
Оқу құралында мұнай-газ кәсіпшілігіндегі маркшейдерлік қызметтің атқаратын міндеттері, мұнай және газ кенорындарының геологиясы туралы қысқаша мәліметтер мен кенорнын жайғастыру дарысы келтірілген. Мұнай және газ кенорындарында геодинамикалық полигонды құруға қойылатын талаптар, жер бетінің жылжуын талдау және геодезиялық өлшеулерді жүргізу жұмыстары жан-жақты баяндалған. Сонымен қатар кенорнын игеру барысындағы жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау және маркшейдерлік жұмыстарды орындаудағы қауіпсіздік шаралары қарастырылған. Оқу құралы жоғары оқу орындары студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына, оқытушыларына және мұнай-газ кәсіпшілігі мамандарына арналған.

Оқу құралында жүйелі түрде нанотехнология саласының физикалық негіздерін қамтылған. Өлшемдік құбылыстардың металл және жартылай өткізгіш заттарда байқалатын негізгі себептері сипатталған. Электрондардың спектрлерінің өлшемдік квантталуы, бөлшектердің беттік ауданындағы атомдардың үлесі және металдық бөлшектерге тиісті наноплазмондық эффектілер қарастырылған. Сонымен қатар наноқұрылымдарды зерттеу әдістері, алу технологиясы, олардың практикалық салаларда пайданалану мысалдары келтірілген. Оқу құралының құнды ерекшелігі, ол авторлардың өздерінің жеке ғылыми жұмыстарының нәтижелерінің, тұжырымдары мен ұсыныстарының келтірілуінде. Студенттер мен магистранттар, PhD докторанттар үшін қажетті.

Учебное пособие предназначено для изучения дисциплины «Сети связи и системы коммутации» для специальности 5В071900 - Радиотехника, электроника и телекоммуникации. В учебном пособии излагаются теоретические основы построения телекоммуникационных сетей, этапы и тенденции их развития. Рассмотрены основы автоматической коммутации, принципы построения аналоговых и современных цифровых систем коммутации. Представлен материал по системам сигнализации, способам организации аналогового и цифрового абонентского доступа. основам теории телетрафика и документальной электросвязи.

Оқу құралында SQL құрылымдық сұраныстар тілінің негіздері келтірілген. Дерекқорды басқару жүйесіне (ДҚБЖ) түсінік, клиент-сервер технологиясына кіріспе, реляциялық дерекқорлар негіздері, дерекқор кестелері арасындағы реляциялық байланыстар, SQL командаларының типтері, SQL тілінің артықшылықтары толық қарастырылған. SQL тілінде дерекқорларды құру және қауіпсіздендіру үшін деректердің құрылымдарынан бастап, басқарушы құрылымдар, объектілері көрсетілген. Дерекқорды құру және кестелерді жобалау командалары және жолдары келтірілген. SQL тілінде сұраныстарды және күрделі сұраныстарды жүзеге асыру және оларды жүзеге асыру кезінде қолданатын жалғаулар және қатынастармен теориялық-көптік операциялар қарастырылған. SQL тілінде тұтастықты шектеулерді қолдану, көрсетілімдерді, сақталатын процедураларды, меңзерлерді, триггерлерді, пайдаланушылардың функцияларын құру әдістері көрсетілген, транзакциялар мен бұғаттауларды жүзеге асыру қолдану мәселелері келтірілген. Сонымен қатар оқу құралында деректерді қорғаудың негізгі әдістері қарастырылған. Оқу құралын "Ақпараттық қауіпсіздік" кафедрасының оқытушылары құрастырған. Оқу құралы "Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері", "Есептеу техника және бағдарламалық қамтама", "Ақпараттық жүйелер" мамандықтарының бакалаврларына және магистрлеріне арналған.

"Арнайы материалдарды алу негіздері" оқу құралында ұнтақты металлургия технологиясымен алынатын арнайы материалдарды алу негіздері, соның ішінде ұнтақты металдарды алудың механикалық және физика-химиялық әдістері, метал ұнтақтарының химиялық, физикалық және технологиялық қасиеттері, ұнтақтарды престеу (қалыптау) және жентектеу процестері, ұнтақты металдар негізінде кеуекті, фрикциялық, антифрикциялық, электротехникалық, конструкциялық, жоғары температуралық, қатты, аса қатты және композициялық материалдарды алу негіздері қарастырылған. Оқу құралы "Металлургия" мамандығының студенттеріне, метталлургия саласына мамандандырылатын инженерлерге арналған.

Оқу құралы биоалуантүрлілікке, ғылым ретінде және оның зерттеу нысаны - биотехнологиялық ресурстарға толық түсінік береді. "Биоалуантүрлілік: биотехнологиялық ресурстар" оқу құралы студенттердің биологиялық алуантүрлілік туралы теориялық білімін қалыптастыруға, биотехнологиялық нысан ретінде практикада қолдануды үйретеді. Бұл оқу құралын пайдалану студенттердің биологиялық алуантүрлілік туралы білімін жетілдіріп, оларды биотехнологиялық нысан ретінде қолданудың қазіргі заманғы бағыттары туралы мәлімет береді. Биология, экология және биотехнология мамандықтарында оқитын бакалаврлар, магистраннтар және РҺD докторанттарға арналған.

Оқу құралы үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде дене шынықтыру түсініктемесінің анықтамасы, дене шынықтырудың коғамдық қызметі, дене шынықтыру қоғамдық дамудың қажеттілігі есебінде, құндылық есебінде, қазіргі жағдайлардағы дене шынықтыру және ғылыми-техникалық прогресс саласындағы ақпараттар, дене шынықтыру саласындағы құқықтық қатынастар қарастырылған. Екінші бөлімде денені қалыпқа келтіру әдістері қарастырылып, түрлі елдердегі дене шынықтыру сипатталған. Үшінші бөлімде дене шынықтырудың дамуы және жұмыс жасау заңдылықтары айтылады. Оқу құралының мақсаты - дене шынықтырудың түсіндірме жайттары мен құрылымдық мазмұнын нақтылап, жалпы мәдениеттің бір бөлігі есебінде дене шынықтырудың атқаратын қызметін ашу. Оқу құралы дене тәрбиесі саласының мамандарына (жаттықтырушы-оқытушыларға) және қалың көпшілікке арналған.

В книге рассмотрена важная научно-техническая проблема прогнозирования и предупреждения деформаций горных пород для обеспечения безопасности и эффективности работ на карьерах; проанализировано влияние природных и горнотехнических факторов на устойчивость откосов. Описаны методы изучения состава, строения, свойств и напряженно-деформированного состояния породного массива применительно к задачам исследования и проектирования современных карьеров. Даны рекомендации по борьбе с деформациями уступов и бортов карьеров. Приведены результаты мониторинга геомеханических процессов на карьерах. Изучено влияние прочностных свойств и структурных особенностей массива на устойчивость откосов рудных месторождений Казахстана. Учебное пособие создано на основе многолетнего опыта преподавания сдвижения горных пород в КазНИТУ имени К. И. Сатпаева и практики проведения геомеханических исследований в различных горнопромышленных регионах Республики Казахстан. Содержание учебника соответствует требованиям программы дисциплины «Деформации горных пород на карьерах». Предназначено для магистрантов вузов и инженерно-технических работников горнодобывающей промышленности.