
Оқу құралы 9 бөлімнен тұрады. Алдымен кен ісіне жалпы түсінік және шақты алабын ашу, оны қазуға даярлауға сипаттама берілген. Жерасты кен қазу технологиясының басты өндірістік үрдістері - тарауында кенді уату, скважиналарды бұрғылау, оларды орналастыру тәсілдері, атылғыш заттың түрін анықтау, тарауық скважиналардың шама-шарттарын анықтау жайлы қамтылған. Жерасты кен қазу жүйелері - тарауында олардың қолданысына ықпал ететін факторлар, жерасты қазу жүйелерін сұрыптау тәртібі, жерасты кен қазу жүйесін Ө. А. Байқоңыровтың әдістемесін таңдау туралы айтылған. Жерасты кен қазудың арнаулы технологиясы - тарауында құранды кен қазу тәсілі, өртке қауіпті кенді қазу тәсілі, этногендік өртті оқшаулау және сөндіру, кенді скважиналық өндіру жайлы, ал қатты кенді қайталама қазу технологиясы - тарауында қайталама кен қазудың кен-техникалық жағдайы, қайталама қазу технологиясы, Ащысай кенішін қайталама қазу ерекшелігі, кеңүңгіраралық кентіректер қорын кеңүңгірге толтырма салып қазу технологиялары жайлы мәліметтер берілген. Оқу құралының мақсаты - Кен ісі саласының болашақ мамандарын жерасты кен қазу тәсілі бойынша кәсіби техникалық бағыттылығын заманауи талаптарына сай қалыптастыру. Оқу құралы - Қатты кен байлықты жерасты тәсілімен өндірісте кеніштердің технологиясымен шұғылданатын болашақ кен инженерлері мамандарына арналған.

В пособии приведены основные сведения по математическому и компьютерному моделированию при эксплуатации нефтегазовых месторождений, в таких направлениях как разработка и эксплуатация нефтяных месторождений. Изложены основные сведения о классификации моделирования, геологическом и гидродинамическом моделировании нефтяных и газовых месторождений, об основных программных продуктах, используемых при создании компьютерных моделей. Рассмотрены модели технологических процессов и моделирующих программ в нефтегазовой отрасли. Даны рекомендации по конструированию математических и компьютерных моделей, их анализ и примеры программных систем. В настоящем пособии уделено внимание описанию состояния использования суперкомпьютерных технологий в нефтегазовой отрасли, анализу текущих и перспективных потребностей нефтегазовой отрасли в использовании высокопроизводительных вычислений. Одним из эффективных подходов к обучению и повышению является применение компьютерных тренажеров реального времени. В учебном пособии большое внимание уделено реализации системного подхода при выборе рациональной технологии добычи нефти, что является актуальным в рамках инновационной образовательной программы. В учебном пособии раскрываются основные положения компьютерного инженерного анализа моделирования в примерах, решенных с помощью разных программ, которые имеют расширенные вычислительные возможности для магистрантов и докторантов, а также студентам соответствующих направлений подготовки специальностей.

Оқу құралы Логистика және іскери әкімшілік мамандықтары бойынша тілдік емес жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарына ағылшын тіліндегі Логистика және іскери әкімшілік мәтіндермен жұмыс істеуге арналған. Сондай-ақ, оқу құралын Логистика және іскери қызметке байланысты мамандар даярлайтын басқа да жоғары оқу орындарында ағылшын тілінен сабақ беру кезінде пайдалануға болады. Бұл оқу құралы ағылшын тіліндегі экономикалық мәтіндерді түсіну және аудару дағдыларын қалыптастыруда, ағылшын тілінде өзіндік жұмыс істеу кезінде бірден-бір көмекші құрал ретінде де ұсынылады.

Оқулықта жұптық және жиынтық регрессиялар (ең кіші квадраттар әдісі, сызықтық байланысты бағалау, корреляция және детерминация коэффициенттері, коэффициенттердің статистикалық мәнділігін талдау, сенімділік интервалдары және сызықтық регрессиялық талдауда гипотезаларды тексеру), уақыттық қатарлар сияқты негізгі бөлімдер қарастырылған. Сондай-ақ логистикалық есептерді болжау және бір өлшемді уақыттық қатарларды талдаудың статистикалық әдістері қарастырылған. Кітап экономикалық мамандықтардың студенттеріне, сондай-ақ логистикалық жүйелердегі болжау әдістерін зерттейтін магистрантарға, оқытушыларға арналған.

