
В учебнике дается систематизированное изложение вопросов, отражающих современные тенденции в развитии цифровой и аналоговой схемотехники. В первой части рассматриваются схемотехника базовых логических элементов и типовых функциональных узлов цифровых устройств ЭВК Особое внимание уделяется вопросам схемотехнической реализации структурным особенностям полупроводниковых запоминающих устройств ЭВМ, программируемых логических матриц и базовых матричных кристалла а также обсуждаются вопросы проектирования современных СБИ' программируемой логики. Во второй части рассматриваются принципы построения и работы нелинейных преобразователей аналоговых сигналов, компараторов и цифро-аналоговых и аналого-цифровых преобразователей. Предназначен для студентов, обучающихся по специальности 050704-«Вычислиительная техника и программное обеспечение» и 050703 «Информационные системы», а также может быть полезен для студентов специальностей радиоэлектронного и телекоммуникационного направлений.

Алты бөлімнен тұратын бұл оқулықта "Геомеханика" пәнінің негіздері баяндалған. Тау жыныстары массивінің механикалық қасиеттері мен кернеулі деформациялық күйі, негізгі түсініктер және анықтамалар келтірілген. Сонымен қатар, пайдалы қазындыларды қазып алудың әртүрлі әдістері (ашық, жерасты және біріктірілген) кезінде пайда болатын геомеханикалық процестердің ерекшеліктері қарастырылған. Оқулық, таау-кен мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына сәйкес, Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде "Геомеханика" пәнін жүргізудегі көпжылдық тәжірибе және Қазақстан Республикасы мен шетелдердегі жүргізген геомеханикалық зерттеулерінің нәтижелері негізінде жазылған. Кітаптың мазмұны "Геомеханика" пәнінің оқу бағдарламасы талаптарына сай. Оқулық 5В070700 - ТТау-кен ісі мамандығы бойынша жоғары оқу орындарында оқитын бакалаврларға, магистранттар мен PhD докторанттарға арналған және оқулықты ғылыми-зерттеу, жобалау институттары, өндіріс мекемелері қызметкерлері де пайдалана алады.

Оқулықта физикалық химияның негізі - термодинамиканың заңдары мен қатынастары, химиялық, фазалық және адсорбциялык тепе-теңдік ілімдері, ерітінді теориялары, гомогенді және гетерогенді процестердің химиялық кинетикасы, электролит ерітінділерінің қасиеттері, электрхимиялық тізбектер және олардың электрқозғаушы күші туралы түсініктер қамтылған. Оқулық Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің металлургия, химия және химиялық технология, материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандықтарының студенттеріне арналған, физикалық химия курсының бағдарламасы бойынша жазылды. Кітапты физикалық химияны қазақ тілінде оқитын басқа да техникалық мамандықтардың студенттері пайдалана алады.

Оқулықта өндірістік басқару нысандарының дәл математикалық моделін алуға мүмкіндік беретін техникалық тәжірибе теориясы және практикасымен байланысты негізгі мәселелер жүйелі баяндалған. Активті және пассивті тәжірибе нәтижелерін қолдану негізінде нысандарды идентификациялау әдістеріне басты назар аударылды. Қарастырылған әдістерді шешу алгоритмдері сандық нәтижелерді алуға алып келді. Материалды баяндауда электр энергетикасы облысынан біраз мысалдар қарастырылды. Оқулық ЖОО-ның 6М071800 "Электр энергетикасы" мамандығы магистранттарына арналған.

"Автоматика негіздері" оқулығы екі бөлімнен тұрады: "Сызықты автоматты басқару теориясының негіздері", "Автоматиканың құрылғылары және элементтері". Оқулық материалы автоматты басқарудың сызықты теориясы, автоматика құрылғылары және элементтері бойынша, сонымен қатар коммуникациялық жүйелер бойынша берілген. Оқулықта автоматикада жиі кездесетін шартты белгілеулер, Маtlab бағдарламалық өнімінің Siimulink кітапханасының қолданылуы мен модельдеу негізі берілген. Оқулық 5В074600 - "Ғарыштық техника және технологиялар", 5В071600 -"Аспап жасау" мамандықтары бойынша оқитын бакалаврлар үшін арналған және 5В070200 - "Автоматтандыру және басқару" мамандығының студенттері үшін де қолданылуы мүмкін.

Оқулықта адам, жануар және микроорганизмдермен өмір сүретін ортаның өзара әсерлесуінің жалпы заңдылықтары, қоршаған ортаға антропогендік әсер етуге байланысты мәселелері, табиғатты қорғау қызметі саласында элементарлық түсініктер, әдіс-айлалар мен ыңғайларды қалыптастыруды, студенттердің санасын, көзқарасын, қоршаған ортаға түсінікті және саналы қатынас деңгейін көтеру талаптары қамтылған. Оқулық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарға және осы саладағы мамандарға арналған.

Оқулықта геодезиялық-маркшейдерлік аспаптар, олардың метрологиялық қамтамасыз етілуі, техникалық сипаттамалары, негізгі конструкциялық ерекшеліктері, аспаптармен өлшеу әдістері, есептеулері және олардың нәтижелерінің дәлдігін бағалау жөнінде жалпы мәлімет берілген. Геодезиялық-маркшейдерлік аспаптардың стандарты, қазіргі заманғы спутниктік глобальды және навигациялық жүйелер, лазерлік сканерлер, электрондық теодолиттер мен тахеометрлер және сандық, лазерлік нивелирлердің оптикалық және механикалық құрылымдары толық қамтылған. Оқулық 050711 - "Геодезия және картография", 050903 - "Жерге орналастыру" және 050707 - "Маркшейдерия" мамандықтары бойынша оқу бағдарламасының негізінде дайындалған. Оқулық геодезия пәнін оқып-үйренетін тау-кен, геологиялық барлау, мұнай, құрылыс мамандықтарын даярлайтын жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған.

Ұсынылып отырған "Қазақ тілі" оқулығы техникалық жоғары оқу орындарының экология, су ресурсы, құрылыс-сәулет салаларындағы мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған. Оқулықтың басты мақсаты - мемлекеттік тілді техникалық жоғары оқу орындары студенттеріне бағдарлы оқыту арқылы техникалық терминдердің мән-мағынасын түсіндіріп, меңгерту және оларды тәжірибеде еркін қолдану дағдысын қалыптастыру, кәсіби бағдарлы мәтіндердің мазмұнын түсініп оқуға машықтандыру, теориялық мәліметтер мен грамматикалық тапсырмалар арқылы қазақ тілінде сауатты қарым-қатынас жасауға үйрету.