамандандырылуы мен 050805 - "Су ресурстары ж-е суды пайдалану" маман. арналған.

Кітапта қорғасын және мырыш металлургиясының ғылымы мен өндіру тәсілдері туралы мәліметтер келтірілген. Бұл оқулық химия ғылымы, яғни металлургия саласында оқитын студенттер мен магистранттарға арналып жазылған

Приведены сведения о месторождениях полезных ископаемых, вещественном составе, морфологии и условиям залегания тел полезных ископаемых. Дана генетическая и промышленная классификация месторождений, описаны процессы их образования и приведены примеры. Для каждого вида полезных ископаемых рассмотрены важнейшие свойства, промышленные минералы, области применения, запасы, цены геологические условия металлических, неметаллических и горючих ископаемых. Приведена краткая информация о всех видах полезных ископаемых Казахстана. Для студентов вузов специальностей «Геология и разведка месторождений полезных ископаемых» и «Горное дело».

Ұсынылып отырған "Қазақ тілі" оқулығы жоғары оқу орындарының орыс тілінде оқитын 1-ші курс студ. арналған. Оқулықтың басты мақсаты - мемлекеттік тілді жалғастырушы деңгейде оқитын студенттерге елтаныммдық бағытта, қатысымдық қырынан мамандықтарының ерекшелігін ескере отырып меңгерту. Сонымен қатар, олардың жалпы дүниетанымын, рухани әлемінің ауқымын кеңейту, мемлекеттік тіл б-ша базалық білімін одан әрі тереңдетіп жетілдіру, қалыптан тыс ойлау логикасы мен шығармашылық іс-әрекет жасау қабілетін дамыту көзделеді.

Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің жоғары оқу орындарында оқылатын "Мұнай жəне газ кəсіпшілігінің геологиясы" оқу пəні бойынша дайындалған типтік бағдарламаның мазмұнына сəйкес жазылған. Кітапта Қазақстандағы алғашқы мұнай ұңғымалары жайлы жалпылама мағұлматтар, мұнай-газ кенорындарын барлау əдістері, ұңғымалардың бұрғылануы барысында жүргізілетін геологиялық зерттеулер мен бақылаулар болмысы, құрылымдық карталар мен олардың қималарын тұрғызу əдістері, бұрғылау нəтижесінде алынған материалдарды геологиялық, геофизикалық жəне геохимиялық тұрғыдан зерттеледі. Мұнда мұнай-газ кəсіпшіліктерінде жер қойнауын жəне қоршаған ортаны қорғау, мұнай-газ өнеркəсібінің кейбір экономикалық мəселелері де сөз болған. Кітап жоғары оқу орындарында білім алып жатқан болашақ мұнайшы-геологтарға, бұрғышыларға, мұнай-газ кенорындарын игерушілерге, геофизиктерге, мұнай-газ саласының өзге де болашақ мамандарына арналған.

Оқулықта пайдалы қазбалар, олардың түрі, морфологиясы мен заттық құрамы, кенорындары туралы мəліметтер берілген. Металл, бейметалл жəне жанғыш пайдалы казбалардың əр түрі бойынша басты қасиеттері, өнеркəсіптік минералдары, колдану салалары, қоры мен бағасы келтірілген. Кенорындардың геологиясы мен генетикалық типтері сипатталған. Қазақстанның пайдалы қазбалары туралы мағлұмат беріліп, басты кенорындарының мысалы қарастырылған. Оқулық «Пайдалы қазба кенорындарының геологиясы жəне барлау» мен «Кен ісі» бағыттары мамандықтарында оқитын студенттерге арналған.

Оқулықта қатты пайдалы қазбалар, олардың түрі, морфологиясы мен заттық құрамы т-лы мәліметтер берілген. Пайдалы қазба кенорынд-ң генетикалық ж-е өнеркәсіптік жіктелімі, геологиясы мен жаралу үдерістеррі ж-е мысалдары сипатталған. Металл, бейметалл ж-е жанғыш қазбалар-ң қолдану салалары, қоры, құны мен кен-геологиялық сипаты келтірілген. Геологиялық барлау жұмыст-ң әдістемесі мен технологиясы, кеноорынд-ды игерудің әр сатысында оларды геологиялық-өнеркәсіптік бағалау баяндалған. Қазақстан пайдалы қазбалары т-лы мағлұмат беріліп, кенорынд-ң мысалы қарастырылған.Оқулық "Қолданбалы геология ж-е баарлау", "Кен ісі" мен "Экономика" бағыттарының маманд-да оқитындарға арналған.

Авторлар бұл кітапта полиграфия машиналарын техникалық күту және жөндеудің көптеген түрлерін, олардың атқарылу кезеңдерін, сондай-ақ, жұмыс ауқымын қамтиды. Сонымен қатар, жабдықтарды пайдалану, жөндеу қызметін ұйымдастыру, қажетті кадрлар дайындау, техникалық күту және жөндеу жұмыстарын материалды-техникалык камсыздандыру, қосалкы бөлшектермен қамтамасыз ету жүйелерін да қарастырады. Оқулық республикамыздың полиграфия саласында оқитын, жұмыс істейтін мамандарға арналған.

Бұл оқулықта токарь станоктарының құрылысы, өңделетін тетіктерді бекіту тәсілдері, өнделетін тетік және кескіш аспаптар жасалатын материалдар, токарлық өндеуге қатысты мөліметтер келтірілген. Негізгі токарлық өндеу жұмыстары - цилиндрлі, конусты беттерді және тесіктерді өндеу, бұранда жасау жұмыстарына қатысты қондырғыларды, кескіш аспаптарды, кесу режимдерін таңдау мен есептеулер нақты талданған. Оқулық негізінен колледж, техникалық училищелер оқушыларына және токарь мамандары даярланатын оқу орындарының ұстаздары мен шөкірттеріне арналады. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары инженер-механик мамандықтарының студенттеріне, машинежасау зауыттарының инженер-техник қызметкерлеріне, өздігінше білімін жетілдіруші оқырман қауымға ұсынылады.