Практикум 5В070700 "Тау-кен ісі" мамандығының оқу бағдарламасындағы "Маркшейдерлік ісінің жалпы курсы" пәнінің мазмұнына сәйкес дайындалған. Оқу кұралы пәннің зертханалық сабақтарына арналған. Онда өндірісте тау-кен жұмыстарын маркшейдерлік қамтамасыз етуге арналған горизонталь, вертикаль, байланыстыру түсірістері және оларды орындау тәсілдері, әдістері, қажетті аспаптары мен құрал-саймандарын жеткілікті меңгеруге мүмкіндік беретін маркшейдерлік жұмыстар келтірілген. Зертханалық жұмыстар, оларды орындауға қажет теориялық, әдістемелік құжаттармен толықтырылған.

Учебное пособие соответствует государственному образовательному стандарту высшего профессионального образования дипломированных специалистов по направлению «Производство строительных материалов, изделий и конструкций. Изложены теоретические основы математического моделирования в технологии бетона, методика планирования эксперимента при исследовании свойств различных видов бетонов и решении основных технологических задач бетоноведения. Приведен обзор современных инструментов математического моделирования. Рассмотрены практические примеры использования методов для моделирования, оптимизации и анализа результатов испытаний с оценкой адекватности моделей. Предназначено для студентов и магистрантов строительных специальностей всех форм обучения, а также для инженерно-технических работников предприятий стройиндустрии.

Бұл оқу құралында мұнайлы, газды және газдыконденсатты кенорындардың игеруге тиімді дайындаудың геологиялық негіздерімен байланысты сұрақтар жүйелі түрде қарастырылған. Мұнайдың және табиғи көмірсутеккті газдың перспективті және болжамды ресурстарының, кенорын қорларының жіктемесі келтірілген. Мұнай және газ шоғырларын игерудің негізгі ережелері мен тапсырмалары негізделген. Мұнайлы және газды шоғғырларды игерудің жүйесі қарастырылған. Мұнай және газ кенорындарындағы мұнайбергіштікті ұлғайту үшін қабатқа әсер етудің жаңа әдістері мен ұңғыма өнімділігін ұлғайту әдістерінің геологиялық-өндірістіік жағдайына көп орын берілген. Оқу құралы геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау және мұнай-газ ісі мамандығы бойынша білім алатын студенттер, магистранттар және докторанттарға арналған.

Оқу құралында жер қойауының мұнайгаздылығын болжаудың теориялық негізі, мұнай және газды іздеу-барлау жұмыстарын қалыптастыру және аудандастыруды қадағалайтын басты заңдылықтар мен геологиялық факторлларды зерттейтін сұрақтар жүйелендірілген. Қазақстанның шөгінді бассейн негізінде мұнай-геологиялық аудандастыру принциптері нақты қарастырылған. Мұнайгазтүзуші мен мұнайгазжинақталу екі аспект көзқаррасымен түсіндірілген: мұнай пайда болудың биогенді және абиогенді теориясы. Оқу құралында литосферада мұнайгазжиналуы таралуының кеңістіктік және тереңдік аймақтары қарастырылған, мұнай және газ жинақталуының аймақтық және жергілікті жіктемесі келтірілген. Мұнайгаз түзуші және субдукциялық, рифтогенді және депрессиялы геодинамикалық режимдер жататын мұнай және газ жинақталуының әлемдік орналастыру үрдістері негізінде, литосфералық плиталардың тектоникасы жайлы заманауи оқуға сүйене отырып, мұнай-газ түзілуінің геодинамикалық моделі қарастырылған. Мұнай-газ геологиялық аудандастыру кезінде іірі геоқұрылымдық элементтерін бөліп көрсету принциптері, аудандық мұнайгаздылы аумағын қалыптастыру және кеңістіктік орналастырудың геологияық байланысы (құрылымдық, формациялық, палеотектоникалық т..б.), литосфералық қимада аймақтық мұнайгаздылығы кешенінің таралуы, мұнайгаз жиналу аймағы пайда болуының негізгі заңдылықтары, жер қойнауының мұнайгаздылығын болжаудың басты критерийлері негізделген. Мұнайгаздылықты болжаудың теориялық негіздеуде мұнай және газда геологиялық барлау жұмыстарының сатылары мен кезеңдері, аймақтық, іздеу және барлау жұмыстарының мақсаттары мен тапсырмалары, мұнай және газда іздеу-барлау жұмыстарының тиімді бағыттарын таңдау негізделген. Іздеу және барлау ұңғымаларының орналасу принциптері және жүйелері қарастырылған. Жер қойнауын іздеу және барлау кезінде қолданылатын зерттеу әдістерінің кешені толық сипатталған. Барлау сатысы бөліп көрсетілген көп қабатты кенорындарды барлау жүйесі келтірілген. Ұңғыма жіктемесі қарастырылған. Зерттеудің қашықтық әдісі, аймақтың геофизикалық әдісі, сондай-ақ, ұңғыманы геофизикалық зерттеу, мұнай және газды іздеудің гидрогеологиялық, геотермиялық, құрылымдық-геоморфологиялық тікелей әдістері сипатталған.